Descargar Imprimir esta página

Stihl RMA 253.0 Manual De Instrucciones página 326

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
қазақ
адамдар ауыр жарақат алуы не мерт
болуы, сондай-ақ мүлікке зиян келтірілуі
мүмкін.
► Көгалшапқышты осы пайдалану
жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
пайдаланыңыз.
► Аккумуляторды осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта, STIHL connected
қолданбасында және
www.connect.stihl.com сайттарында
сипатталған тәртіппен пайдаланыңыз.
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай алмауы
және бағалай алмауы мүмкін.
Пайдаланушы немесе басқа адамдар ауыр
немесе қазалы жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқыш немесе аккумулятор басқа
адамға табыс етілген жағдайда:
пайдалану жөніндегі нұсқаулықты бірге
беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқыш пен
аккумуляторды басқаруға және
жұмыс істеуге жеткілікті. Егер
пайдаланушының дене, сезім немесе
ақыл-ой қабілеті шектеулі болса, ол
құрылғымен тек бақылау астында
немесе жауапты тұлғаның
нұсқаулары бойынша ғана жұмыс
істей алады.
– Пайдаланушы көгалшапқыш пен
аккумулятор тәуекелдерін анықтай
алады және бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
– Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
326
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
– Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4
Киім және жабдық
Сақтандыру
■ Жұмыс барысында әртүрлі заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіңіз.
■ Жұмыс барысында шаң көтерілуі мүмкін.
Жұтылған шаң денсаулыққа зиян келтіруі
және аллергиялық реакциялар тудыруы
мүмкін.
► Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын маска киіңіз.
■ Жұмысқа сай емес киім ағашқа, бұталарға
және көгалшапқышқа ілініп қалуы мүмкін.
Киімі жұмысқа сай емес пайдаланушылар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Денеге жанасатын киім киіңіз.
► Шәлі мен әшекейлерді шешіп қойыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау кезінде пайдаланушыға
құрылғының пышағы тиіп кетуі мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
■ Жұмысқа жарамсыз аяқ киім киген болса,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Табаны сырғанамайтын, берік, жабық аяқ
киім киіңіз.
■ Пышақты қайраған кезде материал
бөлшектері ұшып шығуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Жақсы жанасатын қорғаныш көзілдірік
тағыңыз. Жұмысқа сай келетін қорғаныш
көзілдірігі EN 166 стандартына немесе
ұлттық нормаларға сәйкес тексерілген
және тиісті таңбаламасымен еркін
саудада қолжетімді.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
0478-131-9862-B

Publicidad

loading