MSA Workman Manual Del Usuario página 48

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
ҚАЗАҚША
P/N 10112828
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жұмысы және қолданылуы: MSA Workman штативі басы алюминий қоспасынан және аяқтары жоғары төзімділігі бар алюминий
қоспасынан болып табылады. Штативін EN 795 стандартының B санатына сай келеді. Штативі -жеке құлауды шектеуші және құтқарушы
жүйелері бар, тасымалданатын мерзімді зәкірлі құрал. Ол, аспапталған элементтердің қосылып тұрған түрлеріне сәйкес, құлауды шектеу,
құтқару, қалпына келтіру, эвакуация үшін қолданылуы мүмкін. 32-Суретте осы жүйенің таңдаулы аксессуарлары мен әдеттегі қолдану
тәсілдері кескіндері көрсетілген.
2. MSA Workman штативінің аспаптарын қолдану: (1) Ортадағы айналмалы штроп Тік икемді кергіш (EN 353-2) немесе MSA жебе орнатылған
жүкарба (28 және 29-сурет) сияқты жеке құлауды шектеуші жүйелерінде қолданылуы керек. Осы өнімдермен бірге келген таңдаулы
бөлшектердің орнату ережелері мен олардың қосымша компоненттерін қолдану үшін арнайы нұсқауларды қараңыз (7-Сурет). (2) Бүйірлік
айналмалы штроп P/N 506222, MSA тармақты орнатылған шкив, не MSA бүйірлік жүкарба (26 және 27-сурет) және MSA құтқарушы ЖҮҚШ
(Жылжымалы үлгідегі құлауды шектеуші) (6-сурет) сияқты жабдықтарды бекіту үшін қолданылады. (3) MSA бүйірлік жүкарбасы штативіне
Б/Н 506222 MSA тармақты орнатылған шкивпен және Б/Н 10089207 карабинімен біріктіріліп орнатылады. (4) MSA ЖҮҚШ және Құтқарушы
ЖҮҚШ штативіне аяқ орнатылатын кронштейннің көмегімен бекітіледі, Б/Н 506216 немесе 506232. (5) Кеңейтілетін әр аяғының бір-бірден
түйіскен бекіту ілмегі бар. Әр ілмек қалаған биіктікке жеткен жерде аяқтың жоғарғы және төменгі арнайы тесіктеріне салынады (8-Сурет). (6)
Аяқтарға арналған бау штативі аяқтарын бір қалыпты күйде ұстауға және жүйені пайдалану (52-сурет) барысында қолданбалы жүктеуледі
үлестіру үшін қажет. Штативінде әр төменгі аяқ бөлігінің түбінде, аяқ негізі белтігі олар арқылы өрілген, тіркелген қосымшалары бар. Ол
толығымен жиналған кезінде соңы барлық үш тіркелген қосымшалармен өтіп, бөліп тұратын айылбастар арқылы қосылып, бекітіледі. (7)
Сондай-ақ, аяқ белтігін карабин P/N 10089207 арқылы штативтің басына да бекітуге болады және жүк белдік ретінде де қолданылады (9-
сурет). (8) Нейлонды дорба штативін тасымалдау барысында қорғау және штативті сақтау үшін қолданылады (10-сурет). (9) Карабин, P/N
10089207, штативінің басына MSA Бөлек Бекітпе дөңгелегін, P/N 506222, жанама тіркелген қосымша нүктелерге орнату үшін қолданылады.
(10) Тармақты орнатылған шкив Құтқарушы ЖҮҚШ кабелі немесе жүкарбасы бүйірлік шкив арқылы өтіп, жұмысқа қатынау мүмкіндігінің
ортасына түсе алатындай түрде Құтқарушы ЖҮҚШ немесе MSA бүйірлік жүкарбасымен біріктіріліп жұмыс істеу үшін жасалған. (11) Қосымша
MSA жебе жүкарбасы не MSA ЖҮҚШ штативі басының орталық бекіту нүктесіне бекітілуі мүмкін. (12) Штативіне жалғанатын қосымша
компоненттер туралы ақпарат алу үшін MSA-ге хабарласыңыз немесе әр бөлшектің жеке қолдану ережелерін қараңыз.
