Philips 3 ECG Instrucciones De Uso página 71

Tabla de contenido

Publicidad

ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА СЫРТТАЙ ТЕКСЕРУ
Емделушіге немесе мониторға кез келген кабельді бекіту алдында кабельдің жарамдылық
мерзімінің аяқталғанын анықтау үшін сырттай тексеріңіз. Көрсеткіштердің дəлдігін бұзатын немесе
емделушінің/пайдаланушының жарақат алуына (мысалы, кесілген жерлер) əкелуі мүмкін жарықтар,
күлбіреулер, түлеу, ашық сымдардың, зақымдалған коннекторлардың немесе соған ұқсас тозудың
немесе зақымданудың бар-жоғын тексеріңіз. Сырттай тексеру кабельдің алдағы уақытта пайдалану
үшін бұдан былай жарамсыз екенін көрсеткен кезде, өнімді кəдеге жаратудың тиісті
процедураларын орындаңыз (ӨНІМДІ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ бөлімін қараңыз).
ЕМДЕЛУШІГЕ ҚОЛДАНУ, ЭКГ СЫМДАРЫ
Стандартты AAMI немесе IEC тəжірибелеріне сай ЭКГ сымын/электродын дұрыс орналастыру
туралы ақпаратты монитордың пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.
КАБЕЛЬДІ ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ
Тексерілген тазалау/зарарсыздандыру агенттері мен процедураларын осы пайдалану нұсқауларына
(IFU) қоса берілген Кабельдер мен кабельдер жинағына күтім көрсету, Тазалау жəне
Зарарсыздандыру деп аталатын құжатты қараңыз. Айқас ластану қаупін азайту үшін:
• Кабельдерді алғаш пайдалану алдында жəне басқа емделушіге пайдаланбас бұрын тазалаңыз/
зарарсыздандырыңыз.
• Кез келген емделушіге қолданылатын қайта пайдаланылатын кабельдер қатты ластанса, оларды
тазалаңыз/зарарсыздандырыңыз.
СТЕРИЛЬДЕУ
Осы пайдалану нұсқаулығында сипатталған барлық сымдар мен кабель өнімдері стерильдеуге арналмаған.
ӨНІМДІ КƏДЕГЕ ЖАРАТУ
Емделушіге күтім көрсету мекемесінде немесе жергілікті ережелерде көрсетілген қоқыс тастаудың
рұқсат етілген əдістерін пайдаланыңыз.
ОҚЫС ОҚИҒА ТУРАЛЫ ХАБАРЛАУ
Осы құрылғыға байланысты орын алған кез келген елеулі оқиға туралы Philips компаниясына жəне
пайдаланушы жəне/немесе емделуші тіркелген Швейцарияны жəне Түркияны қоса алғанда,
Еуропалық экономикалық аймақ (EEA) елдерінің құзыретті органына хабарлау қажет.
ҚОРШАҒАН ОРТА СИПАТТАМАЛАРЫ
Төменде көрсетілген температуралық, ылғалдылық жəне атмосфералық қысым ауқымдары осы
пайдалану нұсқаулығында сипатталған барлық сымдар мен кабель өнімдері үшін сақталуы тиіс.
Əйтпесе, өнім зақымдануы мүмкін.
Температура
• Жұмыс істеу температурасының ауқымы: 20% - 95% салыстырмалы ылғалдылық шамасында 
-10°C - +55°C (14 - 131°F)
• Сақтау температурасының ауқымы: 15% - 90% салыстырмалы ылғалдылық шамасында 
-20°C - +70°C (- 4 - 158°F)
Ылғалдылық
• Минималды жұмыс істеу: +55°C (131°F) шамасындағы ылғалдылық; 15% салыстырмалы
ылғалдылық 24 сағат
• Максималды жұмыс істеу: +40°C (104°F) шамасындағы ылғалдылық; 95% салыстырмалы
ылғалдылық 24 сағат
Атмосфералық қысым
• Жұмыс істеу: 650 hPa – 1080 hPa
• Сақтау: 100 hPa – 1080 hPa
63

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

4 ecg5 ecg5 (3+2) ecg6 (4+2) ecg

Tabla de contenido