Мин. 10 см
14. сур. Іске қосу жəне тоқтату деңгейлері
Резервуардың көлемі бір сағаттағы іске қосылулардың саны
ең көп рұқсат етілген саннан асатындай төмен болмауын
қадағалаңыз.
9.3 Айналу бағыты
Айналу бағытын тексеру үшін сорапты сұйықтыққа
Ескерту
салмай, өте аз уақытқа қосуға болады.
Сорапты іске қосардан бұрын айналу бағытын тексеріңіз.
Айналудың дұрыс бағытын қозғалтқыш корпусындағы көрсеткі
көрсетеді. Қозғалтқышқа жоғары жақтан қараған кезде сағат
тілі бағыты бойынша айналу дұрыс болып есептеледі.
Жұмыс дөңгелегінің еркін қозғалып тұрғанын тексеріңіз.
Айналу бағытын төмендегідей сорап əр жаңа орынға
орнатылған сайын тексеру керек.
Процедура
1. Сорапты көтергіш құрылғыға, мысалы, сорапты
резервуарға түсіруге пайдаланылатын жүк тартқышқа
іліңіз.
2. Сораптың қозғалысын (жұлқу) бақылай отырып, сорапты
қосып, тоқтатыңыз. Егер сорап дұрыс жалғанса, сорап
сағат тілімен айналады, яғни, жұлқу бағыты айналу
бағытына қарсы болады.
15
3. Егер айналу бағыты дұрыс болмаса, қуат кабелінің екі
фазасының кез келгенінің орындарын ауыстыру керек.
немесе
8
суретін қараңыз.
15. сур. Жұлқу бағыты
590
Дабыл
Іске қосу
S1 режимін тоқтату
S3 режимін тоқтату
суретін қараңыз.
6
10. Күтім жасау жəне техникалық қызмет
көрсету
Назар аударыңыз
Техникалық қызмет көрсету жəне қызмет көрсету
кезінде, соның ішінде, сервистік орталыққа
тасымалдау кезінде тұрақтылықты қамтамасыз
ету үшін əрқашан сорапты көтеру шынжырлары
арқылы тіреңіз немесе оны көлденең күйге
орналастырыңыз.
Назар аударыңыз
Сорапта жұмысты бастамай тұрып
сақтандырғыштарды алыңыз немесе желілік
ажыратқышты ажыратыңыз. Қуат көзін кездейсоқ
қосу мүмкін емес екенін тексеріңіз.
Бүкіл қорғағыш жабдықтың дұрыс қосылуын
қамтамасыз ету қажет.
Назар аударыңыз
Техникалық қызмет көрсету жұмысын бастамас
бұрын желілік ажыратқышты 0 күйінде құлыптау
керек.
Барлық айналатын бөліктер тоқтаған болуы керек.
Назар аударыңыз
Жарылыстан қорғалған сораптарға техникалық
қызмет көрсету жұмысын Grundfos компаниясы
немесе Grundfos рұқсат еткен сервистік орталық
орындауы керек.
Бірақ, бұл сорап корпусы, жұмыс доңғалағы, т.б.
сияқты гидравликалық құрамдастарға қатысты
емес.
Назар аударыңыз
Кабельді тек Grundfos компаниясы немесе
Grundfos рұқсат еткен сервистік орталық
ауыстыруы керек.
Техникалық қызмет көрсетуді жəне қызмет көрсетуді
орындамай тұрып сорапты таза сумен мұқият шайыңыз.
Бөлшектеуден кейін сораптың бөлшектерін суда шайыңыз.
10.1 Тексеру
Қалыпты режимде жұмыс істейтін сораптарды əр 3000 жұмыс
сағатынан кейін немесе кемінде жылына бір рет тексеру
керек. Егер айдалатын сұйықтық өте лайлы болса немесе
құмды болса, сорапты жиірек тексеру қажет.
Мыналарды тексеру қажет:
•
Қуатты тұтыну
Сораптағы зауыттық тақтайшаны қараңыз.
•
Май деңгейі жəне майдың күйі
Егер бұл жаңа сорап немесе білік тығыздағышы
ауыстырылғаннан кейін орнатылған сорап болса, бір апта
пайдаланылғаннан кейін май деңгейін тексеру қажет.
Егер май камерасында артық сұйықтық (су) 20 % асқан
болса, білік тығыздағышы зақымдалған. Майды ауыстыру
3000 сағат пайдаланудан кейін немесе жылына бір рет
орындалуы тиіс.
Shell Ondina 919 майын немесе соған ұқсас түрді
пайдаланыңыз.
10.2.1 Майды ауыстыру
бөлімін қараңыз.
•
Кабельдің кірісі
Кабель кірісі герметикалық (қарап тексеру) екенін жəне
кабель қатты майыспағанын жəне/немесе қысылып
қалмағанын тексеріңіз.
•
Сорап бөліктері
Жұмыс доңғалағында, сорап корпусында, т.б. тозу
белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз. Ақауы бар бөлшектерді
ауыстырыңыз.
10.2.2 Сорап корпусы мен жұмыс доңғалағын шешу
бөлімін қараңыз.