3. Пайдалану нұсқаулары: Осы пайдаланушы нұсқаулықтарымен танысқанына және білікті адамның бақылауымен дайындалғанына кепіл
болу MSA Workman штативін пайдаланушысының міндеті болып табылады. MSA Workman штативін қолдану үшін тиісті дайындықтан
өтуіңізге және оның қалай жұмыс істейтінін толығымен түсінгендігіңізге көз жеткізіңіз.
4. Жұмыс істеу тәртібі: Штативі мен оның барлық жүйелік бөлшектерін орнатып болмай, жабық зонаның қақпағын ашпау керек. Штативті
орнату және жөнге келтіру (13-18-Суреттер): 1-Қадам: Штативін еңкейтіп, тіке аяғына қойыңыз. 2-Қадам: Әр аяғын бір-бірлеп сыртқа қарай
тартып құлыпына салыңыз. Орнату кезінде әр аяқтың автоматты түрде жоғары қарай сарт еткізіп ілінетініне назар аударыңыз. Бекітпенің
орнатылып дұрыс тұрғанына көңіл бөліңіз. 3-Қадам: Аяқтарын люк жапқышының жұмыс және үстіңгі бетінің аумағы геометриясына
сәйкес қойыңыз. Тазалау талаптарына байланысты 6. Дизайн Есептемелері: 4-бөлімін қараңыз. 4-Қадам: Қосымша бөлшектері
штативінің басына жалғануы керек, Бөлек-Бекітпе дөңгелегі сияқты осы кезде штативінің басына құрастырылуы керек. Әр қосымша
бөлшекті штативіне қалай жалғау үшін тиісті қолданушы нұсқауларын қолданыңыз. 5-Қадам: Штативінің аяқтарын бір-бірлеп ілмекті
(үстіңгі аяқ бөліміне жалғанған) тарта отырып көтеріңіз, төменгі аяқ бөлігін біртіндеп ысырып алып шығып, қайтадан ілмекті салу қажет.
Штативінің басы қалаған биіктікке жеткенге дейін әр аяғы осылай ысырылып қайталануы қажет. Штативінің басы орнату аяқталғаннан
кейін бір қалыпта болу керек. Абайлаңыз, штативінің құлап кетпеуі үшін оның әр аяғының тым алыс орнатылмағанын қамтамасыз етіңіз.
Таяныш аяқтарын максимум таңбасынан артық созуға болмайды, 8-суретті қараңыз. 6-Қадам: Тиісті биіктікке жеткен кезде штативінің
мықты және тік орныққанына көз жеткізу керек. Штативі аяқтарының төменгі жағын аяқ қайысы бекітпесімен орау керек. Барлық аяқ
ілмектерінің қауіпсіз ілінгенін және аяқтарының басылған күйінде бекітілгенін тексеріңіз. Барлық жалғауыштармен белдікті бөліп тұратын
айылбастар арқылы тордың бос жағын тартып қысыңыз. Барлық жабдықтар штативінде өз орындарында болғанда, соңғы рет берік және
тік орнатылғанын тексеріңіз. Соңғы түзетулерді жасаңыз. Одан соң люктің жапқышын алып тастау қажет.
Штативін тасымалдау не сақтауға жинастыру үшін айтылған процестерді кері жасау керек. Құлыпталған аяқ ілмектерін босатып, аяғы мен
ілмекті ішке қарай басып қою қажет. Штативінің аяқтарын көрсетілгендей төменгі қайыспен абайлап қосыңыз (18-Сурет).
5. Тексеру ережелері: 1-Қадам: Штативінің белгілері бар және ресми екенін тексеріңіз. Ресми инспекция соңғы 6 айдың ішінде өткізілгенін
растау үшін ресми инспекция кестесін тексеріңіз. Егер де кестеден соңғы алты айда тексеріз өткізілмегені білініп тұрса (тесілу арқылы),
немесе кейбір белгілері жоғалып тұрса не ресми емес болса, штативін қолданылудан бас тартып, оны білікті маман тарапымен ресми
тексеріс өткізілгенге дейін «ҚОЛДАНБАҢЫЗ» деп белгілеңіз. 2-Қадам: Бас блогында тот, сызат, деформация, сынық, өзгертілген немесе
жоғалтылған бөлшектер, күйе, және жылу не химиялық әсер белгілерінің жоқ болуын тексеріңіз. 3-Қадам: Барлық темір бөлшектерде (яғни
бас бөлік, аяқтар, аяқ құлыптар, бекіту құлыптар, табандар) деформацияның, сынық, сызаттың, тот, терең ойықтардың, доғалған не бос
тұрған бөлшектердің, дұрыс емес жұмыс істеудің, және шамадан тыс жылу немесе химиялық әсер белгілерінің жоқтығын тексеріңіз. 4-Қадам:
Барлық темір емес бөлшектерде (мысалы тайғаққа төзімді табан астарлары, белгілер мен аяқ негізі белтігі) сызудың, сынықтың, шамадан
тыс қолдану белгілерінің, жоғалған немесе бос тұрған бөлшектердің болмауын тексеріңіз. Күйе және шамадан тыс жылу не химиялық
әсер белгілері жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. 5-Қадам: Штативі аяқтарының жұмысын тексеріңіз. Аяқтар аяқ қалталарында оңай жылжып,
толығымен ашқанда берік тұру қажет. Аяқтардың төменгі бөліктері жоғарғы бөліктерінің ішінде толық ұзындығы бойымен кедергісіз жылжу
керек. Штативінің аяқтары оңайша қойылып, орнатылғанда жерде тегіс қалуы қажет. 6-Қадам: Толық жүйенің бүкіл компоненттері мен
кішігірім жүйелерін сәйкес өндірушінің ережелеріне сәйкес қарап шығыңыз. Мұқият тексеру нәтижелерін техникалық тексеру формулярына
жазу қажет. Тексеруден кейін жоспарлы тексерудің аяқталғандығын дәлелдейтін тексеру туралы белгі салып немесе таңбалап қойыңыз.
6. Құрастыру туралы анықтамалар: (1) Штативі орнатылатын жер (бекіту нүктесі) 3 м қашықтықта 152 мм-ден артық еңкеймеуі керек.
2,8°-тан артық еңкейгенде штативі сырғанап немесе төңкеріліп кетуі мүмкін.
(2) Жердің (негіздің, еденнің) күші таянышты орнату кезінде 10 кН кем болмауы керек. Штативімен бір ғана адам қолдана алады. Қосалқы
топ мүшелері ретінде штатив тұрған жерде жүрген өзге жұмысшылар өзінің мақсаты мен іскерлік міндеттеріне сай жеке дара қауіпсіздік
жүйелерді қолдану міндеттенеді.
(3) Құрылысқа немесе жерге соғылуды болдырмау үшін азғантай ғана саңылаудың болуына назар аудару ҚАЖЕТ. Орнатуға қажет
орынның көлемі қолданылған кішігірім бекітпе жүйесіне және бекіту нүктесінің немесе бекіту нүктесі байланысының орналасуына
байланысты. Төңкерілу мен жақын жерде тұрған өзге объектілермен қақтығысуды болдырмаңыз. Әр уақытта тікелей бекіту нүктесі/бекіту
нүктесі байланысы астында жұмыс істеңіз. Осы ескертуді орындамау ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
(4) Тік тұрған және жұмыс күйіндегі кезде, штативі табандарының күйлері арасындағы аралық және жұмысшы төмен түскенде
© 2011 MSA
Page 47

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido