7. Пайдалану
7.1 Дисплейдің сипаттамасы
LC 221 деңгей контроллерінің дисплейі 8-суретте көрсетілген.
8. сур. LC 221 дисплейі
Төмендегі кестеде дисплейде көрсетілетін таңбалар,
сондай-ақ, сəйкес функциялар мен көрсеткіштер сипатталған.
Таңба
Функция
Параметрлер
құлыпталған
Автоматты жұмыс
режимі
Ақпарат
Параметрлерді орнату
Дабыл
Импульстар санауышы
Орнатуға болатын
уақыттар жəне
ақаулықтар көрсеткіші
198
Сипаттама
Бұл таңба параметрлерді орнату мəзірі құлыпталған кезде көрінеді. Бұл рұқсат берілмеген
адамдардың параметрлерге өзгертулер енгізуін болдырмайды. Түймешіктердің құлпын ашу
үшін, 1234 кодын енгізіңіз.
Бұл таңба деңгей контроллері автоматты режимде болғанда, яғни, таңдау қосқышы АВТО
күйінде болғанда көрінеді.
Бұл таңба сорғының ақаулықтары, жұмыс сағаттары, іске қосылу саны, ең жоғары тогы
туралы ақпарат бар болғанда көрінеді. Бұл таңба деңгей контроллері ақаулықты анықтаған
кезде көрінеді. Ақаулық ақаулықтар журналына жазылады. Ақаулықтар журналына
кіргеннен кейін, бұл таңба жоғалады. 7.3 Ақпараттық мəзір тарауын қараңыз.
Параметрлерді орнату мəзірінде іске қосу деңгейі, өлшенген ток, тоқтату, іске қосу жəне
дабыл кідірісі, техникалық қызмет көрсету аралығын таңдау, ысыру (автоматты немесе
қолмен) жəне зауыттық параметрлерге ысыру параметрлерін орнату туралы ақпарат
болады. Параметрлерді орнату процедурасы мен сипаттамасын 7.2 Параметрлерді
орнату мəзірі тарауынан қараңыз.
Бұл таңба дабыл жағдайы орын алса көрінеді. Дабыл түрі ақпараттық мəзірде көрсетілуі
мүмкін. Таңба ақаулық жоғалғанда жоғалады.
Бұл таңба дисплейде ақпараттық мəзірдегі іске қосылулар саны көрсетілгенде көрінеді.
Бұл таңба дисплейде ақпараттық мəзірдегі жұмыс сағаттары жəне параметрлерді орнату
мəзірінде орнатылған кідірістер көрсетілгенде көрінеді. Бұл таңба ең көп жұмыс уақыты
асырылғанда жыпықтайды.