Descargar Imprimir esta página

Grundfos LSV Serie Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 938

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 215
LSV бос білік ұшы бар сорғыларына
арналған бұрандамаларда дюймдік
құралдар талап етілетін америкалық
бұдандалар бар.
Муфта қаптамасына және сорғы мен
электр қозғалтқышты тірек рамасына
бекітуге арналған бұрандамаларда
метрикалық бұрандалар бар.
938
2.2 Уақытша сақтау қоймасы
Сорғыны әкелгеннен кейін көп ұзамай қоймаға
салмасаңыз немесе пайдаланбасаңыз, оны
қоршаған орта температурасы баяу, қалыпты
өзгеретін таза әрі құрғақ жерде сақтаңыз. Сорғыны
ылғалдан, шаңнан, кірден және бөгде заттардан
қорғаңыз. Электр қозғалтқышты ұзақ уақыт бойы
тікелей, қарқынды күн сәулесінің, жаңбырдың,
қардың, мұздың, сондай-ақ шаңның әсеріне
ұшыратпаңыз. Өнімді ашық ауада пайдалану
немесе сақтау кезінде қорғаныс құрылымын
немесе қосымша қақпақты бекітіңіз. Сақтау
алдында және сақтау кезінде келесідей сақтық
шараларын қолдануға кеңес береміз:
1. Ылғалдың біліктің айналасына енуіне жол
бермеу үшін мойынтіректердің ұсынылған
майлағышпен толтырылғанына көз жеткізіңіз.
"Майлау" бөлімін қараңыз.
2. Сорғыға бөгде заттардың енуіне жол бермеу
үшін кіріс және шығыс порттары мен барлық
басқа саңылаулардың картонмен, ағашпен
немесе оқшаулау таспасымен жабылғанына
көз жеткізіңіз.
3. Өнімді қорғаныс жабыны жоқ жерде сақтаған
жағдайда, оны брезентпен немесе басқа
қолайлы жабынмен жабыңыз.
4. Мойынтірек беттері мен тығыздама
коррозиясын немесе білік тығыздағыш
беттерінің жабысып қалуын болдырмау үшін
білікті екі апта сайын екі айналымға
айналдырып отырыңыз.
Тиісті ақпарат
6.3.3 Майлау
3. Өнімді орнату
3.1 Орналастыру
Сорғыны тексеру мен техникалық қызмет көрсету
қолжетімді болатындай етіп орнатыңыз. Агрегатты
көтеру үшін жеткілікті күшті кранды немесе
көтергішті пайдалану мақсатында жеткілікті орын
мен габариттік биіктікті қалдырыңыз.
Кіріс құбыры мүмкіндігінше қысқа және тікелей
болуы үшін сорғыны сорғы сұйықтығы көзіне
мүмкіндігінше жақын орнатыңыз.
3.2 Механикалық орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қолдың езілуі
Өлім қаупі немесе ауыр дене жарақаты
Барлық орнатуларды сорғы
жабдығын орналастыру, туралау
және қосу бойынша тәжірибесі бар
мамандар орындағанына көз
жеткізіңіз.

Publicidad

loading