Descargar Imprimir esta página

RIDGID 45178 Manual Del Usuario página 342

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 29
700 электр жетегі
Техникалық қызмет көрсету
нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Қызмет көрсетуді орындау немесе реттеулер жасау
алдында қосқыш түймесінің босатылғанына және
құрылғының ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
Электр тогының соғуынан, шатысудан және басқа
себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін құралға
осы рәсімдерге сәйкес қызмет көрсетіңіз.
Тазалау
1. Әрбір пайдаланудан кейін 418 майлағышының жоңқа
науасынан бұранда жоңқаларын босатыңыз және қалған
майды сүртіп алыңыз.
2. Тұтқаларын және басқару тетіктерін қоса электр
жетегінен майды, жақпа майды, жоңқаларды немесе
кірді тазалаңыз.
3. Бұрандама қысқыштан майды, жақпа майды немесе кірді
тазалаңыз. Егер қажет болса, бұрандама қысқышының
атауыздарын сымды қылшақпен тазалаңыз.
4. Жоңқалар мен ластануды бастиектерден кетіріңіз.
Майлау
Құрылғының пайдалануына қарай, 3-6 ай сайын редуктор
корпусында берілген жақпа май нүктелері арқылы Lithium EP
(Extreme Pressure) жақпа майын құю үшін жақпа май пісегін
пайдаланыңыз (1-суретті қараңыз).
12-R бастиектеріндегі кескіштерді ауыстыру
Әр түрлі кескіштер RIDGID 12- R бастиектеріне орнатуға
қол жетімді. Қолжетімділігін білу үшін каталогты
қараңыз.
1. Бастиектен төрт бұранданы (4), қақпақ тілігін (2) және
кескіштерді (3) алып тастаңыз.
2. Жаңа кескіштерді нөмірленген жиегін (1,2,3,4) жоғары
қаратып, ұяларға енгізіңіз. Кескіштердегі сандар бастиек
ұяларындағымен сәйкес болуы керек. Кескіштерді үнемі
жиынтық ретінде ауыстырыңыз.
3. Қақпақ тілігін (2) және бұрандаларды (4) орнатыңыз және
бұрандаларды ақырын қатайтыңыз.
4. Кесілген құбыр шетін бұранда кесуді бастағанша
кескіштерге бұраңыз. Бұл "B" кескіштеріндегі тығынды
қақпақ тілігіндегі "A" ұштығына қарсы сыртқа қарай
орналастырады және өлшемін тиісті түрде орнатады.
5. Төрт бұранданы барынша қатайтыңыз. Кесілген құбырды
алып тастап, сынақтық кесуді орындаңыз.
340
Бұрандалар
2
A
Қақпақ
(Төмен күйіндегі мойын)
Жоғары
Кескіштер
3
1
Бастиек
12-сурет – Кескіштерді бастиекке орнату
Қозғалтқыштағы қылшақтарды ауыстыру
Қозғалтқыш қылшақтарын 6 ай сайын тексеріп тұрыңыз.
¼ дюймден (6 мм) кемге тозған кезде ауыстырыңыз.
13-сурет – Қылшақты орнату
1. Құрылғыны қуат көзінен суырыңыз.
2. Қылшақ қақпақтарының бұрандасын босатыңыз.
Қылшақтарды алып тастаңыз және тексеріңіз. ¼
дюймден (6 мм) кемге тозған кезде ауыстырыңыз.
Коммутаторда тозу белгілерін тексеріңіз. Егер
шамадан көп тозған болса, құралға қызмет көрсетіңіз.
3. Қылшақтарды қайта орнатыңыз/жаңа қылшақтарды
орнатыңыз.
4. Пайдаланбас бұрын, жаңа қылшақтарды коммутаторға
енгізу үшін құрылғыны әрекетсіз режимде 15 минут алға
қарай, кейін 15 минут артқа қарай іске қосыңыз.
3
2
B
4
Кесілген құбыр
940-707-010.09_REV. F

Publicidad

loading

Este manual también es adecuado para:

700