Viking ME 545 Manual De Instrucciones página 457

Ocultar thumbs Ver también para ME 545:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 111
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
пышақты тексеруге
тырыспаңыз. Қалдықтарды
лақтыруға арналған саңылаудың
жапқышын ешқашан ашпаңыз
жəне/немесе жұмыс істеп тұрған
көгалшапқыштың шөп жинағышын
алмаңыз. Айналмалы пышақ
жарақаттың себепкері болуы мүмкін.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген - жұмыс
уақытында жүгіруге болмайды.
Құрылғымен бірге жылдам қозғалған
кезде: сүрініп қалу, тайғанап кету жəне
т.б. нəтижесінде жарақат алу қаупі
төнеді.
Шапқыштың бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Абай болыңыз: сүрініп қалуыңыз
мүмкін!
Электр қозғалтқыш жұмыс істеп
тұрғанда немесе желілік сым қосулы
болғанда құрылғыны ешқашан
көтермеңіз немесе тасымалдамаңыз.
Қыртыстағы жасырын нысандарды
(көгалда бүрку жабдығы, діңгектер, су
клапандары, іргетастар, электрлік
сымдар жəне т.б.) өткізіп жіберу керек.
Мұндай бөгде заттардың үстінен
ешқашан жүргізбеңіз.
Еңістер, алқап жиектері, арықтар мен
бөгеттердің жанында жұмыс істеген
кезде құрылғыны абайлап
пайдаланыңыз. Əсіресе мұндай қауіпті
жерлерден жеткілікті қашықтықта
болуын қадағалаңыз.
Егер кескіш құрал немесе құрылғы
кедергіге немесе бөгде денелерге кез
болса, электр қозғалтқышты сөндіру
қажет, желіден ажыратып, мұқият
тексеру керек.
0478 121 9909 H - KK
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Электр қозғалтқышты ажыратыңыз,
– егер тасымалдау барысында
құрылғы шөп өспеген жерге тиетін
болса,
– егер сіз мезгіл-мезгіл құрылғыны
жұмыс аймағынан алып кетіп
тұрсаңыз,
– шөп жинағышты алып тастар
алдында.
– кесік биіктігін орнатар алдында.
Электр қозғалтқышты
сөндіріп, желілік штекерді
суырып алыңыз, кескіш құрал
толықтай тоқтағанына көз жеткізіңіз,
– түсіріп тастауға арналған арнадағы
блоктауды босату немесе бітелген
жерлерін тазалау алдында,
– егер кескіш құрал бөгде денеге кез
болса. кескіш құралда мүмкін
зақымдар бар-жоғын бірден тексеру
керек. Құрылғыны зақым тиген
немесе кесетін дестесі не электр
қозғалтқыш білігі қисайғанда
пайдалануға болмайды. Ақаулы
бөлшектердің зақым тигізу қаупі
туындайды!
– тексеруге, тазалауға немесе
құрылғымен басқа жұмыстарға
кірісер алдында (мысалы, , шабу
биіктігін белгілегенде, меңгерікті
жинағанда);
– құрылғындан алшақ кетіп, оны
назарсыз қалдырмас бұрын;
– құрылғыны көтеріп, тасымалдамас
бұрын;
– тасымалдау алдында.
– егер бөтен зат түсіп кетсе немесе
құрылғы өте қатты дірілдесе. Бұл
жағдайда құрылғыда, əсіресе кескіш
бөлікте (пышақ, кесетін десте,
пышақтың бекітуі) зақымданған
жерлерінің бар не жоқ екенін
тексеріңіз жəне құралды іске қосып,
оның жұмысын жалғастырмас бұрын
қажетті жөндеу жасаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қатты дірілдесе, ақаудың бар
болғанын көрсетеді.
Кесетін дестесі зақымдалған
немесе деформацияланған
немесе шапқыш пышағы
зақымдалған немесе
деформацияланған құрылғыны
пайдалануға қатаң тыйым
салынады.
Жөндеу үшін мамандардың
қызметтерін пайдаланыңыз, егер
өз мүмкіндіктеріңізге сенбесеңіз,
VIKING компаниясы VIKING
дилерлеріне хабарласуды
ұсынады.
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайда
сəйкес əрекеттерді орындау қажет
(мысалы, құрылғыны басқа электр
желісіне немесе кедергісі ең төмен
желіге қосуға болады).
455

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Me 545 cMe 545 v

Tabla de contenido