Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Сыртқы Сорғыш - Bosch GCM 18V-305 GDC Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GCM 18V-305 GDC Professional:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 66
352 | Қазақ
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаң/жоңқа сорғыш шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы бітелуі мүмкін.
– Электр құралын өшіріп, аккумуляторды шығарыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Бітелу себебін анықтап жойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаң сору үшін сору адаптеріне (25) шаңсорғыш
шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады.
– Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (25) жалғаңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Сорғыш алаптерді тазалау
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін
(25) жүйелі түрде тазалап тұру керек.
– Сорғыш адаптерді (25) бұрап жоңқа шығатын жерден
(23) шығарыңыз.
– Дайындаманың снықтары мен жоңқаларын алып
қойыңыз.
– Сорғыш адаптерді бұрап жоңқа шығатын жерге жоғқа
шығатын жерлің ұстау сақинасының жоғарысында
тірелгенше бұрап басыңыз.
Ара дискісін алмастыру (c1−c4 суреттерін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
1 609 92A 5HG | (09.12.2020)
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (5) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы (53) алты қырлы
дөңбек кілтпен (6 мм) (17) бұрап, дәл сол мезетте
шпиндель бекіткішін (52) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (52) басып тұрып, алты қырлы
дөңбек бұранданы (53) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (54) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (43) шығарыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу төмен қарай
қайта апарыңыз.
Аралау дискісін орнату
Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
u
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас
бұрын тазалап шығыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (5) артқа қайырып,
маятниктік қорғаныш қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (55)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланецті (54) және ішкі алты қырлы
бұранданы (53) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (52)
тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Bosch Power Tools

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

3 601 m43 0Professional gcm 18v-305 gdc

Tabla de contenido