Descargar Imprimir esta página

Bauerfeind MalleoLoc Manual De Instrucciones página 114

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
Құрметті тұтынушы,
KK
Бауэрфайнд компаниясының бұйымына сенім көрсетіп, оны сатып
алғаныңыз үшін көп рахмет. MalleoLoc® бұйымын сатып алуыңызбен Сіз
медициналық және сапа стандарттарының жоғары деңгейіне сай келетін
бір бұйымға ие болдыңыз.
Осы қолдану туралы нұсқаулықты толығымен және ықыласпен оқып
алыңыз, себебі осы нұсқаулықта MalleoLoc® бұйымын қолдану,
көрсетпелер, кері көрсетпелер, салынуы, күтімі және қалдыққа тапсыру
туралы маңызды мәліметтері берілген. Осы нұсқаулықты жоғалтпай
сақтауыңыз лазым, кейінрек тағы да бір рет оқыңыз келетін болар.
Сурақтар пайда болған жағдайда Өзіңіздің дәрігеріңізбен, осы
бұйымдарды сататын дүкеніңіздегі мамадармен немесе біздің техника
сурақтары бойынша сервис көрсететін қызмет бөліміміз
мамандарымызбен хабарласып сураңыз.
Қолдану мақсаты
MalleoLoc® бұйымы - денеге сай және икемді шығарылған балтыр аяқ буыны
үшін арналған тұрақты ортез. MalleoLoc® бұйымы бір жаққа қарай қайысуын
болдыртпай, бұлшық етінің тұрақты болуын сүйемелдеп құаттап отырады.
MalleoLoc® бұйымын өзгертіліп отырылуы мүмкін болатын жабыспа
таспалары арқылы тілегеніңіздей киюіңіз мүмкін. MalleoLoc® бұйымын
ыңғайлы сыртқы және спорт аяққиімдерімен киіп жүруіңізге де болады.
Көрсетпелер
• Сыртқы балтыр аяқ буындарының жарақатталып қалғандарында ерте
кездік функционалдық терапиясы үшін
Буын тігілуі немесе буын реконструкциясынан кейін операциядан
кейінгі қорғау мен қолдау үшін
Балтыр аяқ буынының бұзылуы мен буын бұзылуы жағдайларда
консервативтік терапиясы үшін
Созылмалы хроникалық буын жетіспеушілігі бар болғанда
Қолдану жері
Көрсетпелерге сәйкес (балтыр буыны).
Қолдану уақытындағы мүмкін бола алатын тәуекел
Назарыңызда болсын*
Басқа бұйымдармен бірге қолдану мүмкіншілігін, мысалы компрессиялық
шұлықтарын, өзіңіздің дәрігеріңізбен хабарласып, алдын ала сурап
алыңыз. Егер ауырып жатқан жерлер одан да күшейе ауыра бастаса
немесе басқа бір өзгерістер пайда болса, дереу түрде дәрігеріңізбен
хабарласыңыз. Дұрыс емес немесе мақсатқа сай келмейтін түрде
қолданған жағдайда, бұйым үшін кепілдеме берілмейді.
Бұйым үстіне майлы немесе қышқылды бұйымдар, жақпамай немесе
116
сулауларды түсірмеңіз.
Бұйымды өзгертпеңіз. Осы нұсқаулар орандалмаған жағдайда, бұйым
сапасы төмендей кетіп, бұйым үшін кепілдеме берілмейді.
* Адамдарға түсе алатын зиян пайда болу алуына назар аударыңыз (жарақат, денсаулық немесе
апат тәуекел). Бұйымға түсе алатын зиян.

Publicidad

loading