5.
қауіпсіз жерге түсу. Төмен түсу процесін бастау үшін сақтандыру арқанының бос ұшын босатыңыз. Төмен
түсу жылдамдығы центрден тепкіш тежегіші арқылы 1-кестеде («R550 құтқару жүйесі — төмен түсу бойынша
талаптар»)R550 құтқару жүйесі сипатталған деңгейге автоматты түрде реттеледі. Төмен түсу процесін
сақтандыру арқанының бос ұшын мықтап ұстау арқылы кідіртуге болады (15-суретті қараңыз). Жерге түсуге
дайындалу үшін аяқтарыңызды бүгіңіз. Жерге түскен соң, сақтандыру арқанын дене тірегінен ажыратыңыз.
Барлық төмен түсу әрекеттерін төмен түсу бойынша тіркеу журналына жазып қойыңыз (3-кесте).
;
R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысы пайдалану кезінде қызып кетуі мүмкін. Сондықтан
пайдаланушы төмен түсу процесін басқаруға пайдаланылатын бөлшектерден басқа бөлшектерді ұстаса
жарақат алуы мүмкін. Көрсетілген жүктеме және төмен түсу ұзындығы шектерінен тыс пайдаланған
жағдайда, төмен түсу жібін зақымдауы мүмкін шамадан тыс қызу пайда болады.
БіР УАқЫттА құтқАРУ ЖӘНе АПАттЫқ ЖеРДеН КетУ: 15.2 суретін қараңыз. Құлап кеткен зардап шегушіге
көмек қажет жағдайларда, бір уақытта құтқару және апаттық жерден кету құтқарушыға төмен түсу барысында
зардап шегушіні сүйемелдеуге мүмкіндік береді:
;
Екі адам R550 мұнай және газ саласындағы құтқару жүйесі құрылғысымен төмен түскенде, жалпы салмақ
(оның ішінде құралдар, киімдер, дене тірегі, т. б.) 282 кг-нан, ал төмен түсу қашықтығы 200 м-ден аспауы керек.
Зардап шегушіге қарай түсу. Құлап кеткен зардап шегуші өзіндегі құлаудан қорғайтын қосалқы жүйе арқылы
1.
ілініп тұрған жағдайларда, құтқарушыға зардап шегуші орналасқан жерге көмек беру мақсатында түсу қажет
болады. 4.2 бөліміндегі («Бір адамның біреудің көмегінсіз апаттық жерден кетуі») қадамдар бойынша зардап
шегушіге түсіңіз.
;
Зардап шегушінің орнына жеткен жағдайда, төмен түсу процесін арқанның бос ұшын мықтап ұстап тұру
арқылы кідіртуге болады. (16-суретті қараңыз.) Егер R550 құтқару жүйесі құрылғысында қосалқы құтқарушы
болса, негізгі құтқарушы зардап шегушіні бекітіп жатқанда кездейсоқ құлап кетуге жол бермеу үшін арқанның
бос ұшын икемді өткізгіш арқылы өткізіп, содан кейін жұдырықшалы тоқтатқыштарға бекітуге болады.
2.
Зардап шегушіні R550 құтқару жүйесі құРЫЛҒЫСЫНА ЖАЛҒАУ: құтқару бауын (RL) (немесе ұқсас
жабдық) құтқарушының толық сақтандыру белдігінің алдыңғы жартылай сақинасына (RD) және зардап
шегушінің толық сақтандыру белдігіндегі артқы жартылай сақинаға (С) жалғанған сақтандыру арқанының ілмек-
карабинінің арасына жалғаңыз.
;
Сақтандыру белдігін осы жабдықпен пайдалануға болмайды. Сақтандыру белдіктері тұтас денеңізді
ұстап тұра алмайды, нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
3.
Зардап шегушінің құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесін ажыратыңыз. Зардап шегушінің
R550 құтқару жүйесі құрылғысына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіп, содан кейін зардап шегушіні төмен түсуге
босату үшін құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесін (ілмек бау, т. б.) ажыратыңыз.
;
Егер R550 құтқару жүйесі құрылғысында қосалқы құтқарушы болса, құлаудан қорғайтын қосалқы жүйесін
ажыратып алу мақсатында зардап шегушіні сәл көтеру үшін құтқару үлестіргіш торабын пайдалануға болады.
4.
қауіпсіз жерге түсу. Төмен түсу процесін бастау үшін сақтандыру арқанының бос ұшын босатыңыз. Төмен түсу
жылдамдығы R550 құтқару жүйесінің центрден тепкіш тежегіші арқылы 1-кестеде («R550 құтқару жүйесі — төмен
түсу бойынша талаптар») сипатталған деңгейге автоматты түрде реттеледі. Төмен түсу процесін сақтандыру
арқанының бос ұшын мықтап ұстау арқылы кідіртуге болады (16-суретті қараңыз). Жерге түсуге дайындалу үшін
аяқтарыңызды бүгіңіз. Жерге түскен соң, сақтандыру арқанын дене тірегінен ажыратыңыз. Барлық төмен түсу
әрекеттерін төмен түсу бойынша тіркеу журналына жазып қойыңыз (3-кесте).
;
R550 құтқару және апаттық жерден кету құрылғысы пайдалану кезінде қызып кетуі мүмкін. Сондықтан
пайдаланушы төмен түсу процесін басқаруға пайдаланылатын бөлшектерден басқа бөлшектерді ұстаса
жарақат алуы мүмкін. Көрсетілген жүктеме және төмен түсу ұзындығы шектерінен тыс пайдаланған
жағдайда, төмен түсу жібін зақымдауы мүмкін шамадан тыс қызу пайда болады.
4.2
НұСқАУЛЫқ КАРтАЛАРЫ. R550 құтқару жүйесі құрылғысы суреттер арқылы R550 құтқару жүйесі түрлі
бөлшектерін пайдалану жолы бойынша пайдаланушыға нұсқаулар берілген бірқатар нұсқаулық карталарымен
жабдықталған. Иыққаптағы осы нұсқаулық карталарының орналасқан жерлерін 23-суреттен қараңыз. Әрбір
нұсқаулық картасының суретін 24-суреттен қараңыз. Әр нұсқаулық картасында төмендегідей ақпарат беріледі:
Анкерлік белбеулерді (3620007 және 3620008) орнату — 17-суретті қараңыз.
1
Тоқылған құтқару ұстағышын (5000032) орнату — 20-суретті қараңыз.
2
Құтқару кабельдік ұстағышын (5000028) орнату — 18-суретті қараңыз.
3
Жиек қорғанысын (3320046) орнату — 21-суретті қараңыз.
4
Микро-тегершікті (9514753) орнату — 22-суретті қараңыз.
5
Төмен түсу әрекеттерін тіркеу журналы
6
Құралдың сақтандыру арқандары (x2), микро-тегершік және жиек қорғанысың орны
7
Құтқару белбеулері (3620007 және 3620008, x2 әрқайсысы) және карабиндердің (2000112, x4) орны
8
Құралдың сақтандыру арқандары (x2), арқан ұстағышы және құтқару кабельдік ұстағышының орны
9
300