Descargar Imprimir esta página

Bosch GLL 18V-120-33 CG Professional Manual Original página 402

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 73
402 | Қазақ
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес
ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
18 В литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану
Зарядталған аккумуляторды (5) орнату үшін оны аккумулятор бөлімшесіне (22)
сезіліп тірелгенше жылжытыңыз.
Аккумуляторды шығарып алу үшін аккумуляторды босату түймесін (6) басып,
аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (22) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумуляторда, аккумуляторды босату түймесі байқаусызда басылып кеткенде,
оның түсіп кетуінен қорғайтын 2 құлыптау деңгейі бар. Аккумулятор өлшеу
құралына орнатулы болса, оны өз орнында серіппе ұстап тұрады.
12 В литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану
12 В литий-иондық аккумулятор арнайы адаптеріне (21) салынады.
Аккумулятор адаптері тек арнайы Bosch өлшеу құралдарында пайдалануға
u
арналған және оны электр құралдарымен бірге пайдалануға тыйым
салынады.Аккумулятор адаптеріне тек Bosch ұсынған 12 В литий-иондық
аккумуляторларды салуға болады.
Аккумулятор адаптерін салу үшін аккумулятор адаптерін (21) аккумулятор
бөліміне (22) сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.
Аккумуляторды салу үшін зарядталған 12 В аккумуляторды (5) аккумулятор
адаптеріне (21) сезілетіндей тірелгенше кіргізіңіз.
Аккумуляторларды (5) шығарып алу үшін босату түймелерін (6) басып,
аккумуляторды аккумулятор адаптерінен (21) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор адаптерін (21) шығарып алу үшін аккумулятор адаптеріндегі босату
түймесін (20) басып, аккумулятор адаптерін аккумулятор бөлімінен (22) тартып
шығарыңыз.
Батареялармен (керек-жарақ) пайдалану
Батареялармен пайдалану үшін батарея адаптеріне сілті-марганец батареялары
салынады.
Нұсқау: ұсынылған батареялардан басқасын пайдаланған жағдайда, өлшеу құралын
қосу кезінде лазер жылдам жыпылықтайды да, өшіп қалады.
1 609 92A 8JB | (08.12.2023)
Bosch Power Tools

Publicidad

loading