MSA Gravity Suspension Instrucciones De Uso Y Mantenimiento página 56

Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
P/N 10153590
Еркін құлау арақашықтығын азайту үшін амортизатор арқанының ешбір жағына басқа нәрселерді жалғамаңыз, арқанды амортизаторы бар қосымша
жүйенің барлық ұзындығы, ұштары және жалғағыштары 2 метрден аспайды (мысалы, жалғағышты, арқанды, амортизаторды және жалғағышты қоса
алғанда. Амортизатор арқанының жалпы ұзындығына қосқыштың екі ұшы кіреді) (8A суретін қараңыз).
Әрбір құлаудан қорғану жүйесі үшін амортизаторлы арқаны бар сақтандырушы баулы белдік жинағынан басқа, амортизатордың өзін пайдалану керек.
Оның әрбір пайдалану мүмкіндігі алдында пайдаланушының жұмыс орнында қажет бос орынды тексеру мақсатында қауіпсіздік үшін маңыздылығы зор,
құлаған жағдайда жерге соғу немесе басқа кедергі болмайды (6 және 7-суретті қараңыз). Құлаудан қорғану жүйесін жалғау әдісін 9-суреттен қараңыз.
Құлаудан қорғану жүйесін жалғау үшін қолданылатын төс және арқа D пішінді доғаларын 10-суреттен қараңыз. Арқанның орналастыру нүктесі (егер
болса) арқанның ілгешегі бар ілмегін ілу үшін ҒАНА пайдаланылуы ҚАЖЕТ, ол ЕШҚАШАН құлаудан қорғау жүйесі немесе өрмелеу қорғанышы жүйесі
үшін пайдаланылмауы керек (11-суретті қараңыз). Жабдық ілмегі қауіпсіздік жабдығын әлу үшін ҒАНА пайдаланылуы ҚАЖЕТ, ол ЕШҚАШАН құлаудан
қорғау жүйесі немесе іс-әрекет кезінде бір қалыпты ұстап тұртын жүйе үшін пайдаланылмау керек (12-суретті қараңыз).
Жабдықтың тиімділігіне әсер етуі мүмкін қауіп-қатерлерден абай болыңыз немесе алдын алыңыз және тиісті қауіпсіздік шараларын қолданыңыз.
Өнімнің әрқашан өте жоғары не төмен температура, өткір заттар, химиялық реагенттер, электр өткізгіштері, кесу, қажалу, климаттық әсер ықпалына
ұшырамайтынына көз жеткізіңіз. Тербеліп құлаудан және қадамалы баудан жарақаттанудан сақ болыңыз.
Пайдаланушыда құтқару жоспары мен оны пайдалану құралдары болуы керек және ол жоспарда барлық болжамдалған жағдайларда жылдам және
тиімді құтқару үшін қажет құрылғы мен оқыту ескерілуі керек.
Сақтандырушы баулы белдік пен оның пайдаланушысының тіркелуі, сонымен қатар оның қолданысы RFID технологиясымен қадағалануы ұсынылады.
Әрбір сақтандырушы баулы белдік пайдаланушы нұсқаулығы және жазбалар картасының (16-суретті қараңыз) көшірмесімен берілуі қажет және олар
бірге болуы тиіс.
Сақтандырушы баулы белдіктің бүйірлік D пішінді доғасы (3-суретті, 3А белгісін және 15C, 15D суреттерін қараңыз) іс-әрекет кезінде бірқалыпты ұстап
тұратын жүйесіне (EN 358:1999) жалғау үшін ҒАНА пайдалану КЕРЕК және ЕШҚАШАН құлаудан қорғану жүйесі немесе өрмелеу қорғанышы жүйесі
үшін пайдаланылмауы керек. Әрқашан бүйірлік D пішінді доғаларды бірге пайдаланыңыз. Іс-әрекет кезінде бір қалыпты ұстап тұратын арқан үшін бөлек
құлаудан қорғану жүйесін пайдалану керек. Іс-әрекет кезінде бір қалыпты ұстап тұратын арқанды анкерлік бекіту нүктесі бөлек деңгейімен бірдей немесе
одан жоғары болатындай етіп реттеңіз (3-суретті, 3B белгіні қараңыз).
Осы жамбас D пішінді доғасын (4-суретті, 4А белгісін қараңыз) төменгі бекіткіш бау жүйелері үшін (EN 813:2008) ҒАНА пайдалану ҚАЖЕТ, оны ЕШҚАШАН
құлаудан қорғау жүйесі үшін пайдаланбау керек. Жамбас D пішінді доғасын төмен түсіруші құрылғы, бірқалыпты ұстап тұратын арқандарды немесе
қозғалыс арқандарын бекіту үшін пайдаланыңыз.
Сақтандырушы баулы белдік бір адамға арналған. Жұмысты биіктікте орындау үшін пайдаланушы денсаулығы жақсы болу керек. MSA сақтандырушы
баулы белдігін әдетте пайдаланғанда және апатты жағдайларда (дәрі-дәрмектер қабылдау, жүрек және қан тамыры проблемалары және т.б.) кейбір
