Техникалық Қызмет Көрсету - Briggs & Stratton 080000 Manual Del Operario

Ocultar thumbs Ver también para 080000:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 65
4.
Жабдықталған болса, дроссельді басқару құралын (B, суреті 8) FAST
(ЖЫЛДАМ) күйіне жылжытыңыз. Қозғалтқышты FAST (ЖЫЛДАМ) күйінде
жұмыс істетіңіз.
5.
Дроссельді басқару құралын (F, суреті 11) CLOSED (ЖАБЫҚ) күйіне
жылжытыңыз.
Ескертпе: Әдетте жылы қозғалтқышты қайта оталдырған кезде дроссель қажет
емес.
6.
Жабдықталған болса, тоқтату ауыстырып-қосқышын (D, суреті 11) ON
(ҚОСУЛЫ) күйіне басыңыз.
7.
Өнім қозғалтқышты тоқтату иінтірегімен (C, суреті 10) жабдықталған болса,
қозғалтқышты тоқтату иінтірегін тұтқаға тіреп ұстаңыз.
8.
Айналдырып оталдыру, бар болса: Оталдыру сымының тұтқасын мықтап
ұстаңыз (G, суреті 8) Оталдыру сымын кедергі сезілгенше ақырын тартып,
одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз. Бұның салдарынан
сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін, қол-аяғыңызды ауыртып алуыңыз я
сіңірлеріңіз созылуы мүмкін. Қозғалтқышты оталдырған кезде кері соққының
алдын алу үшін іске қосқыш сым арқанды кедергі сезілгенше баяу тартыңыз да,
одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
9.
Айналдырып оталдыру, бар болса: Электрмен оталдыру қосқышын ON/
START (Қосу/оталдыру) күйіне бұраңыз.
ХАБАРЛАМА
Стартердің қызмет мерзімін созу үшін қысқа оталдыру
айналымдарын қолданыңыз (ең көбі бес секунд). Оталдыру айналымдары
арасында бір минут күтіңіз.
10.
Қозғалтқыш жылыған кезде, дроссельді басқару құралын (F, суреті 11) OPEN/
RUN (АШЫҚ/ІСКЕ ҚОСУ) күйіне жылжытыңыз.
Ескертпе: Қозғалтқыш бірнеше қайта әрекеттен кейін оталмаса, жергілікті
дилерге хабарласыңыз немесе BRIGGSandSTRATTON.com қоңырау соғыңыз
1-800-233-3723 (АҚШ-та).
Қосымша жанармай беру жүйесі
1.
Қозғалтқыш майын тексеріңіз. Май деңгейін тексеру бөлімін қараңыз.
2.
Бар болса, жабдықты басқару жетегі ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
3.
Жабдықталған болса, тоқтату ауыстырып-қосқышын (A, суреті 12) ON
(ҚОСУЛЫ) күйіне басыңыз.
4.
Жабдықталған болса, дроссельді басқару құралын (B, суреті 12) FAST
(ЖЫЛДАМ) күйіне жылжытыңыз. Қозғалтқышты FAST (ЖЫЛДАМ) күйінде
жұмыс істетіңіз.
5.
Қызыл қосымша жанармай беру құралын (F, суреті 12) үш (3) рет басыңыз.
Ескертпе: Әдетте жылы қозғалтқышты қайта оталдырған кезде қосымша
жанармай беру қажет емес.
Ескертпе: Қосымша жанармай беру құралын тым көп бассаңыз, артық жанармай
қозғалтқышқа толып, оны оталдыру қиынға түсуі мүмкін.
6.
Қозғалтқышты өшіру иінтірегін ұстаңыз (C, суреті 10) тұтқаға қарай басыңыз.
7.
Оталдыру сымының тұтқасын мықтап ұстаңыз (D, суреті 12) Оталдыру сымын
кедергі сезілгенше ақырын тартып, одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ
Оталдыру сымы жылдам кері тартылған (кері тарту) кезде қолыңыз
қозғалтқышқа қарай тартылып, сымды жіберуге үлгермейсіз. Бұның салдарынан
сүйектеріңіз сынуы не шатынауы мүмкін, қол-аяғыңызды ауыртып алуыңыз я
сіңірлеріңіз созылуы мүмкін. Қозғалтқышты оталдырған кезде кері соққының
алдын алу үшін іске қосқыш сым арқанды кедергі сезілгенше баяу тартыңыз да,
одан кейін шапшаң тартып қалыңыз.
Ескертпе: Бірнеше әрекеттен кейін қозғалтқыш оталмаса, 5, 6 және 7-қадамдарды
қайталаңыз. Сонда да оталмаса, жергілікті дилерге хабарласыңыз немесе
BRIGGSandSTRATTON.com немесе қоңырау соғыңыз 1-800-233-3723 (АҚШ-та).
