3M DBI SALA ROLLGLISS R550 Manual De Instrucciones página 291

Ocultar thumbs Ver también para DBI SALA ROLLGLISS R550:
Tabla de contenido

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 117
ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Осы құралдарға арналған құлаудан қорғау (FPFT) құрылғысын пайдалану алдында осы нұсқауларда қамтылған қауіпсіздік туралы
барлық ақпаратты оқып шығыңыз, түсініңіз және орындаңыз. МҰНЫ ОРЫНДАМАУ ҚАТЕРЛІ ЖАРАҚАТТАНУҒА НЕМЕСЕ ӨЛІМГЕ
ӘКЕЛУІ МҮМКІН.
Осы нұсқаулар осы жабдықтың пайдаланушысына берілуі керек. Осы нұсқауларды алдағы уақытта пайдалану үшін сақтаңыз.
Пайдалану мақсаты
Бұл құрылғы жұмысшыларды дене жарақатын алуға, жабдықтың зақымдалуына және құралдардың жоғалып қалуына алып келуі мүмкін барлық
қауіптерден қорғауға арналған. Биік жерде орналасқан жабдықтармен жұмыс істеген кезде, құралдарға арналған құлаудан қорғау (FPFT)
құрылғысын пайдаланыңыз. Биік жерде бекітілмеген құралдармен жұмыс істеген кезде, қандай бар бір нысанның төменде орналасқан адамға
немесе затқа құлап кету қаупі болады.
Көңіл көтерумен немесе спортпен байланысты шараларды немесе өнім нұсқауында сипатталмаған басқа әрекеттерді қоса алғанда, бірақ тек олармен
ғана шектелмей, кез келген басқа мақсатта қолдануды 3M компаниясы мақұлдамаған және бұл ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Бұл құрылғыны жұмыс орнында тек оқытылған пайдаланушылар ғана қолдануы керек.
!
ЕСКЕРТУ
Құралдарға арналған құлаудан қорғау өнімдері жұмыс орнындағы құлаудан қорғау жоспарының бір бөлігі болып табылады. Пайдаланушылардың
барлығынан осы өнімдерді қауіпсіз орнату және пайдалану әдістерін үйреніп алуы күтіледі. Бұл құрылғыны дұрыс пайдаланбау ауыр
жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін. Дұрыс таңдау, пайдалану, орнату және техникалық қызмет көрсету туралы ақпаратты осы
пайдаланушы нұсқауларынан және барлық өндіруші нұсқауларынан қараңыз, жетекшіге немесе 3M техникалық қызмет көрсету бөліміне
жүгініңіз.
Алдын алмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін биік жерде құралдармен жұмыс істеуге қатысты
қауіптерді азайту:
-
салмағы 5 фунттан (2,26 кг) көп құралдармен жұмыс істегенде, оларды FPFT пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес рұқсат етілмейінше
денеңізге жақындатпаңыз;
-
FPFT өнімдерін жеке басқа арналған құлаудан қорғау немесе бекемдеу жүйесінің бір бөлігі ретінде пайдаланбаңыз;
-
FPFT жүйесінің кез келген компоненттерін пайдаланғанда, рұқсат етілетін жүктемеден асырмаңыз;
-
әр қолданыс алдында FPFT өнімін тексеру нұсқауларына сәйкес тексеріп шығыңыз;
-
құлаудан қорғау жүйесі арқылы қорғалған кез келген FPFT өнімін пайдалануды жалғастырмас бұрын, оның зақымдалған жерінің бар-
жоқтығын тексеру қажет;
-
FPFT өніміне ешқашан өзгеріс енгізбеңіз;
-
жалғанған құралға немсе өнімге ешқашан өзгеріс енгізбеңіз. Өзгеріс енгізетін болсаңыз, өндіруші ұсынысынан немесе өнімнің
