MSA WORKMAN Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 47

Dispositivo anticaídas retráctil
Ocultar thumbs Ver también para WORKMAN:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 23
ҚАЗАҚША
1. Жұмыс барысы мен Қолдану тәсілдері: тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі EN 360:2002 стандартына сәйкес келеді. Бұл
өнім Кеден одағының TP ТС 019/2011 "Жеке қорғану құралдарының қауіпсіэдігі" туралы Техникалық регламентінің және DSTU
EN 360:2006 стандартының талаптарына жауап береді. Өнім құрамы; қаптама; тартылатын жүк асатын арқан (арқан); жүктеме
индикаторы (4-суретті қараңыз); және бар болса, RFID белгісінен (5-суретті қараңыз) тұрады. Арқанның материалы тот баспайтын
болат сым немесе гальванизацияланған болат сым болуы мүмкін және PN 10121512/10154680 өнім жапсырмасында (9-сурет,
13-күйді қараңыз) белгіленеді. Бұл өнім құрлаудан сақтайды EN 363:2008 (Бразилиялық стандарт: ABNT NBR 14628; Аргентина
стандарты: IRAM 3605; Кеден одағының TP ТС 019/2011 техникалық регламенті; украиналық стандарт: ДСТУ EN 363:2007)
сақтандыру белдігіне және сәйкес бекіту нүктені тіреу қосқышқа бекіту кезінде EN 361 (Бразилиялық стандарт: ABNT NBR 15836;
Кеден одағының TP ТС 019/2011 техникалық регламенті; Украиналық стандарт: ДСТУ EN 361:2008) құлаудан жеке сақтандыру
жүйесінің элементі болып табылады. Бұл өнімді тек ұсынылған ереже бойынша пайдаланыңыз. Рұқсат етілген бекіту нүктелерін
анықтау мақсатында белдікке қоса берілген нұсқаумен танысып шығыңыз. Жерге құлаған жағдайда, құрылғы автоматты түрде
белгілі биіктікте тұрған жұмысшының төмен түсуін тоқтатады да, жүйенің адам денесіне түсіретін қысымын шектейді.
Өнім RFID қолдауы мүмкін.
Өнім тек тігінен қолданылуы тиіс.
2. Дайындық: MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш құрылғының тартылатын түрі) қолданушы бұйымды оларды пайдалану жөніндегі
осы нұсқаулықпен таныстырылуын қамтамасыз етуі қажет және оларды өткізу үшін білікті маман дайындауына жауапты
болып табылады. Осы өнімді пайдалану бойынша қажетті дайындықтан өткендігіңізге және оның жұмыс принципін толығымен
түсінетіндігіңізге көз жеткізіңіз.
Химиялық қауіпті факторлар, жоғары температура және даттану өнімді зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайларда тексерулерді жиі
өткізу қажет. Температура -40°C 0-ден төмен және 60°C 0-ден жоғары болған жағдайларда сақтандыру белбеулерін қолдануға
тыйым салынады.
3. Құтқарылу ережесі: Пайдаланушыда құтқарылу жоспары және оны жүзеге асыру құралдары болуы тиіс. Бұл жоспар күтпеген
жағдайларда жедел құтқару үшін қажетті жабдықтарды және арнайы оқытуды қарастыруы қажет. Құтқару барысында әрқашан
құтқарушымен ашық немесе жанама көзбе-көз кездесу немесе басқа да байланыс түрі болу керек.
4. Жүйе бөлшектерінің қамтылуы: өнім бекітілген барлық компоненттер оған сәйкес БОЛУЫ ТИІС. MSA өндірген ТҚТТ (тоқтатқыш
құрылғының тартылатын түрі) сертификатталған бекіту компоненттері мен ішкі жүйелерімен қоса пайдалануға арналған. Бекіту
ішкі жүйелері келесі мақсаттарда пайдаланылу үшін сәйкес келуі тиіс (мысалы, құлаудан қорғану үшін). Бекіту компоненттерінің
немесе ішкі жүйелерінің жарамдылығын анықтау үшін, арқан өндірушінің нұсқаулықтарына назар аударыңыз. Қандай да бір сұрақ
туындаған жағдайда немесе аса толық ақпарат алу үшін MSA өндiрiс орталығымен хабарласыңыз.
5. Қимыл iс-әрекетiне қойылатын шектеулер: өнім киімі, құралдар мен басқа алып жүретін заттард қоса алғандағы салмағы
бұйым этикеткасында көрсетілген салмақ боыйнша бір ғана пайдаланушыға есептелiнген. Биіктікте жұмыс атқару үшiн жақсы
денсаулықты қажет етеді. Өнімді пайдалану кезінде, кейбір медициналық аурулар, сондай-ақ апатты жағдайларда (дәрі-
дәрмектер қабылдау барысында, жүрек-қантамыр қысымы кезинде және т. б.) қолданушыға мейлiнше зиянын келтiруi мүмкiн.
Егер күмәндансаңыз қауіпсіздік белбауларын қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Өнімді жүкті әйелдер мен кәмелетке
толмағандарға қолдануға БОЛМАЙДЫ.
6. Жұмыс барысы:
Өнімнің тірек тіреуішін арнайы тіркеу құралын қолданып, EN 362 (бразилиялық стандарт: ABNT NBR 15837; Кеден одағының
TP ТС 019/2011 техникалық регламенті украиналық стандарт: ДСТУ EN 362:2008) сәйкес оған келетін тірекке жалғаңыз (2
суретті қараңыз). Өнімді тек әр қолданушыға жеке болуы тиic (9-сурет, 24-күйді қараңыз). Карабинді мақұлданған денені асып
қоятын арқанның артқы D-сақина құлыбына жалғаңыз. Карабиннің ауызы толығымен жабық әрі құлыптанғанына көз жеткізіңіз.
Қолданушы кергішті жылдам тартып, құрылғы құлыптануы тиіс. Жүктеме индикаторын тексеріңіз, пайдаланудың алдында өнім
жақсы жұмыс деңгейiнде екендiгiне көз жеткiзiңiз.
7. Кем дегенде әр жыл сайын мезгілімен тәжірибелі адаммен бақылау өткізіліп тұруы тиіс. Оған қоса, MSA елдің арнайы талаптарына
сәйкес, өкілетті зауыттарда тексеріс төмендегі уақыт аралықтарында өткізілуіне кеңес береді.
Пайдалану түрі
Сирек - жеңіл
Құтқару және шектеулі
орта, Зауыттық қызмет
көрсету
Орташа - ауыр
Тасымалдау,
ғимараттарды салу,
жабдықтар, қойма
Күрделі - үздіксіз
Сауда құрылысы, мұнай
және газ, тау-кен ісі
Өнімнің жұмыс жағдайында екендігін әрдайым тексеріп отыру керек. (Тексеру нұсқауларын қараңыз (8))
8. Тексеру нұсқаулары:
Өнім әр қолданар алдында оның жұмыс жағдайында екендігін тексеру керек.
Сым немесе торды тексеріңіз және жүйелі түрде тазалаңыз.
Өнімді майламаңыз.
Корпуста сырт қоқыстардың болмауын қамтамасыз етііңіз.
Белгілер мен ескертулер айқын болуы тиіс.
Өнімнің жұмыс қалпында екендiгiне кӨз жеткiзу үшiн, корпустан арқанды жылдам тартыңыз. Өнім құлыптанып, кергіш
босатылмағанша құлыптанған күйде қалуы тиіс.
Егер өнім жүктеме индикаторымен сәйкестендірілсе, оның іске қосылуын тексеріңіз. Егер жүктеме индикаторы іске қосылған
белгілерін көрсетсе, өнім өндірушіге немесе өнідруші тағайындаған ұйымға қайтарылуы тиіс.
© 2015 MSA
ПАЙДАЛАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Қолдану мысалдары
Жақсы сақтау жағдайлары, іштей
немесе сирек сырттай пайдалану, бөлме
температурасы, таза орта
Көрмелік сақтау жағдайлары, ішкі және
ұзақ мерзімді сыртқы пайдалану, барлық
температуралар, таза немесе шаңды орта
Ауыр сақтау жағдайлары, ұзақ немесе
үздіксіз сыртқы пайдалану, барлық
температуралар, лас орта
ҚАЗАҚША
Пайдалану жағдайлары
P/N 10121835
Тексеру жиілігі Білікті тұлға
Жыл сайын
Жарты жыл - жыл сайын
Тоқсан - жарты жыл сайын
Page 47

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido