Descargar Imprimir esta página

Hilti PT-C Manual De Instrucciones Original página 544

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 98
Барлық кескіндерді жойғыңыз келсе, Func түймесін немесе оң жақ функциялық түймені басыңыз,
оған қоса әрекетті оң жақ функциялық түйме арқылы растаңыз немесе жою әрекетін сол жақ
функциялық түймені басу арқылы тоқтатыңыз.
Кескіндердің дерек үзінділері жадта қалады және оларды қайта құруға болады. Біржолата жою үшін
басты мәзірде 'Өлшеу құралы' → 'Әдепкі реттеулер' тармағын таңдаңыз.
7.7
Дерек тасымалы
USB интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады. Аккумуляторларды немесе басқа
құрылғыларды зарядтау мүмкін емес.
1. USB портының қақпағын ашыңыз.
2. Өшірулі өлшеу құралының USB портын USB кабелі арқылы компьютерге жалғаңыз.
Өлшеу құралын USB интерфейсі арқылы компьютерге ғана жалғаңыз. Басқа құрылғыларға
жалғаған жағдайда, өлшеу құралы зақымдалуы мүмкін.
3. Өлшеу құралын қосыңыз. → Бет 530
4. Компьютердегі файл браузерін ашып, PT­C диск жетегін таңдаңыз. Сақталған файлдарды өлшеу
құралының ішкі жадынан көшіруге, компьютерге жылжытуға немесе жоюға болады.
5. Қажетті процесс аяқталғаннан кейін, диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.
Диск жетегін әрдайым алдымен компьютердің операциялық жүйесінен ажыратыңыз (диск
жетегін шығару), әйтпесе өлшеу құралының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.
6. Өлшеу құралын қосу/өшіру түймесі арқылы өшіріңіз.
7. USB кабелін шығарып, шаңнан немесе су шашырауынан қорғау үшін USB портының қақпағын
жауып қойыңыз.
8
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бр болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.
Өлшеу құралын әрдайым таза ұстаңыз. Ластанған инфрақызыл датчик өлшеу дәлдігіне теріс әсер
етуі мүмкін.
Үшкір заттардың көмегімен инфрақызыл датчик, камера, динамик немесе микрофоннан кірді
кетіруге әрекеттенбеңіз. Шаңды инфрақызыл датчик пен камерадан үрлеп кетіріңіз. Инфрақызыл
датчик пен камераны сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
538
Қазақ
2356162
*2356162*

Publicidad

loading