Орнату және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
890 сериялы ASCO™ клапандарындағы сигналдық шкаф
СИПАТТАМАСЫ
Asco қысым арқылы басқарылатын клапандарының қалыпты
түрде жабық (ҚЖ) және қалыпты түрде ашық (ҚА) түрін 2
клапан соташығы күйінің электрлік бақылауын іске қосуға
мүмкіндік беретін сигналдық шкафпен жабдықтауға болады.
Пластикалық корпустан тұратын бұл шкаф механикалық
немесе индуктивтік ауыстырып-қосқыштармен қолжетімді.
Клапан соташығының екі күйінде (ашық немесе жабық) де
соташық шеті датчиктерді қозғалысқа келтіреді, нәтижесінде
жүріс соңының электрлік сигналы беріледі.
Сигналдық шкафтың клапан күйінің визуализациясына
арналған жарықдиод күйінің көрсеткіші болады. Оның
клапанды басқаратын ендірілген жетегі бар. Оның AS
интерфейсінің байланыс протоколы (AS-i) бар.
Пайдалану мақсаты
Сигналдық шкаф жалпы өнеркәсіптік мақсатта Asco 290 және
390 сериялы қысым арқылы басқарылатын клапанмен бірге
пайдалануға арналған.
Маңызды денсаулық сақтау және қауіпсіздік талаптары:
Сигналдық шкаф EMC 2014/30/EU директивасының
талаптарына сәйкес келеді.
Жұмыс шарты
Жұмыс шарттарының сигналдық шкафтың және клапанның
жапсырмаларында берілген сипаттамалардан төмен екеніне
көз жеткізіп, төмендегі қосымша сипаттамаларды орындаңыз.
Қосымша сипаттамалар:
Конфигурацияға байланысты сипаттамалар келесідей:
Қуат көзінің кернеуі және максималды қуат тұтыну
Әр жапсырма сипаттамалары.
Максималды ауытқу 10% қуат көзінің кернеуі ±10%.
Ауыстырып-қосқыштардың ажырату қабілеті
• Механикалық шағын ауыстырып-қосқыштар:
0,5 A номиналды/1 A максималды/24 В АТ/ТТ
• Индуктивтік ауыстырып-қосқыштар: 100 мА/ 24 В ТТ
Аппараттың шаң мен ылғалдың енуінен қорғау деңгейі:
IEC 60529 стандартына сәйкес IP66
ISO 20653 стандартына сәйкес IP69K
Бағыттауыш және ауа сапасы:
3/2 қалыпты түрде жабық
түрі. Бағыттауыш қуат көзіне қосылған кезде, клапан жетегі
жұмыс істейді. Бағыттауыш қысымы түсірілсе немесе қуат
көзінен ажыратылса, клапан өзінің тыныштық күйіне өтеді.
• 302 сериялы бағыттауыш, 50 мкм сүзгіден өткен ауа,
майланған немесе майланбаған, конденсациясыз және
ылғалсыз.
• 518 сериялы бағыттауыш, 25 мкм сүзгіден өткен ауа,
майланбаған, конденсациясыз және ылғалсыз.
Сигналдық шкаф және клапан жинағының жауап беру
уақытын білу үшін каталог беттерін қараңыз.
Электрлік қосылым
Клеммалық қалып қысқышы: 2,5 mm². Жалғау ыңғайлы болуы
үшін, салынбалы клеммалық қалып қолданылады.
• Кабель тығыздағышы: кабель диаметрі 4-8 мм.
• Байланысы бар нұсқаға арналған әр IEC 61076-2-101
стандарты үшін M12 B коды.
AS-i байланыс нұсқасы:
Құрылғы кабельдік желі қосылымына жалғанады. Қосымша
қуат кабелі керек емес.
Пайдаланушы нұсқаулығында берілген әр сым жүргізу
сұлбасының M12 ашасы бар шина қосылымы (15-бетті
қараңыз). Істік нөмірінің сілтемелерін пайдаланыңыз.
AS-интерфейсінің V2.1 байланыс протоколының кеңейтілген
мекенжайы.
IEC 62026-2 бойынша профиль: S-7-A-E
Кеңейтілген идентификатор коды 1 = 0
Visit our website at Emerson.com/ASCO
AS-i битін орнату:
Функционалдық
Механикалық
индуктивтік
индуктивтік
Түрі
ауыстырып-
ауыстырып-
қосқыштар
қосқыштар
Т рі
OUTPUT
INPUT
INPUT
Бағыттауыш күйі
Клапанның жабық күйі
Клапанның ашық күйі
Бит = 1 = қуат көзіне
Бит = 1 =
Бит = 1 =
қосылған
D0
белсендірілген
белсендірілген
Бит = 0 = қуат көзінен
Жасыл түсті шам
Сары түсті шам
ажыратылған
Клапанның ашық күйі
Клапанның жабық күйі
Бит = 1 =
Бит = 1 =
-
D1
белсендірілген
белсендірілген
Сары түсті шам
Жасыл түсті шам
D2
-
D3
Жарықдиод күйінің көрсеткіші
( XXV, 18-бет)
• Сары түсті жарықдиод = клапанның ашық күйі (1)
• Жасыл түсті жарықдиод = клапанның жабық күйі (2)
• Қызыл түсті жарықдиод = AS-i шина қатесі (3)
• Жасыл түсті жарықдиод = AS-i қуаты қосулы (4) (қақпағы
ашық кезде ғана көрінеді).
Діріл
EN 60068-2-6 бойынша 3 білікте макс. 1 г/10-150 Гц
САҚТАУ
Құрылғыны қолданылмайтын кезде өзінің түпнұсқалық
қаптамасында сақтау қажет. Қорғаныс қақпақтарын
саңылаулардан алмаңыз. Сақтау шарттары: қолайсыз ауа-
райы әсерінен қорғалған; сақтау температурасы: -40°C және
+70°C аралығы; салыстырмалы ылғалдық: 95 %
Төмен температурада сақтағаннан кейін, құрылғыны
пайдаланбас бұрын, оның температурасын бөлме
температурасына жеткізу керек.
ОРНАТУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Сигналдық шкаф клапанда орнатылып, реттеліп жеткізіледі.
Орнату және техникалық қызмет көрсету туралы ақпаратты
жалпы қауіпсіздік нұсқауларынан қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету немесе орнату жұмыстарын
жүргізбей тұрып, аппаратқа берілетін қуат көзін ажыратыңыз,
клапан қысымының түсіріліп, айдап шығарылғанын тексеріңіз.
Клапанның өзіне қызмет көрсету үшін сәйкес орнату және
техникалық қызмет көрсету нұсқауларын қараңыз.
Ескерту:
Механикалық түрде орнату үшін қақпағы ашық клапанды
пайдаланған кезде саусақтарыңызды қысып алмаңыз.
Орнату жұмысы орындалғаннан кейін, бағыттау қысымын
түсіріңіз.
Қақпақ ашық кезде ауыстырып-қосқыштарды немесе жетекті
қуаттан ажыратқанда электр тогының соғу қаупі бар.
Абайлаңыз:
Жұдырықшаларды орнату немесе соташықты сигналдық
шкафқа енгізу кезінде механикалық ауыстырып-қосқыштардың
зақымдалу қаупі бар. Қажет болса, роликті қолмен басыңыз
( V).
Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында (шаң немесе
судың шашырауы) сигналдық шкаф пен клапанның шығару
порттарын бағыттау керек.
Жинақты бөлшектеу немесе қайта құрастыру кезінде
бұранданы ажырату керек ( IV).
Шаң немесе ылғалдылықтың енуіне байланысты зақымды
болдырмау үшін кабель тығыздағышы мен қақпақтың барлық
тығыздамалармен орнында бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны тек қақпағы жабық күйде пайдалану керек ( XX).
Ескертпе:
• Пластикалық (диаметрі 63-125 мм) немесе тот баспайтын
болат (диаметрі 63-90 мм) жетектерімен жабдықталған
8
Орнату және техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
KZ
890 сериялы ASCO™ клапандарындағы сигналдық шкаф
қалыпты түрде жабық (ҚЖ) клапандармен ғана жылдам
құрастыруға ( VII) болады.
• Келесі жағдайларда бұрандамен құрастыруға ( VIII) болады:
- пластикалық немесе тот баспайтын болат нұсқалары бар
қалыпты түрде ашық (ҚА) клапандар;
- 50 мм пластикалық жетегі бар қалыпты түрде жабық (ҚЖ)
клапандар.
