Grundfos LC 221 Manual De Instrucciones página 197

Tabla de contenido

Publicidad

5.4 Деңгей датчигін жалғау
Қоймадағы қысым құбыры мен контроллер корпусының қалқа
жалғастығын шланг арқылы жалғаңыз. Корпусқа шлангты
тірелгенше салу керек. Шамамен 15 мм-ге дейін салыңыз.
Олай жасамаған жағдайда, қысым жоғалуының нəтижесінде
ағып кету, дəл емес деңгейдің анықталу жəне жүйенің дұрыс
жұмыс істемеу қаупі бар.
5.5 Баптаулар
Іске қосу деңгейін жинақтаушы қойманың жіберу деңгейімен
бірдей етіп орнату ғана қажет. Барлық басқа мəндер алдын
ала орнатылған, бірақ қажет болса, оларды реттеуге болады.
Қажет болса, келесі мəндерді өзгертуге болады:
Іске қосу деңгейі
Іске қосу деңгейін кіріс құбырының еден деңгейінен биіктігімен
бірдей етіп орнату керек (180, 250 жəне 315 мм немесе MLD
үшін 416 мм). Тоқтату жəне дабыл деңгейлері алдын ала
орнатылған.
Номиналды ток
Алдын ала орнатылған мəн сорғының номиналды тогына
сəйкес келеді. Бұғатталуға қарсы қорғаныс - шамадан тыс ток
үшін алдын ала орнатылған мəн.
Тоқтату кідірісі
Кідірісті тоқтату тиiмдi көлемдi үлкейтедi жəне қоймадағы
қалдық судың санын азайтады. Бұл гидравликалық соққыдан
сақтайды. Бір бағыттық клапан əлдеқайда жұмсақ жабылады.
Алдын ала орнатылған мəн - 0.
Іске қосу кідірісі
Понтонның қайығы немесе қалқыма үйден басқа су көтеру
станциясына өзгеріс енгізудің ешқандай қажетi жоқ. Алдын
ала орнатылған мəн - 0.
Дабыл кідірісі
Жоғары уақытша кіріс ағыны қысқа мерзімдік жоғары деңгей
дабылын тудыруы мүмкін. Бұл жағдай жүзу бассейнінің кері
жуу сүзгісі қосулы болғанда туындауы мүмкін. Алдын ала
орнатылған мəн - 0.
Калибрлеу жəне ауытқуы
Деңгей датчигі зауытта калибрленеді. Датчиктер
ауыстырылған кезде ғана калибрлеуді қажет етеді. Қосымша
ақпарат алу үшін, қызмет көрсету нұсқаулығын қараңыз.
Техникалық қызмет көрсету аралығы
Техникалық қызмет көрсету/қызмет көрсету аралығын 0, 3, 6
немесе 12 айға орнатуға болады жəне ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
дисплейінде көрсетіледі (дыбыстық сигнал болмайды).
Дабылды ысыру
Контроллерді ақаулық жоғалғанда дабылдарды автоматты
түрде ысыруға орнатуға болады. Бірақ көп дабылдар қолмен
ысырылады. 7.4 Ақаулық көрсеткіштерінің сипаттамасы
тарауын қараңыз. Алдын ала орнатылған мəн - АВТО.
Зауыттық параметрлерге ысыру
Контроллер қайта іске қосылады жəне іске қосу
параметрлерін қайта орнату керек болады.
7.2 Параметрлерді орнату мəзірі тарауын қараңыз.
5.5.1 Сыртқы дабыл
Су көтеру станцияларын көбінесе ғимарат іргетасының
астындағы поддондарда орнатады. Бұл ғимаратағы ең терең
нүкте жəне ағатын жерлер, құбыр жарылыстары немесе
жерасты су ағынының кіруі тудыратын су басуды анықтау үшін
сорғы станциясының сыртында қосымша дабыл деңгейі
қосқышын орнатуға болады.
Сыртқы дабылды деңгей қосқышына (230 В / 2 A) 11/12
клеммаларында қосуға болады.
6. Іске қосу
Іске қосу алдында қосылым мен параметрлерді орнатуды
5.3 Электр жабдығын жалғау жəне 5.5 Баптаулар
бөлімдеріне сай орындау керек.
Шлангтың қоймадағы қысым құбыры мен контроллер
корпусының қалқа жалғастығына дұрыс əрі ауа кірмейтіндей
етіп жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Іске қосуды рұқсаты бар қызметкерлер орындауы керек.
Мыналардың орындалуы қажет:
1. Барлық қосылымдарды тексеріңіз.
2. Желілік қуат көзін контроллерге жалғап, іске қосыңыз.
45 секундқа дейін қайта іске қосу кідірісі бар.
Бұл кідіріс қуаты үзілгеннен кейін қалпына
келу кезінде бір уақытта бірнеше жабдықты
Ескерту
іске қосқанда, желі жүктемесін біркелкі етуге
арналған. Бұл уақытты [OK] түймешігін баса
отырып 5 секундқа дейін азайтуға болады.
3. Қуат көзі алғашқы рет қосылғанда, іске қосу деңгейінің үш
мəнін таңдауға болады. L_01 көрсетілгенде [OK]
түймешігін басыңыз.
4. [>] жəне [<] түймешіктерін пайдаланып кіріс құбырының
биіктігін, еден деңгейінен 180, 250 жəне 315 мм немесе
416 мм (MLD үшін) жоғары, таңдаңыз жəне қалаған мəнді
сақтау үшін [OK] түймешігін басыңыз. Егер кіріс
құбырының биіктігі екі мəннің арасында болса, мысалы,
еденнен 220 мм жоғары, ең жақын төменірек мəнді
таңдаңыз (180 мм). Енді контроллер автоматты режимге
дайын.
5. Шығару жəне кіріс жолақтарындағы изоляциялау
клапандарын ашыңыз.
6. Су көтеру станциясының кіріс ағынына қосылған
санитарлық жабдықты белсендіріп, қоймадағы артып
жатқан сұйықтық деңгейін іске қосу деңгейіне дейін
бақылаңыз.
Қойма мүлдем бос болса да, LC 221
дисплейінде көрсетілген деңгей 0 мм-ге тең
емес екенін ескеріңіз. Қысым құбыры суға
батырылмағанша, қойманың төменгі жағы
мен құбырдың төменгі жағының арасындағы
Ескерту
аралықтың (мысалы, 84 мм)
конфигурацияланған мəні көрсетіліп тұрады.
Қысым құбыры суға батырыла салысымен,
мəн өзгереді.
Қосу жəне өшіру функциясын бірнеше рет
Сақтан
тексеріңіз.
197

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido