6. Қапталған құрылғыларды салқын, құрғақ жерде сақтаңыз.
2. ҚОЛДАНУ АЯСЫ
ҚОЛДАНУҒА БОЛАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
LOTUS ультрадыбыстық хирургиялық жүйелері мен керек-жарақтары қан кетуді
басқару және термиялық жарақаттарды барынша азайту маңызды болған
жағдайларда жұмсақ тінді хирургиялық жолмен кесу үшін пайдаланылады.
LOTUS Series 4 ультрадыбыстық хирургиялық жүйесі мен керек-жарақтары
жалпы, гинекологиялық, кеуде операцияларында, сондай-ақ ортопедиялық
құрылымдарға (мысалы, жамбас буыны) әсер етілген жағдайларда электр хи-
рургия, лазерлік хирургия және әдеттегі скальпельдерге қосалқы құрал ретінде
немесе олардың орнына пайдаланылуы мүмкін.
ҚОЛДАНУҒА БОЛМАЙТЫН ЖАҒДАЙЛАР
Бұл жүйе жүрекке ота жасау үшін арналмаған. Манипулятор жуандығы 5 мм-ден
үлкен болған тамырларды коагуляциялау және кесу үшін арналмаған. Құрылғы
сүйекті кесуге арналмаған. Құрылғы жатыр түтігін бітеуге арналмаған.
3 ҚҰРЫЛҒЫ СИПАТТАМАСЫ
Көп мәрте пайдаланылатын LOTUS түрлендіргіші бір рет қолданылатын LOTUS
манипуляторымен бірге қолданылуға арналған. Бірге пайдаланылған жағдай-
да, манипулятор мен түрлендіргіш пайдаланушыға кіші тамырлардың жұмсақ
тінін кесіп, осының барысында қан кетуін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін
қайшы тәрізді құрылғыға айналады.
4 ҚОЛДАНУ ҚАДАМДАРЫ
1. Құрылғы тазаланған, зарарсыздандырылған қалыпта болғанына көз жеткізіңіз.
2. Түрлендіргіш генератордан ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
3. Манипулятордың қысқышы ашық күйде тұрғанына және тартпа толығымен
алдыңғы позицияда тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. Толқын арнасын тиісті манипуляторға / қосарланған жүз жеңіне енгізіңіз.
Ол үшін бір рет қолданылатын манипулятормен / жеңмен бірге берілген
нұсқауларды немесе LOTUS Series 4 ультрадыбыстық хирургиялық жүйелері
мен керек-жарақтарының пайдалану нұсқауларын қараңыз.
5. Түрлендіргіштің қақпақшасын зарарсыз емес жерде шығарып алып,
түрлендіргішті генераторға жалғаңыз.
6. Бүкіл жүйеге қатысты толық ақпаратты және пайдалану әдістемесін LOTUS
Series 4 ультрадыбыстық хирургиялық жүйелері мен керек-жарақтарының
пайдалану нұсқауларынан қараңыз.
5 ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
5.1 ҚҰРЫЛҒЫҒА ҚАТЫСТЫ
1. Қолданудан бұрын немесе қолдану кезінде түрлендіргіш бүлінген немесе
майысқан жағдайда, оны ауыстырыңыз.
2. Аз инвазивтік құрылғылардың өлшемдері әр түрлі өндірушілерде әр
түрлі болуы мүмкін. Әр түрлі өндірушінің құрылғылары бірге қолданылса,
процедураға кіріспес бұрын, олардың үйлесімділігіне көз жеткізіңіз.
3. Құрылғыны өзгертуге әрекет жасауға болмайды. Зақым немесе өзгеріс сал-
дарынан резонансты ұстап тұру мүмкіндігіне кері әсер тиіп, құрылғының
тиімділігі төмендеуі мүмкін. Зақым келген деген күдік туындаса, жабдықты
қолдануға болмайды.
4. Операция кезінде қысқыш пен толқын арнасының арасына қан мен тін
жиналуы мүмкін. Мұның салдарынан құрылғының ұшы әдеттегіден қатты
қызуы мүмкін. Күйдіру қаупіне жол бермеу үшін құрылғыға жиналған, көзге
көрінетін тінді кетіріңіз.
5. Құрылғыны трокарға енгізген және одан шығарған кезде, қысқыш жабық
екеніне көз жеткізіңіз.
6. Қысқышты артқа майыстырмаңыз. Құрылғыны қабына салған кезде абай
болыңыз.
7. Қандай да қуат көзі қолданылса да (электрхирургия, лазер немесе ультра-
дыбыс), процедураның жанама өнімдері, мысалы, тін түтінінің ағыны мен
аэрозольдердің канцерогендік және инфекциялық жұқпа қаупі болады.
Ашық және лапароскопиялық процедураларда тиімді қорғаныс жабдығы
қолданылуы керек.
8. Қысқыш майысып қалса, оны түзетуге әрекет жасамаңыз. Құрылғыны
тастап, жаңасын қолданыңыз.
9. Іске қосылып тұрғанда толқын арнасы кез келген металл затқа тисе,
ұшқын пайда болуы мүмкін. Сондықтан маңында тұтанғыш газдар немесе
104