MSA Workman Manual Del Usuario página 49

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
P/N 10112828
қолданатын қатынау түрі, штативінің аяқтарының ешбіреуінің қатынау жерінің үсті жағында немесе саңылаудың шет жағына тым жақын
жерде орналаспайтындай және ашық жерге құлап қалуы мүмкіндігі болмайтындай болуы керек. Әрбір жұмыс қалпындағы штативі аяғы
мен бекіту нүктесі арасындағы жер минимум 0,9 м қашықтықта және қосалқы жұмыскерлерге орнату, қолдану және бұзу барысында
қимылдауға бөгет етпейтіндей болуы қажет (11-12-Суреттер). Жұмыс орнын Жығылу-Тоқтату Жұмысы Жүйесінің қызметін тоқтата алатын
кедергілерден, шалыну қауіпінен және сұйықтықтың төгілуінен таза ұстаңыз.
(5) Штативін толық орнатуға бекіту нүктесі үстінде жеткілікті орын болу керек. Бұл орын көлемі 1 суретте берілген. Бас жағына қажет
ішкі орын штативі басына бекітілетін жүйе компоненттеріне (қосалқы құрылғыларға) байланысты. Ондай орнатумен байланысты бас
ауданына қажет жерді білу үшін әрбір жүйе компонентімен келетін Қолдану Ережелеріне көңіл бөліңіз.
(6) Қышқылды, сілтілі, не басқа қатал қоспалар бар табиғат штативінің аспап элементтерін зақымдау мүмкін. Егер де сіз химиялық
агрессивті жерде жұмыс істесеңіз, сіздің ерекше жағдайыңызға тән жүйе компоненттерін MSA-ден біліңіз. Химиялық қауіп, жылу және
тот штативіне зақым келтіруі мүмкін. Химиялық қауіп, жылу және тот жағдайларында, ресми инспекцияларды жиірек өткізу керек. 85 °С-
ден жоғары жағдайларда қолданбаңыз. Тотты табиғат әсеріне ұзақ уақытқа ұшыратпаңыз. Электр қуаты көздерінің маңайында жұмыс
істегенде, өте сақ болыңыз. Электр қуаты көздерінен қауіпсіз қашықтық (мүмкіндік бойынша 3 м-ден кем емес) сақтаңыз. Жылжымалы
техника бөлшектерінің жанында жұмыс істегенде (мысалы конвейерлер, айналатын біліктер, пресстер және басқалар), жүйенің әрбір
бөлігінде бос тұрған элементтердің болмауын қамтамасыз етіңіз.
(7) Пайдаланушыда құтқару жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген жағдайларда жедел құтқару
үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқуларды қарастыруы қажет.
(8) MSA Workman штативіне бекітілген барлық компоненттер (мысалы дене бөлігі, құлып ілмегі т.б.) оған сәйкес болуы ТИІС. MSA
Workman штативі сертификатталған бекіту компоненттері мен ішкі жүйелерімен қоса пайдалануға арналған. MSA Workman штативін
MSA компаниясы жазбаша құптамаған басқа бұйымдармен бірге қолдану жүйе құрауыштарының функционалды мүмкіндіктеріне және
тұтастай жүйенің беріктігіне кері әсер етуі мүмкін. Егер сізде қандай да бір сұрақ туындаса немесе сізге аса толық ақпарат қажет болса,
MSA компаниясына хабарласыңыз.
(9) MSA Workman штативі киім, құрал-саймандар және басқа пайдаланушыға қажетті заттарды қосқанда, біріктірілген жалпы салмағы
181 кг-нан аспайтын бір адам қолданылатындай етіп жасалған. Биіктікте жұмыстар жүргізу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды
болу қажет. Кейбір медициналық аурулар MSA Workman штативін қалыпты пайдалану кезінде, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәрі-
дәрмектер қабылдау, жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі және т.б.) пайдаланушыға қауіп келтіруі мүмкін. Егер күмәндансаңыз қауіпсіздік
белбауларын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. MSA Workman штативін жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға
БОЛМАЙДЫ.
EN 361 стандартына сәйкес толық мөлшерлі сақтандыру бауы құлаудан қорғау жүйелерінде пайдалануға болатын бірден бір жарамды
орнықтырғыш айлақұрал болып табылады.
Құлауды сактандыру жүйесі «А» құлаудың алдын-алу үшін ТЕК артқы D-пішіндегі сақинаға бекітілуі ТИІС немесе тек алдыңғы D-пішіндегі
сақинаға бекітілуі тиіс. Сонымен қатар бұл жер құтқарғыш көтеру жүйесін бекітуге де қолданылуы мүмкін. Биіктікке көтерілу кезінде
немесе құлаған жағдайда қырындағы D–пішінді сақинаны ешқашан пайдаланбаңыз. Сақтандыру бау жүйесінің қырындағы D-пішіндегі
сақиналары ТЕК (EN 358) жұмыс істеу қалпын белгілеу жүйесін қосу үшін ғана қоданылуы КЕРЕК және құлауды тоқтату жүйесін қосуға
ЕШҚАШАН қолданылмайды.
Әрбір пайдалану алдында MSA Workman штативін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қарап шығыңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз. Штативінің
бүкіл жерлерінде шамадан тыс тозудың, жоғалған немесе сынық элементтердің, тот немесе басқа да залалдардың болмауын тексеріңіз.
Белгінің бар болуын немесе ресми болуын тексеріңіз; мүмкін дұрыс емес қызмет етудің, қате бекітілу немесе кейбір компоненттерінің
ауысуының белгілері бар. Егер тексеру кезінде MSA Workman штативтің қауіпті жағдайын анықтаса, өкілетті тұлғадан жазбаша растау
алмайынша, оны қолданбаңыз. Сонымен қатар MSA Workman штативін қолдану еліндегі заңдарға сәйкес, әрбір алты ай сайын тиісті
бақылау органдарының құзырлы мамандары тексеріп шығуы ТИІС. Тексеру ережелерін қараңыз.
MSA Workman штативін ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және жөндеуге ТЫРЫСПАҢЫЗ. MSA компаниясы немесе MSA компаниясының өкілетті тараптары
ғана MSA Workman штативін жөндей алады. Жүйені басқа мақсаттарда немесе ол арналмаған мақсаттарда пайдаланбаңыз.
Құлаудан тоқтату әсеріне тиген әрбір штативі тез арада қызмет етуді тоқтатып, ресми инспекция шараларын өткізуге тапсырылып
қайтарылғанға дейін «ҚОЛДАНБАҢЫЗ» деп белгілену керек.
Пайдаланушының қауіпсіздігі үшін төмендегі шарт маңызды болып табылады: егер MSA Workman штативі арналған елдің шектерінен
тыс қайта сатылатын болса, сауда делдалы MSA Workman штативін пайдаланатын елдің тілінде іске пайдалану, техникалық қызмет
көрсету, мезгілдік тексеру және жөндеу жүргізу үшін қажет нұсқаулықтар мен ақпарат беруге тиіс.
Бұл талаптарды орындамау немесе дұрыс қолданбау қауіпті жарақаттарға немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.
MSA Workman штативін дайындауда пайдаланылған материалдарға зақым келуін болдырмау үшін, осы бөлімде келтірілген тазалау
жөніндегі нұсқауды дұрыс орындаңыз. Штативін суға ерітілген жуғыш құралмен тазалаңыз. Аспаптарды таза шүберекпен құрғатып қойыңыз.
Кебуді жылумен жылдамдатпаңыз. Кірдің, бояудың немесе басқа да бөтен заттардың шектен тыс жиналуы жиынтық бөлшектердің дұрыс
жұмыс істеуіне кедергі жасауы және кейбір жағдайда оларды әлсіретуі мүмкін. Жиынтық бөлшектерді қауіпсіз пайдалану және тазалауға
қатысты мәселелер бойынша MSA хабарласыңыз.
Барлық зақымданған немесе техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін сақтандыру жабдықтары «ҚОЛДАНБАҢЫЗ» деп маркалануы және
пайдаланудан алынып тасталуы керек. Ақауларды жоюға қатысты техникалық қызметтер (тазалаудан басқалары) және элементтерін
ауыстыру сияқты жөндеу жұмыстары MSA зауытында жүргізілуі керек. Дала жағдайында өз бетімен жөндеуге тырыспаңыз.
MSA Workman штативін тікелей күн сәулесі түспейтін, салқын, құрғақ, таза жерде сақтаңыз. Ыстық, ылғал, жарық, майлар, химикаттар
және ауада олардың концентрациясы бар бөлмеде немесе басқа бүлдіргіш факторлары бар жайларда сақтамаңыз. Зақымданған немесе
техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жабдықтарды жарамды жабдықтармен бірге сақтамаңыз. Сақтар алдында қатты былғанған,
ылғалданған немесе басқа жолдармен ластанған жабдықтарға тиісті техникалық қызмет көрсету керек (мысалы, кептіру және тазалау).
Ұзақ сақталған жабдықты пайдаланар алдында білікті органның өкіліне ресми тексертіп алған жөн. Таяныш қандай да бір механикалық
деформациядан не механикалық жүктемеден (не әсерден) сақталуы тиіс. Адамдардың оны материалдар қорында қалдырып, үстіне
лезде ауыр заттарды қойып қоюы әдеттегі жағдай болып табылады.
MSA Workman штативін жыртылудан, ылғалдан, химикаттардан және олардың буларынан, экстремалды температуралар мен ультракүлгін
сәулелерінен сақтау үшін орамда тасымалдаңыз.
Page 48
САҚТАНДЫРУ
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕН САҚТАУ
ҚАЗАҚША
© 2011 MSA

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido