Supplement ABPM Automatic Blood Pressure Measurement Module
ABPM опциясы бар ескі/жаңа манжеталарды пайдалану
Емдеу нәтижесін және емделуші жайлылығын арттыру үшін B. Braun компаниясы ABPM опциясына
арналған қан қысымын өлшейтін манжеталардың жаңа қатарын ұсынады. Қандай модульдің
жиналатынын және қандай манжетаның керек екенін білу үшін құрылғының қосылымдарын тексеріп,
төмендегі суреттердегімен салыстырыңыз. Тиісті нұсқауларды орындаңыз.
1-сурет Құрылғыдағы істікті қосылым
Dialog құрылғысында істікті қосылымның болуын тексеріңіз (1-сурет).
Екі ұялы қосылымы бар түтікті пайдаланыңыз (2-сурет).
Түтікті бір ұялы қосылымы арқылы құрылғыға жалғаңыз.
Сол түтіктің екінші ұялы қосылымын манжетаға жалғаңыз.
Басқа өлшемдер алу үшін Dialog пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
3-сурет Құрылғыдағы ұялы қосылым
Dialog құрылғысында ұялы қосылымның болуын тексеріңіз (3-сурет).
Бір ұялы қосылымы және бір істікті қосылымы бар түтікті пайдаланыңыз (4-сурет).
Түтіктің істікті ұшын құрылғыға жалғаңыз.
Түтіктің ұялы ұшын манжетаға жалғаңыз.
Басқа өлшемдер алу үшін Dialog пайдалану нұсқаулығын қараңыз.
ABPM/Манжета тарауына арналған қосымша ақпарат
B. Braun компаниясы жеткізген манжеталар материалының құрамында латекс жоқ. Бұл сондай-ақ
манжетадағы белгі арқылы көрсетілген.
ЕСКЕРТУ
Өлшемнің дұрыс болмауына байланысты емделушіге қауіп төнуі мүмкін!
Сәйкес емес манжетаны қолдану ABPM өнімділігіне теріс әсер етеді.
• B. Braun компаниясы жеткізген манжеталарды ғана пайдалану керек. Басқа манжеталар құрылғымен
пайдалану үшін тексерілуі (мысалы, жеке тұлғалар тарапынан) керек.
_______________________________________________________________________________________
Манжета өлшемдері және керек-жарақтар
Келесі манжета өлшемдері және керек-жарақтар қолжетімді:
Атауы
Кіші манжета (S)
Орташа манжета (M)
Үлкен манжета (L)
Өте үлкен манжета (XL)
Ұялы/істікті түтік
Ұялы/ұялы түтік
Supplement 38910556 / Rev. 2.87.40 / April 2021
2-сурет Ұялы/ұялы түтік
4-сурет Ұялы/істікті түтік
Өлшемі
Қолдың жоғарғы бөлігінің өлшемі: 18-26 см
Қолдың жоғарғы бөлігінің өлшемі: 25-35 см
Қолдың жоғарғы бөлігінің өлшемі: 33-47 см
Қолдың жоғарғы бөлігінің өлшемі: 42-54 см
Ұзындығы: 3 м
Ұзындығы: 3 м
Артикул нөмірі (REF)
7102372
7102771
7102380
7102390
7102698
7102699
26