Орнату (12 - 13-беттерді қараңыз)
1. Индикатор қақпағын (A) алыңыз ( I). Тығыздағыш сақина
(B) болса, оны алып тастаңыз.
2. Оптикалық индикаторды (C) бұрап алыңыз ( II)
Оптикалық индикаторды бұрап алу үшін ҚЖ клапаны үшін
ауаны жетекке жіберу қажет.
3. Қолмен бұрап алу арқылы қақпақты (D) алыңыз ( III).
4. Құрастыру жинағын сигналдық шкафтан ажыратыңыз:
( IV-V-VI)
5. Жылдам құрастыру ( VII) үшін құрастыру жинағын енгізіп,
клапандағы адаптерді (E) бұраңыз. Көрсетілген айналдыру
моментімен бекітіңіз.
6. Бұрандалы құрастыру жинағы үшін ( VIII):
- Бекіткішті (Loctite® 222) (F) ойыққа салыңыз.
- Клапанның өзекшесіндегі соташықты (G) жанасқанша
қолмен бұраңыз.
- Адаптерді (E) бұраңыз. Көрсетілген айналдыру моментімен
бекітіңіз.
7. Сигналдық шкафты (H) енгізіп, бұранданы (J) бекітіңіз ( XI).
Электрлік қосылым (14 және 15-бетті қараңыз)
Барлық қуат кабельдері жеткілікті көлденең қимадан және
жеткілікті оқшаулаудан тұруы қажет. Олар тиісті жолмен
орнатылуы қажет.
1. Кабель тығыздағышын (K) босатыңыз ( XX);
2. Тығыздағыш (L) арқылы электрлік кабельді енгізіңіз ( XX);
3. Кабельді конфигурацияға сай жалғаңыз:
Ашық және жабық күй сигналдары үшін клеммалық
блокты (M) пайдаланыңыз;
Бағыттауышты жалғау үшін клеммалық блокты (P)
пайдаланыңыз.
- Жарықдиоды және бағыттауышы жоқ механикалық
ауыстырып-қосқыштар үшін ( XXI);
- Индуктивтік ауыстырып-қосқыштар үшін ( XXII);
- Жарықдиоды бар механикалық ауыстырып-қосқыштар
үшін ( XXIII).
4. Кабель тығыздағышын (K) бекітіңіз ( XX).
AS-i нұсқасы
M12 ұялы кабелін жалғаңыз (Q) ( XXIV).
Пневматикалық қосылым ( 16-бетті қараңыз)
Бұл бағыттауышы бар өнімге қолданылады. Сигналдық шкаф
клапанға жалғау үшін пневматикалық керек-жарақтармен
жеткізіледі. Пайдаланушы басқаша түрде қолдану үшін
фитингілер мен түтіктерді ауыстыра алады.
1. ҚЖ нұсқасы үшін иілгіш түтікті (R) қосылымда (S) құрастырыңыз
( XXX). Көрсетілген айналдыру моментімен бекітіңіз.
2. ҚА нұсқасы үшін иілгіш түтікті (R) қосылымда (T) құрастырыңыз
( XXXI). Көрсетілген айналдыру моментімен бекітіңіз.
Жұдырықшаларды реттеу (17 және 18-бетті қараңыз)
Ескертпе: (U) және (V) бұрандалары көрінбейтін болса,
орнату бұрандасын (Y) бұрап алып, қажетті бекіту моментімен
бекемдеу немесе соташықты қажетінше айналдыру арқылы
сигналдық шкафтың корпусын (X) бағыттаңыз ( XXXV).
- Жұдырықшаны реттеңіз ( XXXV).
- Бағыттауышы бар нұсқа үшін сопақша саңылау арқылы
жұдырықшаны реттеңіз ( XXXVI).
Ескерту: саусақтарыңызды қысып алмаңыз.
Механикалық ауыстырып-қосқыштар нұсқасы үшін:
1. ҚЖ нұсқасы үшін жұдырықшаларды реттеу:
- Жабық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (Z)
орнатыңыз. Бұранданы (V) пайдаланыңыз ( XXXVII).
Қажет болса, жұдырықшаны реттеу кезінде роликті (AA)
қолмен басыңыз.
