Descargar Imprimir esta página

Electrolux EHF6343FOK Manual De Instrucciones página 160

Ocultar thumbs Ver también para EHF6343FOK:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 334
• ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды
пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті және өрт шығуы
мүмкін.
• Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет жасамаңыз,
оның орнына құрылғыны сөндіріп, жалынды қақпақ
немесе өртке төзімді көрпе, т.б. тәрізді затпен жабыңыз.
• АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан
қосатын құралмен жабдықтамау немесе жиі қосылып
және сөніп тұратын желілерге қоспау керек.
• АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз қадағалап
отыру керек.
• ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
• Құрылғыны кіріктіріп орнату алдында қолданбаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр қатері
пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз және ток
көзінен ағытыңыз. Құрылғы ток көзіне электр корапшасы
арқылы қосылған болса, құрылғыны тоқтан ағыту үшін
сақтандырғышты алыңыз. Осы жағдайларда уәкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден сақтану
үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған пеш
қорғағыштарды ғана немесе құрылғы өндірушісі
пайдаланушы нұсқаулығында арнайы көрсеткен немесе
құрылғының өзіне орнатылған қорғағыштарды ғана
қолданыңыз. Сай келмейтін қорғағыштарды
пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын алуы мүмкін.
160
ҚАЗАҚ

Publicidad

loading