сипаттамасынан ауытқу жағдайына алып келуі мүмкін;
-
FPFT белбеулерін немесе тіркеу тетіктерін қиғаш (конустық) жерге бекітпеңіз;
-
құралдардың тіркесетін жерлерін орнатқанда, FPFT өнімі кенеттен ажырап кететіндей етіп, бекітпеңіз;
-
FPFT құралының бауын қатты тартып немесе түйіндеп байламаңыз. Тек пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген бекіту әдістерін ғана
пайдаланыңыз;
-
FPFT өнімінің ұзындығын бірнеше бауларды, ұзартқыштарды немесе арқандарды жалғау арқылы ұзартпаңыз;
-
егер өнім қауіпсіз жұмыс істеу күйінде болмаса немесе жеке басқа арналған кез келген құлап кетуден қорғайтын өнімнің немесе жүйенің
жұмысына кедергі келтіретін болса, оны пайдаланбаңыз;
-
FPFT құралының бауы барлық кедергілерден бос болуы керек, атап айтқанда (бірақ тек олармен ғана шектелмей) басқа жұмысшыларға,
сізге және айналасындағы нысандарға байланып, шырмалып қалмауы тиіс;
-
FPFT компоненттерін жиегі тегіс емес немесе өткір жерлерге бекітпеңіз;
-
егер FPFT өнімі қауіпсіз жұмыс істеу күйінде болмаса немесе жалғанған құралдың немесе жабдықтың жұмысына кедергі келтіретін болса,
оны пайдаланбаңыз;
-
қозғалатын механизмдердің (мысалы, бұрғылау мұнараларының жоғарғы жетегі), электр қауіптердің, шекті температуралардың,
химиялық заттардың, жарылғыш немесе уытты газдардың, тегіс емес немесе өткір жиектердің, пайдаланушыны немесе жабдықты
зақымдауы мүмкін төбедегі материалдардың айналасында жұмыс істегенде қосымша сақтық шараларын қолданыңыз;
-
кейбір қосалқы жүйе мен компонент бірлестіктері осы FPFT өнімінің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Тек үйлесімді қосылымдарды
пайдаланыңыз. Осы FPFT өнімін пайдаланушы нұсқауларында сипатталғаннан өзгеше компоненттермен немесе қосалқы жүйелермен
бірге пайдаланудан бұрын 3M компаниясымен кеңесіңіз;
-
барлық жалғанған құралдар және жабдық (соның ішінде жалғанатын тетіктер) FPFT құрылғыларымен пайдалануға үйлесімді болуы керек
және өндіруші ұсынған нұсқауларға сәйкес тексеріліп, реттелген болуы тиіс;
-
құралдың құлау аралығы жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз; құралдың құлау/теңселу жолы сізге, басқа жұмысшыларға немесе кез келген
айналасында орналасқан жабдыққа немесе материалдарға қауіп төндірмеуі қажет;
-
FPFT өнімін/жүйесін орнатқанда, пайдаланғанда немесе тексергенде, әрдайым тиісті жеке қорғау жабдығын киіңіз;
-
FPFT термошөгімді жабдығын қолданғанда тікелей жалыны бар құралды пайдаланбаңыз. Тек термофенді ғана пайдаланыңыз;
(ҮРЛЕМЕЛІ СӨМКЕЛЕР МЕН ҚАУІПСІЗ СЕБЕТТЕР ҮШІН.) Кранға немесе басқа да көтеру құрылғыларына бекітер кезде, ешқандай дене мүшесінің, киімнің немесе жабдықтың
ілініп қалмағанына көз жеткізіңіз;
-
осы нұсқаулықта көрсетілген барлық процедуралар тек FPFT өнімдеріне арналған;
-
құралдар құлаған жағдайлар туралы өзіңіздің жетекшіңізге немесе қауіпсіздік жөніндегі координаторға хабарлаңыз.
ҮЛГІ №: 5908252 НҰСҚА: A
291
KK

Publicidad

Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido