тəрелкелерінің сызаттарын, қатерлерін немесе
қатты тозуын, сым щеткаларының бекітілмегендігін
немесе сынған сымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
žлектр құрал немесе жұмыс құралы құлағаннан
кейін зақымдануын соңғы тексеріңіз жəне
қажеттілігіне қарай зақымданбаған жұмыс құралын
орнатыңыз. Жұмыс құралын тексеріп, бекіткен
соң өзіңіз жəне жақын жердегі адамдар жұмыс
құралының айналу жазықтығынан бой тасалауы
тиіс, осыдан кейін электр құралын бір минутқа
максималды айналу санына қосыңыз. Зақымдалған
жұмыс құралдары көп жағдайларда осы бақылау
уақытында жарылады.
h. h. Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Орындалатын жұмыс түріне лайықты бетті
қорғағыш қалқанын, көзге арналған қорғаныс
құралын немесе қорғаныс көзілдірікті
пайдаланыңыз. Қажет болса, шаңға қарсы
респираторды, есту мүшелерін қорғау құралдарын,
қорғағыш қолғапты немесе абразивті бөлшектер
мен материал бөліктерінен сақтандыратын
арнайы алжапқышты пайдаланыңыз. Көзіңіз
түрлі жұмыстар орындау барысында ауада ұшатын
бөтен бөлшектерден қорғалуы тиіс. Шаңға қарсы
респиратор немесе тыныс алу мүшелерін қорғағыш
маскасы жұмыс барысында пайда болатын шаңнан
сақтайды. Қатты шуылдың ұзақ əсерінен есту
қабілетіңіз төмендеуі ықтимал.
i. Төңірегіңіздегі адамдардың жұмыс учаскесінен
қауіпсіз жерде болуын қадағалаңыз. Жұмыс
учаске шектерінде əр адамның жеке қорғаныс
жабдықтары болуы тиіс. Бөлшек немесе жарылған
жұмыс құралдарының жарықшалары жан –жаққа ұшып,
жұмыс учаскесінен тыс орындарда да жарақаттарға
əкелуі ықтимал.
j. Жасырын тоқ сымына немесе өзінің
қоректендіруді қосу сымына тиіп кетуі ықтимал
жұмыстарды орындау кезінде электр құралын
тұтқаның тек оқшауланған бетінен ұстаңыз.
Кернеудегі сыммен түйісу электр құралдың металл
бөлшектері кернеуде болуы мүмкін жəне электр
тоғының соғуына алып келеді.
k. Құралды қосу кезінде оны мықтап ұстаңыз.
Қозғалтқыштың реактивтік моменті оны толық
жылдамдық екпінімен құралдың айналуын тудыруы
мүмкін.
l. Əрқашан мүмкіндігіне қарай дайындаманы
бекіту үшін басқыштарды қолданыңыз. Ешқашан
жұмыс кезінде шағын дайындаманы бір қолмен
жəне құралды екінші қолмен ұстамаңыз. Шағын
дайындаманы бекіту сізге құралды басқару
үшін екі қолыңызды қолдануға мүмкіндік береді.
Істікшелер, құбырлар немесе тюбинг сияқты цилиндр
бөлшектерде кесу кезінде айналуға бағыты болуы
мүмкін.
m. Қоректендіруді қосу сымын айналатын жұмыс
құралынан қашық ұстаңыз. Егер Сіз құралды
бақылауды жоғалтсаңыз, қоректендіруді қосу сымы
кесілуі немесе айналатын жұмыс құралына тиіп
кетуі мүмкін жəне Сіздің қолыңыз айналатын жұмыс
құралына түсуі мүмкін.
n. Жұмыс құралы толық тоқтағанша электр құралын
қолыңыздан босатушы болмаңыз. Айналмалы
жұмыс құралы тірек бетіне ілініп қалуы мүмкін жəне
нəтижесінде оны бақылау мүмкіндігін жоғалтуыңыз
мүмкін.
o. Қондырмаларды ауыстырып немесе қандай
да бір баптауларды орындағаннан кейін цанга
сомыны, патрон немесе кез келген реттеу
аспаптары мықтап тартылғандығына көз жеткізіңіз.
Нашар бекітілген ретте аспаптары бақылауды
жоғалта отырып оқыстан жылжып кетуі мүмкін,
нашар бекітілген айналмалы бөлшектер жарақат
келтіріп, ұышп кетуі мүмкін.
p. Тасымалдау кезінде электр құралын сөндіріңіз.
Киіміңіз айналатын жұмыс құралымен тартылып,
жұмыс құралынан жарақаттануыңыз мүмкін.
q. žлектр құралыңыздың желдеткіш саңылауларын
тұрақты тазартып тұрыңыз. Қозғалтқыш желдеткіші
корпусқа шаң тартады, металл шаңының жиналуы
электрлік қауіпке əкеліп соғады.
r. žлектр құралды жанғыш материалдарға жақын
қолданбаңыз. Ұшқындары осы материалдарды
тұтандыруы мүмкін.
s. Сұйық салқындатқыш құралдарды қолдануды
қажет ететін жұмыс құралдарын қолданбаңыз.
Суды немесе басқа сұйық салқындатқыш құралдарды
қолдану электр тоқтың соғуына алып келуі мүмкін.
t. Кемінде 5 А тоққа есептелген толық жазылған
жəне қауіпсіз ұзартқыштарды қолданыңыз.
КЕРІ СОҚҚЫ ЖƏНЕ ЖƏНЕ ЛАЙЫҚТЫ
ЕСКЕРТУ НҰСҚАУЛАРЫ
Кері соққы – тегістеу дөңгелектері, тегістеу тəрелкесі
жəне сымды щетка жəне т.б. сияқты айналмалы
жұмыс құралының бұғатталуы немесе сыналануы
салдарынан кенеттен болатын реакция. Сыналу немесе
бұғатталу жұмыс құралының кенеттен тоқтауына алып
келеді. Бұл жағдайда бақылаудан шыққан электр
құрал бұғатталу орнында жұмыс құралының айналу
бағытына қарсы үдейді. Мысалы, егер тегістеу дөңгелегі
бөлшекте сыналанатын немесе бұғатталатын болса,
онда бөлшекке жүктелетін тегістеу дөңгелегінің шеті
бөлшекке кіріп кетуі мүмкін, дөңгелек тежеледі жəне
нəтижесінде бөлшектен шығып кетеді немесе кері
соғылу туындайды. Бұл жағдайда тегістеу дөңгелегі
бұғатталу орнындағы айналу бағытына тəуелді
операторға не оған кері қозғалады. Бұл жағдайда
тегістеу дөңгелегі сынуы мүмкін. Кері соққы оператор
қателігінің немесе электр құралын дұрыс пайдаланбау
салдарынан болады. Оны төменде берілген шараларды
сақтау арқылы болдырмауға болады.
Ь. žлектр құралды берік ұстаңыз жəне денеңіз
бен қолыңызды кері күштерге төтеп бере
алатындай тұрақты қалыпта тұрыңыз. Айналымдар
үдеген кезде мүмкіндігінше кері соққыға немесе
реакциялық моменттерге қарсы тұру үшін бар
болса қосымша тұтқаны пайдаланыңыз. Оператор
лайықты қорғаныс шаралары арқылы , кері соққыға
немесе реакциялық күштерге қарсы тұра алады.
b. Бұрыштар мен үшкір жиектерде жəне т.б. абайлап
жұмыс істеңіз. Жұмыс құралын бөлшектен шығып
кетуінен жəне сыналанудан сақтаңыз. Айналып
жатқан жұмыс құралы үшкір жиектерде, бұрыштарда
жəне шығып кеткен кезде сыналануға бейім. Бұл
бақылауды жоғалту мен кері соққыға əкеледі.
c. Тісті кескіш жүзді қоспаңыз. Осындай жұмыс
құралдары кері соққының жəне электр құралды
бақылаудан шығару себебі болады.
d. Жұмыс құралын əрқашан кесу жиектемесі
материалдан шығатын жағынан матреиалға
енгізіңіз (кесіктер ұшатын бағыт болып табылады).
Құралды дұрыс емес бағытта беру құралдың
кескіш жиектемесінің жоғары қарай кетуі арқылы
дайындамадан шығып кетуін жəне құралды осы
бағытта итеруді туғызады.
e. Тазарту шеңберлерін, кесу дисктерін, жоғары
жылдамдықты кескіштерді немесе карбид
вольфрам карбидінен дайындалған кескіштерді
пайдалану кезінде дайындаманы əрқашан мықтап
бекітіңіз. Осы керек-жарақтар аздап иілген кезде
қиықта олардың сыналануы орын алады жəне кері
соққы туындауы мүмкін. Кесу дискі сыналанғанда ол
бұзылады. Тазарту шебері, жоғары жылдамдықты
82