Descargar Imprimir esta página

Metabo KS 216 M Manual Original página 126

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 44
kk
ҚАЗАҚША
2. Тек KGS...: Кеңірек дайындамалар үшін:
ара бастиегін алға (пайдаланушыдан ары)
қарай тартыңыз (керу құрылғысы).
3. Сақтандырғыш құлыпты (26) іске қосып,
ажыратқышты (27) басып тұрыңыз.
4. Ара бастиегін тұтқасынан толықтай төмен
қарай баяу түсіріп, қажетінше артқа
(пайдаланушыдан ары) қарай
жылжытыңыз. Аралау кезінде ара
бастиегін қозғалтқыштың айналу жиілігі
тым қатты түспейтіндей дайындамаға
басыңыз.
5. Дайындаманы бір жүріспен аралаңыз.
6. Ажыратқышты (27) жіберіңіз және ара
бастиегін жоғарғы бастапқы күйге баяу кері
қайырыңыз.
9.2 Қиғаш кесікстер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Тек KGS...: кесік тереңдігін шектегіші (49)
өшіріледі.
– Төңкеру тұтқасының тік сызыққа қарай еңісі
0° құрайды, еңісті реттеуге арналған бекіткіш
иінтірек (22) тартылған.
– Тек KGS...: керу құрылғысы ең шетінде.
– Тек KGS...: Керу құрылғысына арналған
бекіткіш бұранда (12) босатылған.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш иінтіректі (34) босатыңыз. Қосымша
профильді (33) (KGS...305...: қосымша
профиль) дайындама жақсы тірелетіндей
етіп толығымен ара төсемінің бағытына
жылжытыңыз. Бекіткіш иінтірекпен (34)
бекітіңіз.
Дайындаманы аралау:
1. Айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын (10)
KGS ішінде бұрап босатыңыз және
ысырманы (11) босатыңыз.
2. Қалаулы бұрышты реттеңіз.
3. Айналмалы үстелдің бекіткіш тұтқасын (10)
бұрап бекітіңіз.
4. Дайындаманы «тік кесіктер жасау» әдісінде
сипатталғандай аралаңыз.
9.3 Еңіспен кесіктер жасау
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Тек KGS...: кесік тереңдігін шектегіші (49)
өшіріледі.
– Айналмалы үстел 0° күйде, айналмалы
үстелге арналған бекіткіш тұтқа (10)
тартылған.
– Тек KGS...: Керу құрылғысына арналған
бекіткіш бұранда (12) босатылған.
– Тек KGS...: керу құрылғысы ең шетінде.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш иінтіректі (34) босатыңыз. Қосымша
профильді (33) (KGS...305...: қосымша
профиль) дайындама төсеммен немесе
қорғаныш қалпақпен жанаспай барынша
жақсы тірелетіндей етіп жылжытыңыз.
Бекіткіш иінтірекпен (34) бекітіңіз.
Тек KGS...305...: белгілі көлбеулену
бұрыштары үшін қосымша профильді (33)
алып тастау қажет болуы мүмкін. Алып
тастау үшін оны 2 үшбұрышты бір-біріне
қарайтындай етіп сырғытыңыз. Бұл күйде
қосымша профильді (33) жоғары қарай
шешуге болады. Арамен кесік жасағаннан
кейін қосымша профильді (33) қайта
орнатып, жоғалтпау үшін бекіткіш
бұрандамен бекітіңіз
Дайындаманы аралау:
1. Араның артқы жағындағы еңісті реттеуге
арналған бекіткіш иінтіректі (22)
босатыңыз.
2. Төңкеру тұтқасын қалаулы позицияға баяу
еңкейтіңіз. Мәліметтерді 7.3 бөлімінен
қараңыз.
3. Еңісті реттеуге арналған бекіткіш иінтіректі
(22) тартыңыз.
4. Дайындаманы «тік кесіктер жасау» әдісінде
сипатталғандай аралаңыз.
126
9.4 Қос қиғаш кесіктер жасау
Нұсқау:
Қос қиғаш кесік қиғаш кесік пен еңіспен
жасалған кесіктің тіркесімі болып табылады.
Яғни дайындама артқы орналастыру жиегіне
қиғаштанып және жоғарғы жаққа қиғаштанып
кесіледі.
Қауіп!
Қос қиғаш кесік жасау кезінде қатты еңкеюге
байланысты ара төсеміне қол жеткізу
оңайырақ болады – бұл ретте жарақат алу
қаупі аса жоғары болады. Ара төсемінен
жеткілікті арақашықтықты сақтаңыз!
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Тек KGS...: кесік тереңдігін шектегіші (49)
өшіріледі.
– Айналмалы үстел қалаулы күйде
бұғатталған.
– Төңкеру тұтқасы дайындаманың үстіңгі
бетіне қалаулы бұрышта еңкейтілген және
бұғатталған. Мәліметтерді 7.3 бөлімінен
қараңыз.
– Тек KGS...: Керу құрылғысына арналған
бекіткіш бұранда (12) босатылған.
– Тек KGS...: керу құрылғысы ең шетінде.
– Дайындама тірегін (25) реттеу:
Бекіткіш иінтіректі (34) босатыңыз. Қосымша
профильді (33) (KGS...305...: қосымша
профиль) дайындама төсеммен немесе
қорғаныш қалпақпен жанаспай барынша
жақсы тірелетіндей етіп жылжытыңыз.
Бекіткіш иінтірекпен (34) бекітіңіз.
Тек KGS...305...: белгілі көлбеулену
бұрыштары үшін қосымша профильді (33)
алып тастау қажет болуы мүмкін. Алып
тастау үшін оны 2 үшбұрышты бір-біріне
қарайтындай етіп сырғытыңыз. Бұл күйде
қосымша профильді (33) жоғары қарай
шешуге болады. Арамен кесік жасағаннан
кейін қосымша профильді (33) қайта
орнатып, жоғалтпау үшін бекіткіш
бұрандамен бекітіңіз
Дайындаманы аралау:
 Дайындаманы «тік кесіктер жасау» әдісінде
сипатталғандай аралаңыз.
9.5 Тек KGS...: ойықтарды аралау
Нұсқау:
Кесік тереңдігін шектегіш керу құрылғысымен
бірге ойықтар жасауға мүмкіндік береді. Бұл
ретте ажыратып кесу орындалмай, оның
орнына дайындама тек белгілі бір тереңдікке
дейін кесіледі.
Кері соққы қаупі бар!
Ойықтар жасаған кезде, ара төсеміне бүйірлік
қысым түсірмеу аса маңызды болып
табылады. Әйтпесе ара бастиегі кенет секіріп
кетуі мүмкін. Ойықтар жасаған кезде керу
құрылғысын пайдаланыңыз. Ара бастиегіне
бүйірлік қысым түсірмеңіз.
Бастапқы реттеу:
– Тасымалдау құлпы (24) тартып шығарылған.
– Ара бастиегі жоғары қайырылған.
– Төңкеру тұтқасы дайындаманың үстіңгі
бетіне қалаулы бұрышта еңкейтілген және
бұғатталған. Мәліметтерді 7.3 бөлімінен
қараңыз.
– Айналмалы үстел қалаулы күйде
бұғатталған.
– Керу құрылғысына арналған бекіткіш
бұранда (12) босатылған.
– Керу құрылғысы толықтай артта.
Дайындаманы аралау:
1. Кесік тереңдігін шектегішті (48) қалаулы
кесік тереңдігіне орнатып, контргайкамен
бекітіңіз. Кесік тереңдігін шектегішті (49)
алға қарай итеріңіз.
2. Сақтандырғыш құлыпты (26) босатып,
реттелген кесік тереңдігін тексеру үшін ара
бастиегін төмен қайырыңыз:
3. Сынақ кесік жасаңыз.
4. Қажет болса, қалаулы кесік тереңдігі
орнатылғанша 1-ші мен 3-ші қадамдарды
қайталаңыз.
5. Дайындаманы «тік кесіктер жасау» әдісінде
сипатталғандай аралаңыз.
10. Техникалық қызмет және
күтім көрсету
Қауіп!
Техникалық қызмет көрсету және тазалау
бойынша кез келген жұмыстарды өткізбес
бұрын желілік ашаны суырып алыңыз немесе
алмалы-салмалы аккумуляторды (32)
шығарыңыз.
– Осы бөлімде сипатталғаннан басқа
техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу
бойынша жұмыстарды тек техник мамандар
өткізуі тиіс.
– Зақымдалған бөліктерді, әсіресе
сақтандырғыш құрылғыларды тек түпнұсқа
бөліктермен алмастырыңыз. Өндіруші
тексермеген және рұқсат етпеген
бөліктерден күтілмеген зақымдар пайда
болуы мүмкін.
– Техникалық қызмет көрсету және тазалау
бойынша жұмыстардан кейін барлық
сақтандырғыш құрылғыларды қайтадан
қолданысқа енгізіп тексеріңіз.
10.1 Ара төсемін ауыстыру
Күйіп қалу қаупі бар!
Аралауды аяқтаған соң, ара төсемі өте ыстық
болуы мүмкін. Ыстық ара төсемін суытыңыз.
Ыстық ара төсемін ешқашан жанғыш
сұйықтықтармен тазаламаңыз.
Қозғалыссыз тұрған ара төсемінен
де кесілу қаупі бар!
Қыспа бұранданы (40) босатқан және тартқан
кезде, теңселуден қорғаныш қап (5) ара
төсемінің үстінен қайырылуы тиіс. Ара
төсемдерін алмастырған кезде қолғап киіп
жүріңіз.
1. Желілік ашаны суырып алыңыз немесе
алмалы-салмалы аккумуляторды (32)
шығарыңыз.
2. Ара бастиегін жоғарғы позицияға келтіріңіз.
3. Ара төсемін бұғаттау: бұғаттау түймесін
(17) басып, бұғаттау түймесі тірелгенше,
ара төсемін басқа қолмен бұраңыз.
Бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
4. Ара төсемінің білігіндегі қыспа бұранданы
шайбамен (40) бірге ішкі алты қырлы гайка
кілтінің (13) көмегімен сағат тілінің
бағытымен бұрап шығарыңыз (сол жақ
ирек ойма!).
5. Теңселуден қорғаныш қапты (5) жоғары
қарай жылжытып, сол күйде ұстаңыз.
6. Сыртқы фланецті (41) және ара төсемін
(42) абайлап ара төсемінің білігінен алып
тастаңыз да, теңселуден қорғаныш қапты
қайтадан жауып қойыңыз.
Қауіп!
Жеңіл металл бөліктеріне әсер етуі мүмкін
тазалағыш құралдарды (мысалы, шайыр
қалдығын кетіру үшін) пайдаланбаңыз; кері
жағдайда араның беріктігі нашарлауы мүмкін.
7. Қыспа беттерді тазалау:
– Ара төсемінің білігі (45),
– Ара төсемі (42),
– Сыртқы фланец (41),
– Ішкі фланец (44).
Қауіп!
Ішкі фланецті дұрыс жатқызыңыз! Кері
жағдайда ара бұғатталуы немесе ара төсемі
босап қалуы мүмкін! Сақиналы гайка ара
төсеміне, ал жалпақ жағы қозғалтқышқа қарап

Publicidad

loading