Қозғалтқышты өшіру
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт шығып немесе жарылыс болып, қатты күйіп қалу не өліп кету мүмкін.
• Қозғалтқышты тоқтату үшін карбюратордың дросселін жабуға болмайды.
1.
Қозғалтқышты өшіру иінтірегі, бар болса: Қозғалтқышты өшіру иінтірегін
жіберіңіз (E, суреті 10).
Тоқтату ауыстырып қосқышы (бар болса): Тоқтату ауыстырып-қосқышын
(D, суреті 9, 11, A суреті 12) OFF (ӨШІРУЛІ) күйіне жылжытыңыз.
Дроссель жапқышын басқару құралы, бар болса: Дроссельді басқару
құралын (B, суреті 8, 12) STOP (ТОҚТАТУ) күйіне жылжытыңыз.
Электр оталдыру кілті, бар болса: Электр оталдыру кілтін OFF/STOP
(ӨШІРУЛІ/ТОҚТАТУ) күйіне бұрыңыз. Кілтті алып, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
2.
Қозғалтқыш тоқтағаннан кейін, жабдықталған болса жанармай беруді жабу (A,
суреті 8) құралын CLOSED (ЖАБЫҚ) күйіне жылжытыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
ХАБАРЛАМА
Қозғалтқыш қызмет көрсету барысында қисайтылса, жанармай
багі (қозғалтқышқа орнатылған болса) бос болуы және оталдыру білтелері
тұратын жақ жоғары қарап тұруы керек. Жанармай багі бос болмаса және
қозғалтқыш кез келген басқа жаққа еңкейтілсе, ауа сүзгісіне және/немесе
оталдыру білтесіне май я бензин тигендіктен қозғалтқышты оталдыру қиынға
түсуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Техникалық қызмет көрсету үшін құрылғыны еңкейту керек болған кезде
жанармай багі (қозғалтқышқа орнатылған болса) бос болуы керек, әйтпесе,
жанармай ағып, өрт шығуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
Қозғалтқыш пен қозғалтқыш бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
Briggs & Stratton компаниясының Өкілетті қызмет көрсетушісіне тапсырған жөн.
ХАБАРЛАМА
Қозғалтқыш дұрыс жұмыс істеуі үшін оның барлық құрамдас
бөліктері орнында болуы қажет.
ЕСКЕРТУ
Кездейсоқ ұшқын шығарудан өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.
Кездейсоқ оталдыру салдарынан қол-аяғыңыз ілініп қалуы, жарақаттан
болған ампутация немесе тіннің қатты үзілуі орын алуы мүмкін.
Өрт қаупі
Бейімдеу немесе жөндеу жұмыстарын атқармас бұрын:
• Оталдыру білтесінің сымын ажыратып, оны оталдыру білтесінен аулақ
ұстаңыз.
• Аккумулятордың теріс ағытпасын ағытыңыз (тек электрлі оталдыруы бар
қозғалтқыштар).
• Тек тиісті құралдарды қолданыңыз.
• Қозғалтқыш жылдамдығын арттыру үшін реттегіш серіппені, жалғауларды
немесе басқа бөлшектерді өзгертуге болмайды.
• Бөлшектерді бірдей бөлшектермен алмастыру және түпнұсқа бөлшектер
тұрған орындарға орнату қажет. Басқа бөлшектер түпнұсқа бөлшектермен
бірдей өнімділікке жетпеуі мүмкін және құрылғыны зақымдап, жарақат алуға
себеп болуы мүмкін.
• Тегершікті доңғалақты балғамен немесе қатты затпен ұруға болмайды, себебі
ол кейін жұмыс істеп тұрған шағылып қалуы мүмкін.
Ұшқын шығаруды тексерген кезде
• Мақұлданған оталдыру білтесін тексеру құралын қолданыңыз.
• Оталдыру білтесі шешіп алынған күйде ұшқын шығаруды тексеруге
болмайды.
Шығатын газ мөлшерін басқару
жүйелеріне қызмет көрсету
Шығатын газ мөлшерін басқару құрылғылары мен жүйелеріне техникалық
қызмет көрсету, ауыстыру немесе жөндеу жұмыстарын жолсыз жермен
жүретін қозғалтқыштарды жөндейтін кез келген орталық немесе адам атқара
алады. Дегенмен шығатын газ мөлшерін басқару жүйелеріне «тегін» қызмет
129

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

090000093j00100000

Tabla de contenido