Ингредиенттер - Moulinex OW610100 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 100
6
ИНГРЕДИЕНТТЕР
Майлы тағамдар: Майлы тағамдар қосқанда нан жұмсақ және дәмді болады. Сондай-ақ,
ұзағырақ сақталады. Тым көп май көтерілуін баяулатады. Егер сары май қолдансаңыз,
сары майды бөлшектеп қосыңыз, сонда жақсы сіңеді. Ыстық ерітілген май қоспаңыз.
Майдың ашытқымен араласуын болдырмаңыз. Май көтерілу үрдісін баяулатады.
Жұмыртқа: Жұмыртқа қамырдың түсін жақсартады және нан үгітімді болады. Мәзірлер 50
грамдық жұмыртқаға есептелген, сондықтан жұмыртқа үлкендеу болса, сұйығын
азайтыңыз, егер кішкене болса, сұйық қосыңыз.
Сүт: Таза сүт (суық күйінде, егер мәзірде басқаша көрсетілмесе) немесе сүт ұнтағын
қосуға болады. Сүттің де майландырғыш қасиеті бар, ол бір қалыпты клеткалар жаратып,
нанның үгіндісін қалыптастыруға әсер етеді.
Су: Су ашытқыны белсендіреді. Ұнның крахмалын ылғалдандырып, үгінді қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Суды таза сүтпен немесе басқа сұйықпен жартылай алмастыруға
болады. Teмпеpатура : «мәзірлерді әзірлеу» тарауын қараңыз (250-бет).
Ұн: Ұнның салмағы қолданылған ұнның түріне байланысты болады. Ұнның түріне қарай
нанның сапасы да әр-түрлі болады. Ұн ауа райының өзгеруіне қарай ылғалдықты сіңіріп
немесе ылғалдығын жоғалтып алмау үшін, қымталып жабылатын ыдыста сақтаңыз.
Стандартты ұнға қарағанда, сыртында "мықты" немесе "нан жасауға арналған" деп
жазылған ұнды қолданған дұрысырақ болады. Сұлы ұнтақтарын, қара бидай немесе
басқа дақылдар қосылған нан ауырлау және аласалау болады. T55 ұнын қолдануға кеңес
беріледі, егер мәзірде басқаша жазылмаса. Егер ерекше ұн қосындысын, сүт немесе тәтті
тоқаш қосындысын қоссаңыз, қамырдың 1000 грамнан аспауын қадағалаңыз. Өндіруші
жабдықтаған әзірлеу нұсқаулығын қараңыз. Ұнды елеу де нанның сапасына әсер етеді:
ұнның құрамында дән-дақылдар болса, қамыр қатты көтерілмейді және нығыздау
болады.
Қант: Ақ қант, қоңыр қант немесе бал дұрыс болады. Шақпақ қант салмаңыз. Қант
ашытқыны белсендіреді, дәм береді және қыртысының қоңырқай болуына әсер етеді.
Тұз: Дәмін шығарады және ашытқының қалыпты белсенділігін қадағалайды. Ашытқымен
қатынасуы міндетті емес. Тұздың арқасында қамыр салмақты болады және ашытқының
белсенділігін реттейді. Жалпы қамырды жақсартады.
Ашытқы: Нан жасауға арналған ашытқының бірнеше түрі болады: ашытқы бөлшек
түрінде, ылғалдатқышпен белсендірілген құрғақ түрінде немесе ұнтқа түрінде. Ашытқы
супермаркеттерде сатылады, бірақ наубайханадан да сатып алуға болады. Жаңа
жасалған ашытқы мен ашытқы ұнтағын басқа ингредиенттермен бірге ыдысқа тікелей
салу керек. Жақсылап сіңу үшін, жаңадан жасалған ашытқыны саусақтарыңызбен мыжып
алыңыз. Белсендірілген құрғақ ашытқыны ғана (шарлар) қолданар алдында сумен езіп
алу керек. Температураның 35°C градустан кем болмауын қадағалаңыз, әйтпесе
белсенділігі азаяды. Ұсынылған мөлшерді сақтаңыз , бірақ жаңадан әзірленген ашытқы
қолдансаңыз, мөлшерлерін екі еселеуді ойластырыңыз (эквиваленттер кестесін қараңыз).
Жаңадан әзірленген және құрғақ ашытқы мөшерінің /салмағының эквиваленттері
Құрғақ ашытқы (үлкендігі)
1 1,5
2
2,5
3
Жаңадан әзірленген ашытқы (грамм)
9
13
18
22
25
3,5
4
4,5
5
31
36
40
45
246
FR
NL
DE
IT
ES
PT
EN
RU
UK
KK
HU
CS
SK
S
G
HR
RO
SR
SL
ET
LV
LT
PL

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Ow610110

Tabla de contenido