- Осы екінші жұдырықшаны реттеудің алдында механикалық
ауыстырып-қосқыштың зақымдалуын болдырмау үшін
оны бірінші жұдырықшаның алдына қойыңыз.
- Клапанды ашық күйге орнатыңыз.
- Ашық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (AB)
орнатыңыз. Бұранданы (U) пайдаланыңыз ( XXXVIII).
Қажет болса, жұдырықшаны реттеу кезінде роликті (AC)
қолмен басыңыз.
2. NO нұсқасы:
- Ашық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (AB)
орнатыңыз. Бұранданы (U) пайдаланыңыз ( XXXIX).
Қажет болса, жұдырықшаны реттеу кезінде роликті (AC)
қолмен басыңыз.
- Осы екінші жұдырықшаны реттеудің алдында механикалық
ауыстырып-қосқыштың зақымдалуын болдырмау үшін
оны бірінші жұдырықшаның алдына қойыңыз.
- Клапанды жабық күйге орнатыңыз.
- Жабық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (Z)
орнатыңыз. Бұранданы (V) пайдаланыңыз ( XXXX).
Қажет болса, жұдырықшаны реттеу кезінде роликті (AA)
қолмен басыңыз.
Индуктивтік ауыстырып-қосқыштар нұсқасы үшін
(
XXXXI):
1. Ауыстырып-қосқыштарды қуат көзіне қосыңыз.
2. ҚЖ нұсқасы ( XXXXI):
- Жабық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (Z)
орнатыңыз. Бұранданы (V) пайдаланыңыз.
- Клапанды ашық күйге орнатыңыз.
- Ашық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (AB)
орнатыңыз. Бұранданы (U) пайдаланыңыз.
3. ҚА нұсқасы ( XXXXI):
- Ашық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (AB)
орнатыңыз. Бұранданы (U) пайдаланыңыз.
- Клапанды жабық күйге орнатыңыз.
- Жабық күйге сәйкес күй анықталғанша, жұдырықшаны (Z)
орнатыңыз. Бұранданы (V) пайдаланыңыз.
4. Ауыстырып-қосқыштарды және бағыттауышты қуат
көзінен ажыратыңыз.
Электрлік сигналдарды тексеріңіз.
Қақпақты (D) тиісті төсемен жауып, қақпақ және корпус бір-
біріне толық тигенше, қолмен бекітіңіз ( XXXXII).
Сақтандыратын техникалық қызмет көрсету
Шкафты айына бір рет тексеріп тұрыңыз. Келесіні тексеріңіз:
шкафтың ішінде бөгде заттар, ылғал болмауы және шкаф
дұрыс бекітілген болуы және айналмауы тиіс.
Ақаулықтар
Ашық немесе жабық күйді анықтау кезінде ақаулық пайда болса:
- жұмыс циклі кезінде соташық қозғалмаса немесе дұрыс
қозғалмаса: қысымдарды (клапан мен бағыттауыш қысымы),
клапан жұмысын және басқару жүйесін тексеріңіз
- соташық дұрыс іске қосылса: ауыстырып-қосқыштарға
берілетін қуат көзін, жұдырықшалардың ашық және жабық
күйлерінде реттелуін, ауыстырып-қосқыштардың жағдайын,
монтаждық баспа тақтаның жағдайын тексеріңіз.
Ақау түзетілмесе немесе анықталмаса, сатудан кейін қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бұл өнімнің құрамында электро-
статикалық разрядқа сезімтал
электрондық құрамдастар бар.
Электрлік құрамдастармен жанасқан
адам немесе зат туғызатын электро-
E S D
статикалық разряд өнімді зақымдауы
немесе істен шығаруы мүмкін.
Электростатикалық разряд қаупінің
алдын алу үшін, EN 100015-1
стандартының пайдалану бойынша
ЕСКЕРТУ
ЭЛЕКТРОСТАТИКАЛЫҚ
сақтық шараларын және ұсыныстарын
РАЗРЯДҚА СЕЗІМТАЛ
қараңыз.
ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ
Құрылғы қуат көзіне қосулы
ПАЙДАЛАНУ
тұрғанда қосуға немесе ажыратуға
БОЙЫНША САҚТЫҚ
болмайды.
ШАРАЛАРЫН
ҚАРАҢЫЗ
9
Visit our website at Emerson.com/ASCO
KZ