MSA Workman Mini PFL Serie Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 63

Dispositivos anticaídas retráctiles
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 27
ҚАЗАҚША
P/N 10157620
ҚАЗАҚША
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
1. Жұмыс барысы мен Қолдану тәсілдері: Тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі EN 360:2002 және EN 355:2002 стандарттарына
сәйкес келеді. Бұйым құрамы екі карабин, қаптама, тартылатын жүк асатын бау (арқан), жүктеме индикаторы (4-суретті
қараңыз) және бар болса, RFID-белгісінен (5-суретті қараңыз) тұрады. Арқан полиамидті тоқыма баудан дайындалған, бұл
өнім жапсырмасында (8-сурет, 13-күйді қараңыз) белгіленеді. Өнім EN 361 (Бразилия стандарты: ABNT NBR 15836; Австралия
стандарты: AS/NZS 1891.4:2009) стандартына құлаудан қорғау бауының құлаудан қорғау жүйесіне және анкерлік бекіту нүктесіне
бекітілген кезде EN 363:2008 (Бразилия стандарты: ABNT NBR 14628; Аргентина стандарты: IRAM 3605; Австралия стандарты: AS/
NZS 1891.4:2009) стандартына сай құлаудан қорғау жүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл өнімді тек ұсынылған ереже бойынша
пайдаланыңыз. Рұқсат етілген бекіту нүктелерін анықтау мақсатында белдікке қоса берілген нұсқаумен танысып шығыңыз.
Өнім жоғарыға көтерілу, төмен түсу, сондай-ақ бір жағына қозғалған кезде құлаудан үздіксіз қорғауды қамтамасыз ету үшін
қолданылуы мүмкін. Жерге құлаған жағдайда, құрылғы автоматты түрде белгілі биіктікте тұрған жұмысшының төмен түсуін
тоқтатады да, жүйенің адам денесіне түсіретін қысымын шектейді.
Тек екі аяқты конфигурациялар үшін: Өнім жұмыс алаңында қозғалу кезінде пайдаланушыларға 100% қорғаныс беруге
арналған.  Т іреуіштердің (аяқтардың) бірін пайдаланушы жаңа позицияға қозғалған кезде тиісті бекіту бөлігіне қосу керек. Жаңа
позицияда тұрып, екінші тіреуішті (аяқты) алдыңғы тіреуішті ажыратпас бұрын тиісті бекіту бөлігіне бекітіңіз. Бұл процедураны
соңғы нүктеге жеткенше қайталаңыз.
Өнім RFID қолдауы мүмкін.
Тігінен тарту қолданыстары үшін PFL құрылғысын тікелей пайдаланушының үстіне орнатыңыз. Білікті маман көлденең немесе
қисайтылған қолданыстарды тексеріп, мақұлдауы қажет. PFL құрылғысын орналастыру құрылғысы ретінде пайдаланбаңыз. Тік
жазықтықтағы рұқсат етілген анкерлеу қосылымының орындары 6-суретте көрсетілген.
2. Дайындық: MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) қолданушы бұйымды оларды пайдалану жөніндегі
осы нұсқаулықпен таныстырылуын қамтамасыз етуі қажет және оларды өткізу үшін білікті маман дайындауына жауапты
болып табылады. Осы өнімді пайдалану бойынша қажетті дайындықтан өткендігіңізге және оның жұмыс принципін толығымен
түсінетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
Химиялық қауіпті факторлар, жоғары температура және даттану өнімді зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда тексерулерді жиі
өткізу қажет. Температура -40°C 0-ден төмен және 60°C 0-ден жоғары болған жағдайларда сақтандыру белбеулерін қолдануға
тыйым салынады.
3. Құтқарылу ережесі: Пайдаланушыда құтқарылу жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген
жағдайларда жедел құтқару үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқытуды қарастыруы қажет. Құтқару барысында әрқашан
құтқарушымен ашық немесе жанама көзбе-көз кездесу немесе басқа да байланыс түрі болу керек.
4. Жүйе бөлшектерінің қамтылуы: өнім бекітілген барлық компоненттер оған сәйкес БОЛУЫ ТИІС. Жабдық элементтерін біріктіріп
пайдаланған кезде бір заттың қауіпсіз функциясы басқасына әсер етуі немесе кедергі жасауынан туындайтын қауіп-қатер бар.
MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) сертификатталған бекіту компоненттері мен ішкі жүйелерімен қоса
пайдалануға арналған. Бекіту ішкі жүйелері келесі мақсаттарда пайдаланылу үшін сәйкес келуі тиіс (мысалы, құлаудан қорғану
үшін). Бекіту компоненттерінің немесе ішкі жүйелерінің жарамдылығын анықтау үшін, арқан өндірушінің нұсқаулықтарына назар
аударыңыз. Қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда немесе аса толық ақпарат алу үшін MSA өндiрiс орталығымен хабарласыңыз.
5. Денсаулық шектеулері: Өнім салмағы киім, құралдар және пайдаланушыға қатысты басқа да заттармен қоса 140 кг жүк
сыйымдылығынан аспайтын бір пайдаланушыға арналған. Биіктікте жұмыс атқару үшiн жақсы денсаулықты қажет етеді. Өнімді
пайдалану кезінде, кейбір медициналық аурулар, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәрі-дәрмектер қабылдау барысында, жүрек-
қантамыр қысымы кезинде және т. б.) қолданушыға мейлiнше зиянын келтiруi мүмкiн. Егер күмәндансаңыз қауіпсіздік белбауларын
қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Өнімді жүкті әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қолдануға БОЛМАЙДЫ.
6. Жұмыс барысы:
Карабинді мақұлданған тіркеу орнына жалғаңыз. Жалғағыш ысырмасының толық жабылып, құлыпталғанына көз жеткізіңіз.
Екі аяқты конфигурация үшін: Құрылғыларды бауға жалғаңыз (2-суретті қараңыз). Ілмек ысырмасының толық жабылып,
құлыпталғанына көз жеткізіңіз. Карабин ысырмасының толық жабылып, құлыпталғанына көз жеткізіңіз. Пайдаланушы сызықты
тез итергенде, құрылғы құлыпталуы тиіс. Пайдаланар алдында өнімге құлап кету не қысым түсу қаупінің төнбейтініне көз жеткізу
үшін, өнімді тексеріңіз. Сондай-ақ өнім жақсы жұмыс істей алатын күйде болуы қажет.
7. Формалды тексеріс
MSA компаниясы барлық SRL құрылғысының төмендегі нұсқаулықта берілген пайдаланушыдан басқа білікті мамандармен
тексерілуін талап етеді. Білікті маман дегеніміз жұмыс беруші тарапынан тағайындалатын, әрі жұмыс берушінің құлаудан қорғау
бағдарламасы мен оқыту және таныстыру бағдарламаларына жауапты болып табылатын, пайда болған және пайда болуы мүмкін
қауіптерді анықтауға, бағалау және оларды арнайы орындарға бағыттауға қабілетті және белгілі бір шаралар қолдану өкілеттігі
бар жеке тұлға болып табылады. MSA компаниясы білікті маман тарапынан орындалатын тексерістердің келесі аралықтар
бойынша жүргізілуін талап етеді:
© 2016 MSA
Page 63

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido