Descargar Imprimir esta página

Stihl GHE 105.0 Manual De Instrucciones página 496

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 103
8.6 Шамадан артық тиеуден қорғау
Егер жұмыс барысында электр
қозғалтқыш шамадан артық күш түскен
болса, автоматты түрде шамадан артық
тиеуден қорғау үшін орнатылған аспабы
іске қосылады жəне оны сөндіріп
тастайды.
Салқындатқаннан кейін
(шамамен 10 минуттан кейін) бақ
ұсақтағышы қайта жұмысқа дайын
болады. Шамадан артық тиеуден
қорғаудың жиі іске қосылуы, келесі
себептерден болуы мүмкін:
– қосатын сымы сəйкес келмейді,
(
10.1)
– желі шамадан тыс жүктелген,
– материалдың көлемі тым көп немесе
пышақтары мұқалған
8.7 Егер кескіш бөлік бақ
ұсақтағыштарын бұғаттаса
Егер кескіш бөлік, ұсақтаған кезде бақ
ұсақтағыштарын бұғаттаса, электр
қозғалтқышты дерек сөндіріп, желілік
кабельді суырып алыңыз. Содан соң
суарма шұңғымасын алып, кедергіні
кетіріңіз.
494
8.8 Бақша ұсақтағышын
толтыру
Жұмсақ материал:
● Өсімдіктердің органикалық
қалдықтарын, жемістердің,
көкөністердің қалдықтарын, тамырлы
өсімдіктердің сабағын,
жапырақтарды, жіңішке сабақтарды
жəне т.б. үлкен тікбұрышты тесік (1)
арқылы өткізген жөн.
Қатты материал:
Жіңішке əрі қатты тармақтанған
бұтақшаларды алдын ала бақша
қайшысымен кесіп алу қажет.
● Кесілген ағаштарды, бұталар мен
бұтақтарды пышақ механизміне
дейін шұңғыманың оң жақ
қабырғасының бойымен STIHL үш
жапырақ түріндегі тесігі (2) арқылы
баяулап бағыттаңыз. Бұл кезде қатты
материал өздігінен құрылғыдан
тартылады.
9. Сақтандырғыш
құрылғылар
9.1 Электр моторының қайтадан іске
қосылуының бірлігі
Құрылғы өткізгішті штепсель
ажыратуына салу арқылы емес, ал
сөндіргіштің көмегімен ғана іске қосыла
алады.
9.2 Сақтандырғыш бұғаттау аспабы
10
Электр қозғалтқыш пен пышақтарды
қосу тек суарма шұңғыманы дұрыс
қосқан кезде ғана мүмкін болады. Аспап
жұмыс істеп тұрған кезде оң жақ
бекіткіш бұранданы бұрап алған кезде
(егер құрылғыға алдыңғы жағынан
қарасаңыз) электр қозғалтқыш
автоматты түрде ажыратылады,
пышақтар бірнеше секундтан кейін
тоқтайды.
9.3 Электр қозғалтқыштың тежегіші
Электр қозғалтқышының тежегіші
пышақтар толық тоқтағанға дейінгі сөну
уақытын бірнеше секундқа дейін
қысқартады.
9.4 Қорғайтын жабын
Материалды салу жəне тастау
аймағында аспап, қорғаушы
жабдықтармен жабдықталған. Оларға
мыналар жатады: жоғарғы бөлігі мен
шашыратқыш панельдері бар суарма
шұңғыма, қоқыстарды түсіріп тастауға
арналған ұзартылған шығыңқы жер
жəне тастауға арналған жапқыш.
Қорғаушы құрылғылар жұмыс
барысында ұсақтағыштың
пышақтарына дейінгі қауіпсіз
қашықтықты қамтамасыз етеді.
0478 201 9915 C - KK

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

6007