Grundfos LC 221 Manual De Instrucciones página 194

Tabla de contenido

Publicidad

5. Орнату
Назар аударыңыз
LC 221 контроллерінде кез келген
қосылымдарды жасау немесе сорғыда,
шұңқырда, т.б. жерде жұмыс істеу алдында
қуат көзінің өшіп тұрғанын жəне оның
кездейсоқ қосылмайтынына көз жеткізіңіз.
Орнатуды жергілікті ережелерге сай рұқсат етілген
қызметкерлер орындауы керек.
5.1 Орналасу
Назар аударыңыз
LC 221 контроллерін жарылыс қаупі бар
аумақтарда орнатпаңыз.
Контроллерді су көтеру станциясына мүмкіндігінше жақын
орнатыңыз.
Сыртта орнатылғанда, LC 221 контроллерін қорғауыш қалқаға
немесе корпусқа орналастыру керек. LC 221 контроллеріне
тікелей күн жарығын түсірмеу керек.
5.2 Механикалық орнату
Назар аударыңыз
Тесіктерді бұрғылағанда, ешбір кабельдерді
немесе су жəне газ құбырларын зақымдап
алмаңыз. Қауіпсіз орнатуды қамтамасыз
етіңіз.
LC 221 контроллерін алдыңғы қақпағын
Ескерту
ашпай-ақ қабырғаға бекітуге болады.
Мыналардың орындалуы қажет:
LC 221 контроллерін тегіс қабырға бетіне бекітіңіз.
LC 221 контроллерін кабель кірістері төмен қарап
тұратындай бекітіңіз (қажет болатын болса, қосымша
кабель кірістерін корпустың төменгі тақтасында орнату
керек).
LC 221 контроллерін төрт бұрандамен корпустың артқы
тақтасындағы бекіту тесіктері арқылы бекітіңіз.
Бекіту тесіктерін контроллермен бірге берілген бұрғылау
үлгісін пайдаланып, 6 мм-лік бұрандамен бұрғылаңыз.
Бұрандаларды бекіту тесіктеріне салып, берік бекемдеңіз.
Пластмассалық қақпақтарды орнатыңыз (жабдықталған
болса).
194
5.3 Электр жабдығын жалғау
Назар аударыңыз
LC 221 контроллерін қарастырылып
отырған қолданысқа қатысты ережелерге
жəне стандарттарға сай жалғау керек.
Назар аударыңыз
Корпусты ашу алдында қуат көзін
ажыратыңыз.
Жұмыс кернеуі жəне жиілігі контроллердің зауыттық
тақтайшасында белгіленген. Контроллер пайдаланылатын
қуат көзіне сай келетінін тексеріңіз.
Барлық кабельдерді/сымдарды кабель кірістері мен
төсемелер арқылы өткізу керек.
Қуат көзі ұяшығын корпус жанында орналастыру керек,
өйткені контроллер 1,5 м кабельмен, бір фазалық сорғылар
үшін Schuko айырымен жəне үш фазалық сорғылар үшін СЕЕ
айырымен жабдықталады.
Ең көп қосымша сақтандырғыш контроллер зауыттық
тақтайшасында берілген.
Жергілікті ережелерге сай қажет болса, сыртқы қуат көзі
қосқышын орнатыңыз.
5.3.1 Батарея
LC 221 контроллері батареямен жабдықталған болуы мүмкін.
Дегенмен батарея ешбір деректерді жинап сақтамайды. Бұл
тек қуат жоқ болғанда зуммерді іске қосуға арналған функция
болып табылады. Батарея зарядының деңгейіне байланысты
зуммер батарея қуатымен бірнеше күн жұмыс істей алады.
Егер клиентке бұл функция қажет болса, қайта
зарядталмайтын батареяны 6-суретте көрсетілгендей
21-қоқышқа жалғаңыз.
Қайта зарядталмайтын батареяларды ғана
қолданыңыз. Контроллер зарядтағыш
Ескерту
құрылғымен жабдықталмаған.
Бар болған жағдайда батареяны жылдық
техникалық қызмет көрсету бөлігі ретінде
Ескерту
ауыстырған жөн.

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido