9.1.4 Ағын жылдамдығы
Минималды ағын жылдамдығы
Сорғы шығыс клапаны жабық болған кезде жұмыс істемеуі керек, себебі бұл температураның
жоғарылауына немесе сорғыда будың пайда болуына әкеледі. Бұл кернеу немесе діріл әсерінен біліктің
зақымдалуына, дөңгелектің эрозиясына, мойынтіректердің қызмет ету мерзімінің қысқаруына,
тығыздаманың немесе біліктердің механикалық тығыздағыштарының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Үздіксіз ағын жылдамдығы ең жақсы тиімділік нүктесіндегі ағын жылдамдығының кемінде 25 % болуы
керек.
Максималды ағын жылдамдығы
Максималды ағын жылдамдығы тақтайшада көрсетілген мәннен аспауы керек. Максималды ағын
жылдамдығынан асып кетсе, кавитация және шамадан тыс жүктеме пайда болуы мүмкін.
Төмендетілген ағынмен және/немесе арынмен жұмыс істеу
Сорғыны тақтайшада көрсетілген максималды ағын жылдамдығынан 10% төмен ағын жылдамдығымен
немесе шығыс оқшаулағыш немесе редукциялық клапаны жабық күйде болғанда пайдаланбаңыз. Мұндай
жағдайларда сорғыны пайдалану сорғының қызып кету қаупін тудыруы мүмкін. Ықтимал зақымдануды
болдырмау үшін сұйықтық температурасы релесі, мойынтірек температурасы релесі, кіріс қысымын
бақылау және т.б. сияқты қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз.
Сорғы төмендетілген арынмен жұмыс істесе, ағын жылдамдығы артып, қозғалтқыш қалыптыдан көбірек
ток тұтынады. Бұл электр қозғалтқыштың қызып кетуіне әкеледі. Мұндай жағдайларда оның орнына
шығыс жағындағы клапанды дроссельмен реттеңіз. Автоматты редукциялық клапан орнатылған болса,
мұны автоматты түрде жасауға болады.
9.1.5 Қосу жиілігі
Grundfos жеткізетін электр қозғалтқышы бар толық сорғылар үшін ұсынылатын ең көп іске қосу саны
сағатына 3 болып табылады.
971