медициналық жағдайлар пайдаланушының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Қандай да бір күдік болса, пайдаланбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Жүкті әйелдер мен жас балалар MSA сақтандырушы баулы белдігін ЕШҚАШАН пайдаланбаулары КЕРЕК.
Сақтандырушы баулы белдікті түзетуге, өзгертуге немесе жөндеуге ӘРЕКЕТТЕНБЕҢІЗ. Сақтандырушы баулы белдік мақсатына сай пайдаланылуы
қажет және ешқашан шектеулерден тыс пайдаланылмауы тиіс.
Мына жағдайларда сақтандырушы баулы белдікті қолданыстан дереу шығару керек: 1) Оның қауіпсіз пайдалану жағдайларына байланысты немесе 2)
құлаудан қорғау үшін пайдалануы туралы кез келген күмән. Олай болса, білікті тұлға тарапынан әрекетті орындау рұқсаты жазбаша түрде берілмегенше,
құрылғыны қайта пайдалануға болмайды.
Егер осы өнім бастапқы межелі елден тыс жерде қайта сатылса, осы өнім сатылатын ел тіліндегі пайдалану, күтім көрсету, кезеңді түрде тексеру және
жөндеу нұсқаулықтары мен қатысты қосымша мәліметтерді делдал береді, бұл пайдаланушының қауіпсіздігі үшін маңызды болып табылады.
Осы ескертулерді орындамау ауыр адам жарақаттарына немесе өлімге себепші болады.
Тоқыма бау полиэстерден жасалған. Артқы тірек этилвинилацетаттан және көбіктен жасалған. Барлық жүк көтеретін құралдар мырыш жалатылған
қоспалы болат немесе алюминийден жасалған.
Өнімді су мен жұмсақ кір жуғыш сұйықтықпен тазалаңыз және залалсыздандырыңыз. Жабдық пайдалануға немесе тазалауға байланысты ылғалданған
кезде, оны табиғи жолмен кептіру және оны тікелей қызу көзінен аулақ жерге қою керек. Шамадан артық жиналған кір, сыр немесе басқа нәрсе өнімнің дұрыс
жұмыс істеуіне кедергі келтіреді және кейбір жағдайларда тоқыма бауды әлсіретеді. Айылбастарды тазалау және залалсыздандыру үшін айылбастағы кез
келген бөгде затты кетіру кезінде мақта тампонын пайдаланыңыз. Айылбастардың дұрыс жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін ұсақ бөлшектерді шайып
тастау үшін шаңды орталарда айылбасты суы бар ыдысқа батыру қажет болуы мүмкін. Айылбастың сыртын таза шүберекпен құрғатыңыз, ал ішін ауамен
кептіріңіз. Өнімнің күйіне және тазалауға қатысты сұрақтар MSA компаниясына жіберілуі керек. Тазалау және залалсыздандыру процедурасын қатаң
ұстану қажет. Зақымданған немесе техникалық күтім көрсетуді қажет ететін құрылғыны «ЖАРАМСЫЗ» деп белгілеп, қолданыстан шығару керек. Қосалқы
бөлшектерді ауыстыру сияқты түзету (тазалаудан басқа) және жөндеу жұмыстарын MSA зауыты орындауы керек. Өз бетіңізше жөндеуге әрекеттенбеңіз.
Өнімді салқын, құрғақ, таза және күн түспейтін жерде сақтаңыз. Ыстық, ылғал, жарық, мұнай өнімдері және химикаттар немесе олардың булары не басқа
да тоздырғыш нәрселері бар аймақтардан аулақ жерде ұстаңыз. Зақымданған немесе техникалық қызметті қажет ететін құрылғыны жарамды құрылғы
тұрған жерде сақтамаңыз.
Қатты кірлеген, ылғалданған немесе басқаша түрде ластанған құрылғыны сақтамас бұрын оған дұрыс техникалық күтім (мысалы, кептіру және
тазалау) көрсетілуі керек. Біраз уақыт бойы сақталған құрылғыны пайдаланбас бұрын, білікті маман ресми тексеру әрекетін орындауы керек. Осы
өнім тасымалдаған кезде оны кесіктерден, ылғалдан, химикаттардан және олардың буларынан, экстремалды температуралардан және ультракүлгін
сәуледен қорғау үшін өзінің орамына салып жүріңіз. Сақтандырушы баулы белдікті майламаңыз.
page 56
ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ САҚТАУ
ҚАЗАҚША
© 2015 MSA

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gravity light suspension

Tabla de contenido