Descargar Imprimir esta página

Bosch GLL 18V-120-33 CG Professional Manual Original página 403

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 73
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған
u
болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды батарея адаптеріне салу үшін батарея адаптері қақпағының
бекіткішін (19) басып, қақпақты ашыңыз. Батареяларды батарея адаптеріне (18)
енгізіңіз. Батарея адаптерінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс
орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей
батареяларды пайдаланыңыз.
Батарея адаптерінің (18) қақпағын жауып, өз орнында бекітіңіз.
Батарея адаптерін салу үшін батарея адаптерін (18) аккумулятор бөліміне (22)
сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.
Батареялармен пайдалану кезінде қуат үнемдеу режимі әдетте қосылады. Қуат
үнемдеу режимін аяқтау үшін қуат үнемдеу режимінің түймесін (1) басыңыз.
Батарея адаптерін (18) шығарып алу үшін батарея адаптеріндегі босату
түймесін (17) басып, батарея адаптерін аккумулятор бөлімінен (22) тартып
шығарыңыз.
Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан
u
шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы
батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Қуат үнемдеу режимі
Қуат үнемдеу үшін лазер сызықтарының жарықтығын азайтуға болады. Ол үшін қуат
үнемдеу режимінің түймесін (1) басыңыз. Қуат үнемдеу режимі қуат үнемдеу
режимі түймесінің жануы арқылы көрсетіледі. Қуат үнемдеу режимін аяқтау үшін
қуат үнемдеу режимінің түймесін (1), ол сөнетіндей қайта басыңыз.
Батареялармен пайдалану кезінде қуат үнемдеу режимі автоматты түрде қосылады.
Өлшеу құралындағы заряд деңгейінің индикаторы
Заряд деңгейінің индикаторы (7) өлшеу құралының қосулы күйінде
аккумуляторлардың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді.
Егер батареялар немесе аккумулятор заряды азайып кетсе лазер сызықтарының
жарықтығы ақырын төмендеді.
Егер аккумулятор немесе батареялардың заряды таусылған дерлік болса, заряд
деңгейінің индикаторы (7) ұзақ уақыт жыпылықтайды. Лазер сызықтары әр 5 минут
сайын 5 секунд жыпылықтайды.
Bosch Power Tools
Қазақ | 403
1 609 92A 8JB | (08.12.2023)

Publicidad

loading