Descargar Imprimir esta página

Grundfos LSV Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 952

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 215
4.4 Іске қосу
Сорғының сұйықтықпен
толтырылғанына көз жеткізіңіз. Сорғыны
құрғақ күйде іске қосуға болмайды.
Құрғақ түрде іске қосу тығыздамаларға,
білік тығыздағыштарына, тозу
сақиналарына және білік төлкелеріне
елеулі зақым келтіреді.
1. Сорғыны іске қосыңыз.
2.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Ыстық немесе суық беті
Өлім қаупі немесе ауыр дене
жарақаты
Сорғыдан шығатын сұйықтықтың
электр қозғалтқышты не оның
бөлшектерін зақымдау немесе
қызметкерлерді жарақаттау
қаупін болдырмау үшін желдеткіш
саңылауының бағытына назар
аударған жөн.
Ыстық су орнатымдарында
күйдіретін ыстық судың немесе
ыстық беттердің жарақаттау
қаупіне ерекше көңіл бөлу керек.
Суық сұйықтық орнатымдарында
суық сұйықтықтың немесе суық
беттердің жарақаттау қаупіне
ерекше көңіл бөлу керек.
Іске қосу кезінде сорғыны желдету
саңылауынан сұйықтықтың тұрақты ағыны
шыққанша бұранданы босатыңыз.
3. Құбыр жүйесі сұйықтықпен толтырылған кезде,
шығыс оқшаулағыш немесе редукциялық
клапанын толығымен ашылғанша баяу
ашыңыз. Сорғыдағы дифференциалды қысым
сорғының өнімділік ауқымында және/немесе
жобаланған жұмыс нүктесіне жақын екеніне көз
жеткізіңіз. Ағын номиналды өнімділік
ауқымынан асып кетсе немесе
дифференциалды қысым номиналды өнімділік
ауқымынан төмен болса, шығыс оқшаулағыш
клапанын жабыңыз немесе сорғы
жылдамдығын азайтыңыз.
4. Тығыздама қақпағын (тығыздама ғана) реттеңіз.
Сорғы жұмыс істеп тұрғанда, минутына 40-60
тамшы ағып кету үшін тығыздама қақпағын
бұрап тартыңыз. Бұл білік төлкесін майлау үшін
қажет. Сақиналардың біркелкі қысуын
қамтамасыз ету үшін тығыздама қақпағын
біркелкі етіп бұрап тартыңыз. Бастапқы іске
қосқаннан кейін сақиналары дұрыс
орнатылғанша қосымша сақиналары мен
реттеу қажет болуы мүмкін.
952
5. Сорғы қондырғысының қалыпты шуылсыз,
дірілсіз немесе қызып кетпей біркелкі жұмыс
істейтініне көз жеткізіңіз.
Тығыздаманың құрғақ күйде іске
қосылуына жол бермеңіз және ағып
кетуді болдырмау үшін тығыздама
қақпағын тым қатты бұрап
тартпаңыз, өйткені білік төлкесі
зақымдалады.

Publicidad

loading