MSA WORKMAN 10126098 Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 48

Dispositivos anticaídas retráctiles de dos ramas
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
P/N 10125633
ҚАЗАҚША
Өнімнің жұмыс қалпында екендiгiне кӨз жеткiзу үшiн, корпустан арқанды жылдам тартыңыз. Өнім құлыптанып, кергіш
босатылмағанша құлыптанған күйде қалуы тиіс.
Егер өнім жүктеме индикаторымен сәйкестендірілсе, оның іске қосылуын тексеріңіз. Егер сіз жүктеме индикаторының іске
қосылғанын немесе онда механикалық зақымдану не құлау белгілерін байқасаңыз, өнім өндірушіге немесе өндіруші тағайындаған
ұйымға қайтарылуы тиіс.
Қажетті түрде сақтамау, дұрыс пайдаланбау, іске қосылған құлаудан қорғау жүйесі, механикалық өзгерістер, химиялық
заттармен (қышқылдар мен сілтілер) байланысу, жоғары температуралардың әсер етуі сияқты факторлар бұйымның техникалық
сипаттамаларын төмендетіп, оның пайдалану мерзімін азайтуы мүмкін.
Тексеру кезінде қауіпті жағдай анықталса, білікті адам жұмыс істеуді жазбаша түрде мақұлдамағанша өнімді пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ
EN 361 Кедендік одақтың техникалық шарттары TP TC 019/2011 стандартына сәйкес толық мөлшерлі сақтандыру бауы құлаудан
қорғау жүйелерінде пайдалануға болатын бірден бір жарамды орнықтырғыш айлақұрал болып табылады.
Толық жүйені жеткізген кезде кез келген толық жүйенің компоненттері ауыстырылмағанына көз жеткізіңіз.
Өнім «А» таңбасы бар ТЕК артқы D-пішіндегі сақинаға бекітілуі ТИІС. Сонымен қатар бұл жер құтқарғыш көтеру жүйесін бекітуге
де қолданылуы мүмкін.
Құлаудан қорғану үшін белге оралатын, иық немесе алдыңғы бекіту түйінінің D-пішіндегі сақинасын ешқашан пайдаланбаңыз.
Құрылғының қауіпсіз пайдалануында күмән туса, оның пайдалануын дереу тоқтату қажет. Тіркеуді пайдаланушы қабылдауы тиіс.
Тартылатын арқанның материалын білу үшін белгілерді қараңыз. Құтқарудан кейін құрылғыны білікті маман тексеруі тиіс.
Өнімді қосу кезінде, құлау кезінде айналып түсу қаупін азайту үшін тікелей жұмысшының ҮСТІНДЕ орналасқан бекіту нүктесін
таңдап алыңыз. Күші сенімсіздік тудыратын бекіту нүктелеріне жақындамаңыз. Арнайы осы мақсаттарға арналған (EN 795 Кедендік
одақтың техникалық шарттары TP TC 019/2011 стандартына сәйкес) құрылымдық бекіткіштерді, немесе ең аз күші 10кН құрайтын
бекіту нүктелерін ҚОЛДАНЫҢЫЗ. Ықтимал құлау қаупі мен құлаудың ара қашықтығын барынша азайту қажет.
Құрылысқа немесе жерге соғылуды болдырмау үшін қолданушы аяғынан азғантай ғана саңылаудың (6 суретті қараңыз) болуына
назар аудару ҚАЖЕТ. Ұсынылған ең аз арақашықтық 3 м құрайды.
Өнімді ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және жөндеуге ТЫРЫСПАҢЫЗ. Бөлшектерді майламаңыз! MSA компаниясы немесе MSA компаниясының
өкілетті тараптары ғана тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрін жөндей алады.
Өнім құлауды тежеу кезінде туындаған соққы күшіне немесе кернеуіне ұшыраған жағдайда, құрылғыны пайдаланудан шығару
ҚАЖЕТ және «АҚАУЛЫ» деген таңбамен белгілеп қою қажет. Жүктеме индикаторы (Cуретті қараңыз 4) істен шыққан жағдайда,
құрылғыны пайдаланудан шығарыңыз.
Құлаудан қорғауға арналған өнімді тек бір адамға ғана қолданыңыз. Өнімді шектеуші немесе орналастыру құрылғысы ретінде
пайдаланбаңыз. Өнімді электр тогы соғу қаупі бар ортада орнатпаңыз және пайдаланбаңыз. Құлаудан қорғауға арналған жүйені
массалар, дәлірек айтқанда, сусымалы, құмды немесе сұйық құралдар араласып кету қаупі бар жерлерде пайдаланбаңыз.
Сақтандырғышы бар ілмектің дұрыс бекітілгендігін тексеру үшін өз интуицияңызға немесе естілетін дыбыстарға сенім артпаңыз.
Дұрыс бекітілгендігіне көз жеткізу үшін, арқанды қарап шығыңыз. Пайдаланар алдында көзбен шолып шығыңыз, ысырмасы
немесе тұтқышы жабылғандығын тексеріп алыңыз.
Жылжитын аспалы арқанды қызметкерлердің қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз, заттармен және басқа кедергілермен
байланысуына жол бермеңіз. Арқанды қыспаңыз, байламаңыз және оны аяқпен баспаңыз. Арқанның тығыз байлануын
