MSA 10119074 Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 47

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
ҚАЗАҚША
P/N 10129886
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жұмыс барысы мен Қолдану тәсілдері: ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) сақтандырғышы немесе карабіні бар ілмектен;
қаптамадан; жүк асатын арқаннан (арқан); және, жүктеме индикаторынан тұрады (Cуретті қараңыз 4 & 5). Конструкцияның материалы
болат, поликарбонат пластигі, болат арқан, нейлон немесе полиэстер торы. ТҚТТ EN 361 сақтандыру белдігіне және сәйкес бекіту
нүктені тіреу қосқышқа бекіту кезінде EN 363:2008 құлаудан жеке сақтандыру жүйесінің элементі болып табылады. ТҚТТ өз мақсатында
пайдаланыңыз. Рұқсат етілген бекіту нүктелерін анықтау мақсатында белдікке қоса берілген нұсқаумен танысып шығыңыз. Жерге құлаған
жағдайда, құрылғы автоматты түрде белгілі биіктікте тұрған жұмысшының төмен түсуін тоқтатады да, жүйенің адам денесіне түсіретін
қысымын шектейді.
ТҚТТ тігінен пайдаланылуы тиіс.
2. Дайындық: MSA өндірген ТҚТТ қолданушы бұйымды оларды пайдалану жөніндегі осы нұсқаулықпен таныстырылуын қамтамасыз етуі
қажет жәәне оларды өткізу үшін білікті маман дайындауына жауапты болып табылады. ТҚТТ пайдалану бойынша қажетті дайындықтан
өткендігіңізге жәәне оның жұмыс принципін толығымен түсінетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
Химиялық қауіпті факторлар, жоғары температура жәәне таттану ТҚТТ зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда тексерулерді жиі өткізу
қажет. Температура -30°C 0-ден төмен және 50°C 0-ден жоғары болған жағдайларда сақтандыру белбеулерін қолдануға тыйым салынады.
3. Құтқару ережесі: Пайдаланушыда құтқару жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген жағдайларда
жедел құтқару үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқуларды қарастыруы қажет. Құтқару барысында әрқашан құтқарушымен ашық
немесе жанама көзбе-көз кездесу немесе басқа да байланыс түрі болу керек.
4. Жүйе бөлшектерінің сыйысуы: ТҚТТ бекітілген барлық компоненттер оған сәәйкес БОЛУЫ ТИІС. MSA өндірген ТҚТТ сертификатталған
бекіту компоненттері мен ішкі жүйелерімен қоса пайдалануға арналған. Бекіту ішкі жүйелері келесі мақсаттарда пайдаланылу үшін
сәйкес келуі тиіс (атап айтқанда, құлаудан қорғау үшін, құтқару немесе басқа жерге көшіру кезінде). Бекіту компоненттерінің немесе
ішкі жүйелерінің жарамдылығын анықтау үшін, арқан өндірушінің нұсқаулықтарына назар аударыңыз. Қандай да бір сұрақ туындаған
жағдайда немесе аса толық ақпарат алу үшін MSA компаниясына хабарласыңыз.
5. Физикалық шектер: ТҚТТ киімін, құралдары мен басқа алып жүретін заттарды қоса алғандағы салмағы бұйым этикеткасында көрсетілген
салмақтан аз болатын бір ғана пайдаланушыға есептелген. Биіктікте жұмыстар жүргізу үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды болу
қажет. Кейбір медициналық аурулар ТҚТТ қалыпты пайдалану кезінде, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәәрі-дәәрмектер қабылдау,
жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі жәәне т. б.). Егер күмәндансаңыз қауіпсіздік белбауларын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. ТҚТТ
жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға БОЛМАЙДЫ.
6. Жұмыс барысы:
(1) ТҚТТ-нің тірек тіреуішін арнайы тіркеу құралын қолданып, EN 362 сәйкес оған келетін тірекке жалғаңыз (2 суретті қараңыз). Карабинді
мақұлданған денені асып қоятын арқанның артқы D-сақина құлыбына жалғаңыз. Карабиннің ауызы толығымен жабық әрі құлыптанғанына
көз жеткізіңіз. Қолданушы кергішті жылдам тартып, құрылғы құлыптануы тиіс. Жүктеме индикаторы тексеріңіз, пайдаланудың алдында
құрал жақсы жұмыс жағдайында болуы тиіс.
