Descargar Imprimir esta página

Bosch GLL 18V-120-33 CG Professional Manual Original página 397

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 73
Аккумуляторды немесе батареяларды өлшеу құралымен барлық
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында,
сондай-ақ, өлшеу құралын тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Өлшеу құралын және магниттік керек-жарақтарды
имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин
сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың
жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың
магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың
жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен
u
магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен
аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін.
Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану
u
шектеулерін, мысалы, ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc
компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып
табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан
әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар
u
мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы,
кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы
мүмкін. Сондай-ақ жақын тұрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру
қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық
құралдар,жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар
және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын
Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт
пайдаланбаңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Bosch Power Tools
Қазақ | 397
1 609 92A 8JB | (08.12.2023)

Publicidad

loading