қадағалаңыз. Арқанның дене мен аяқ-қолдарды айналдыра орап тастамауын қадағалаңыз. Арқанды басқа арқанға байлау
арқылы ұзартпаңыз. Арқанды босатпаңыз және қаптамаға бір қалыпты оралуына жол бермеңіз. Өнімді құлаудан қорғану
үшін пайдаланбаған жағдайда, оны тарқатылған күйде қалдырмаңыз. Арқанның үшкір қырлармен, абразивті жерлермен, от
ұшқындарымен, жалынмен немесе 60°С жоғары не -40°С төмен температурамен жанаспауын қадағалаңыз.
Өнімді құру немесе алып тастау кезінде құлау қаупі деңгейін шектеу қажет. Құлаудан оқшау түрдегі сақтандырғыш жүйесі қажет
болуы мүмкін.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер өнім арналған елдің шектерінен тыс қайта
сатылатын болса, сауда делдалы қосымша өнім пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет көрсету, мезгілдік
тексеру және жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен ақпарат беруге тиіс.
Бұл талаптарды орындамау немесе дұрыс қолданбау қауіпті жарақаттарға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
Өнімді дайындауда пайдаланылған материалдарға зақым келуін болдырмау үшін, осы бөлімде келтірілген тазалау жөніндегі
нұсқауды дұрыс орындаңыз. Өнімді даттануға әкеп соқтыратын, пайдалану кезінде кедергі келтіретін немесе этикеткаларындағы
жазуды бүлдіретін кір немесе ластануларды тазалайтын таза дымқыл (суланған емес) матамен жиі тазалап отырыңыз. Майды
немесе майлау материалын кетіру үшін жұмсақ тазалау тәсілін қолданыңыз. Химиялық, қатты тазалау құралдарын, абразивті
құралдарды немесе қысыммен жууды қолданбаңыз. Өнімді ешқашан суға немесе басқа сұйықтықтарға салмаңыз. Таза матамен
сүртіңіз және құрылғыны кептіру үшін іліңіз. Кептіруді қыздырумен жалдамдатпаңыз. Кірдің, сырдың немесе бөгде заттардың
жиналуы өнімнің дұрыс жұмыс істемеуіне немесе нашарлауына әкеп соқтырады. Бұйымды тазалау шарттарына қатысты сұрақтар
туындаса, MSA компаниясымен хабарласыңыз. Қоршаған ортаның кейбір шарттары өнімді зарарсыздандыру жүргізілуін талап
етуі мүмкін. Нақты пайдаланған жағдайда зарасыздандыру процедурасының дұрыстығын анықтау қажет болған жағдайда MSA
компаниясымен хабарласыңыз.
Барлық зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін өнім «ЖАРАМСЫЗ» деп белгіленуі және пайдаланудан
алынып тасталуы керек. Жергілікті заң талаптарына сай қолдану. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан
басқалары) және элементтерін ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз бетімен
жөндеуге тырыспаңыз. Сақтандырғышы бар ілмектің немесе карабиннің жылжымалы бөліктері тұтқырлығы төмен сіңіргіш маймен жиі
майлап отыруды қажет етуі мүмкін. Майлау құралын өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Шамадан тыс майлаудың қажеті жоқ. Май
қалдықтарын таза, құрғақ матамен сүртіңіз.
Өнімді тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ, таза жерде сақтаңыз. Ыстық, ылғал, жарық, майлар, химикаттар және ауада
олардың концентрациясы бар бөлмеде немесе басқа бүлдіргіш факторлары бар жайларда сақтамаңыз. Күкірт пен күл даттануды
туғызатындықтан, өнімнің бетон немесе күлді жерлерде болмауын қадағалаңыз. Өнімді арқан толық тартылған күйде сақтаңыз.
Зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін өнімді жарамды жабдықтармен бірге сақтамаңыз. Сақтар алдында
қатты былғанған, ылғалданған немесе басқа жолдармен ластанған жабдықтарға тиісті техникалық қызмет көрсету керек (мысалы,
кептіру және тазалау). Ұзақ сақталған жабдықты пайдаланар алдында білікті органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн.
Өнімді жыртылудан, ылғалдан, химикаттардан және олардың буларынан, экстремалдық температуралар мен ультракүлгін
сәулелерінен сақтау үшін орамда тасымалдаңыз. Тасымалдау процесінде зақымдануды болдырмау мақсатында арқан мен оның
екi ұшын қорғаңыз. Мүмкіндігінше, өнім қаптамасы мен сақтандырғышы бар ілмектен жылжып кетуін болдырмаңыз.
Page 48
© 2015 MSA

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Workman 10126099Workman 10153902Workman 10153904

Tabla de contenido