3M DBI Sala KF71201466 Manual Del Usuario página 120

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 47
3.0 ОРНАТУ
3.1
ЖҰМЫСТЫ ЖОСПАРЛАУ: Жұмысқа кірісуден бұрын құлаудан қорғау жүйесін пайдалануға қатысты жоспар
құрыңыз. Құлаудан бұрын, құлаған жағдайда және одан кейін қауіпсіздігіңізге әсерін тигізуі мүмкін барлық
факторларды ескеріңіз. 1-бөлімде берілген барлық талаптар мен шектеулерді ескеріңіз.
3.2
БЕКІТУ НҮКТЕСІ: Еркін құлау аралығы және тербеліс салдарынан құлау қаупі ең төмен болатын бекіту нүктесін
таңдаңыз (1-бөлімді қараңыз). 1-бөлімде берілген статикалық жүктемелерді көтере алатын берік бекіту нүктесін
таңдаңыз.
3.3
ДЕНЕ САЛМАҒЫН ІЛУ БЕКІТПЕСІ: Шектегіш/жұмыс күйін бекітетін ілгіш бауды денені толығымен ілетін белдік
немесе дене бауымен бірге пайдаланыңыз. Шектегіш ілмекті пайдаланар кезде ілгіш бауды сақтандырғыш
белдік немесе баудағы тиісті тіркеме элементіне (D тәрізді сақина - 6-суретті қараңыз) жалғаңыз. Ілмекті өзге
жағдайларда пайдалану мен ұсынылған бекіту нүктелері туралы білу үшін сақтандырғыш белдік немесе баумен
бірге берілген қараңыз.
3.4
ҚОСЫЛЫМДАР ЖАСАУ: анкерлік бекіткішке жалғау үшін ілмекті пайдаланған кезде немесе жүйенің жалғағыш
элементтерін бекіткен кезде, олардың шығып кетпейтініне көз жеткізіңіз. Шығып кету жағдайы ілгек пен оған
тиетін жалғағыш арасындағы өзара әрекет нәтижесінде ілгек ысырмасы өздігінен ашылып, босап кеткенде орын
алады. Шығып кету ықтималдығын барынша азайту үшін өздігінен құлыпталатын ілгектер мен карабиндерді
пайдалану қажет. Тіркелетін элементтің үстінде толық жабылмайтын ілмектерді немесе жалғағыш элементтерді
пайдаланбаңыз. Қосылымдар жасау туралы қосымша ақпаратты қосымша жүйенің өндіруші нұсқаулығынан
қараңыз.
3.5
ЖҰМЫС ОРНЫН БЕКІТКІШ БАУҒА ЖАЛҒАУ: жалғаған кезде оның шығып кетпейтініне көз жеткізіңіз.
(2.5 «Қосылымдар» бөлімін қараңыз.) Шығып кету жағдайы ілгек пен оған тиетін жалғағыш арасындағы өзара
әрекеттің нәтижесінде ілгек ысырмасы өздігінен ашылып, босап кеткенде орын алады. Анкерлік бекіткіштің
беріктігін, қосылымдардың дұрыстығын және арқанның реттелгенін төмендегі пункттер бойынша тексеріңіз:
•Анкерлік бекіткіштің жүк көтергіштігі жеткілікті.
• Ілмек пен карабин толық сақтандыру белдігіне немесе дене белдігіне дұрыс жалғанған.
• Ілгіш бау анкерлік бекіту нүктесінен төмен немесе ары қарай сырғып кетпейді.
• Ілгіш баудың керілісі дұрыс.
4.0 ПАЙДАЛАНУ
;
ілгіш бауларды (ілгіш бауларды) алғашқы рет немесе сирек пайдаланатын қолданушылар ілгіш бауды
пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықтың басындағы «Қауіпсіздік мәліметімен» танысуы керек.
4.1
ЖҰМЫСШЫ ТАРАПЫНАН ӨТКІЗІЛЕТІН ТЕКСЕРІС: Әр пайдаланудан бұрын ілгіш бауды тексеру және күтім
жасау кітапшасы (2-кесте) бөліміндегі тексеру тізіміне сай тексеріңіз. Егер тексеріс қауіпсіз жағдайдың бар
екенін немесе ілгіш баудың зақымданғанын немесе құлау кезінде пайдаланылғанын анықтаса, ілгіш бауды
пайдалануды доғарып, жойып жіберіңіз.
4.2
ЖҰМЫСЫ: Әрдайым ілгіш баудың денені ұстап тұратын ұшын алдымен денені толығымен сақтандырғыш
белдікке немесе дене белдігіне, содан кейін ғана төменгі жақ үшін ыңғайлы бекіту нүктесіне жалғаңыз. Құлау
қаупіне жақын жерлерде ілгіш баудың бос бөлігін бекіту нүктесіне барынша жақындап жұмыс жасау арқылы
әрдайым азайтып отырыңыз. Денені ұстап тұратын бау мен бекіту нүктесіне жалғауға қатысты мәлімет алу үшін
3-бөлімді қараңыз. Пайдалану кезінде бекіту және / немесе реттеу элементтерін үнемі тексеріп отырыңыз.
4.3
ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІН: Құлау кезінде ұстап қалу күштері әсер еткен немесе орнату және күтім жасау кітапшасы
(2-кесте) сипатталғандай құлаудан қорғау күштерінің әсіріне сай келетін зақымдану белгілері бар кез келген
ілгіш бауды пайдалануды дереу доғарып, жойып жіберу қажет.
5.0 ТЕКСЕРУ
5.1 ТЕКСЕРІС ЖИІЛІГІ: ілгіш бауды 2-бөлімде берілген аралықтарда тексеріп тұру қажет. Тексеру процедурасы
«Тексеру және күтім жасау кітапшасында» (2-кесте) сипатталған.
;
Жұмыс жасауға қолайсыз жағдайлар (ауа-райы қолайсыз жерлер, ұзақ уақыт пайдалану және т. б.) тексеріс
жиілігін арттыруды талап етуі мүмкін.
5.2
ҚАУІПТІ НЕМЕСЕ ЖАРАМСЫЗ КҮЙІ: Егер тексеріс барысында қауіпті екені немесе зақымданғаны анықталса,
ілгіш бауды пайдалануды дереу доғарып, байқаусызда пайдаланылуына жол бермеу үшін жойып жіберіңіз. Ілгіш
бауларды жөндеу мүмкін емес.
5.3
ӨНІМНІҢ ЖАРАМДЫ МЕРЗІМІ: 3M ілгіш баулардың жарамдылық мерзімі жұмыс шарттарына және күтіміне
тәуелді келеді. Максималды жарамдылық мерзімі экстремалды жағдайларда көп қолданылған баулар үшін 1
жылдан орташа деңгейлі жағдайларда аракідік қолданылған баулар үшін 10 жылға дейін баруы мүмкін. Өнім
тексеріс талаптарына сай болып шықса, оны ең көбі 10 жыл бойы пайдалана беруге болады.
5.4 РЖС БИРКАСЫ: бау радио жиілікті сәйкестендіру (РЖС) биркасымен бірге келеді (7-суретті қараңыз). Тексеріс
пен инвентарды бақылау жұмысын жеңілдету және құлаудан қорғау жабдығыңызға қатысты жазбалар енгізу
үшін РЖС биркасын қолға шақталған оқу құрылғысымен және веб порталмен бірге пайдалануға болады. Мәлімет
алу үшін 3M техникалық қызмет көрсету өкілімен (артқы жағын қараңыз) хабарласыңыз. Деректеріңізді веб
кітапшаға көшіру үшін қолға шақталған оқу құралында немесе веб порталда берілген нұсқауларды орындаңыз.
120

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

1201466

Tabla de contenido