ТҚТТ жұмыс жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін жүйелі түрде тексерілуі ТИІС. (Тексеру нұсқауларын қараңыз (7))
7. Тексеру нұсқаулары:
ТҚТТ жұмыс жағдайда екендігіне көз жеткізу үшін әр пайдаланудың алдында тексерілуі тиіс. (1) Сым немесе торды тексеріңіз және жүйелі
түрде тазалаңыз. (2) ТҚТТ майламаңыз. (3) Корпуста сырт қоқыстардың жоқ екендігін тексеріңіз. (4) Белгілер мен ескертулер айқын
болуы тиіс. (5) Корпустағы кергішті жылдам тарту арқылы құрал құлыптарын нығайтыңыз. Құрал құлыптанып, кергіш босатылмағанша
құлыптанған күйде қалуы тиіс. (6) Жүктеу индикаторының іске қосылғандығын тексеріңіз. Егер жүктеме индикаторы іске қосылу белгілерін
көрсетсе, құрылғы өндірушіге немесе өнідруші тағайындаған ұйымға қайтарылуы тиіс.
Қажетті түрде сақтамау, дұрыс пайдаланбау, іске қосылған құлаудан қорғау жүйесі, механикалық өзгерістер, химиялық заттармен
(қышқылдар мен сілтілер) байланысу, жоғары температуралардың әсер етуі сияқты факторлар бұйымның техникалық сипаттамаларын
төмендетіп, оның пайдалану мерзімін азайтуы мүмкін.
Тексеру кезінде қауіпті жағдай анықталса, білікті адам жұмыс істеуді жазбаша түрде мақұлдамағанша ТҚТТ пайдаланбаңыз.
САҚТАНДЫРУ
EN 361 стандартына сәйкес толық мөлшерлі сақтандыру бауы құлаудан қорғау жүйелерінде пайдалануға болатын бірден бір жарамды
орнықтырғыш айлақұрал болып табылады.
ТҚТТ «А» құлаудың алдын-алу үшін ТЕК артқы D-пішіндегі сақинаға бекітілуі ТИІС немесе тек алдыңғы D-пішіндегі сақинаға бекітілуі тиіс.
Сонымен қатар бұл жер құтқарғыш көтеру жүйесін бекітуге де қолданылуы мүмкін.
Биіктікке көтерілу кезінде қырындағы D–пішінді сақинаны ешқашан пайдаланбаңыз.
Құрылғының қауіпсіз пайдалануында күмән туса, оның пайдалануын дереу тоқтату қажет. Тіркеуді пайдаланушы қабылдауы тиіс.
Құтқарушы көтеруші құралдың классы және жылжитын аспалы арқан материалының белгілерін қараңыз. Құтқарудан кейін құрылғыны
білікті маман тексеруі тиіс.
ТҚТТ қосу кезінде, құлау кезінде айналып түсу қаупін азайту үшін тікелей жұмысшының ҮСТІНДЕ орналасқан бекіту нүктесін таңдап
алыңыз (8 суретті қараңыз). Күші сенімсіздік тудыратын бекіту нүктелеріне жақындамаңыз. Арнайы осы мақсаттарға арналған (EN 795
стандартына сәйкес) құрылымдық бекіткіштерді, немесе ең аз күші 10кН құрайтын бекіту нүктелерін ҚОЛДАНЫҢЫЗ. Ықтимал құлау қаупі
мен құлаудың ара қашықтығын барынша азайту қажет.
Құрылысқа немесе жерге соғылуды болдырмау үшін қолданушы аяғынан азғантай ғана саңылаудың (6 суретті қараңыз) болуына назар
аудару ҚАЖЕТ. Ұсынылған ең аз арақашықтық 3 м құрайды.
ТҚТТ ӨЗГЕРТПЕҢІЗ және жөндеуге ТЫРЫСПАҢЫЗ. Бөлшектерді байламаңыз! MSA компаниясы немесе MSA компаниясының өкілетті
тараптары ғана ТҚТТ жөндей алады.
ТҚТТ құлауды тежеу кезінде туындаған соққы күшіне немесе кернеуіне ұшыраған жағдайда, құрылғыны пайдаланудан шығару ҚАЖЕТ
және «АҚАУЛЫ» деген таңбамен белгілеп қою қажет. Жүктеме индикаторы (Cуретті қараңыз 4 & 5) істен шыққан жағдайда, құрылғыны
пайдаланудан шығарыңыз.
Құлаудан қорғауға арналған ТҚТТ тек бір адамға ғана қолданыңыз. ТҚТТ шектеуші немесе орналастыру құрылғысы ретінде
пайдаланбаңыз. ӨЖА электр тогы соғу қаупі бар ортада орнатпаңыз және пайдаланбаңыз. Құлаудан қорғауға арналған жүйені массалар,
дәлірек айтқанда, сусымалы, құмды немесе сұйық құралдар араласып кету қаупі бар жерлерде пайдаланбаңыз.
Сақтандырғышы бар ілмектің дұрыс бекітілгендігін тексеру үшін өз интуицияңызға немесе естілетін дыбыстарға сенім артпаңыз. Дұрыс
бекітілгендігіне көз жеткізу үшін, арқанды қарап шығыңыз. Пайдаланар алдында көзбен шолып шығыңыз, ысырмасы немесе тұтқышы
жабылғандығын тексеріп алыңыз.
© 2012 MSA
Page 47

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

101190751011907610119077

Tabla de contenido