Descargar Imprimir esta página

Grundfos SE1 50 Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 784

Ocultar thumbs Ver también para SE1 50:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 173
Əрбір сораппен бірге жеткізілетін қосымша зауыттық
тақтайша сорап орнатылатын жерде бекітілуі тиіс немесе осы
кітапшаның мұқабасында сақталуы тиіс.
Орнату орнында бүкіл қауіпсіздік ережелерін сақтау керек,
мысалы, шұңқырға таза ауаны қамтамасыз ету үшін
желдеткіштерді пайдалану.
Орнату алдында камерасындағы май деңгейін тексеру қажет.
10. Техникалық қызмет көрсету жəне қызмет көрсету
бөлімін қараңыз.
Назар аударыңыз
Егер сорапқа қуат көзі қосылған болса, оның
сақтандырғышын алып тастап немесе ток көзінен
ажыратып өшіріп тастағанша соратын
саңылауына немесе қысым құбырына қолыңызды
немесе құралдарды салмаңыз. Қуат көзінің
кездейсоқ қосылмауын қамтамасыз ету керек.
Дұрыс емес орнатуға байланысты ақаулықтарды
Сақтан
болдырмау үшін əрқашан Grundfos компанисының
керек -жарақтарын пайдалану ұсынылады.
Назар аударыңыз
Сорапты көтерген кезде тасымалдау тұтқасын
ғана пайдалану керек. Сорап жұмыс істеп жатқан
кезде, оны ұстамаңыз.
SE1, SEV сораптары 7.1,
7.2
сипатталған əр түрлі орнату түрлері үшін жарамды.
Барлық сорап корпустарында EN 1092-2 стандартына сай
PN 10 шойын айдама фланеці, DN 65, DN 80, DN 100 немесе
DN 150 өлшемі бар.
Сораптар суға батырылған жəне құрғақ орнату
Ескерту
екеуі үшін де үздіксіз жұмыс істеуге арналған.
13. Техникалық деректер
бөлімін қараңыз.
Орнату түрлері
SЕ1, SЕV сораптары екі орнату түріне арналған:
Суға батырып орнату
- автоматты муфтада
- сақиналық табанда бөлек тұратын.
Құрғақ орнату
- табанда тігінен
- көлденең, цемент еденге немесе іргетасқа кронштейндер
бекітілген.
Табанда немесе кронштейндерде орнатылғанда, сорап
шұңқырдың сыртында орнатылуы тиіс. Сору құбырын сорапқа
қосу керек.
Əр орнату түрінің өлшемдік сызбасын осы кітапшаның
соңында табуға болады.
7.1 Суға батырылған күйде автоматты муфтада
орнату
Стационарлық сорапты қозғалмайтын автоматты муфта
бағыттағыш жүйесінде орнатуға болады. Автоматты муфтасы
бар бұл жүйе сорапқа техникалық қызмет көрсетуді жəне
қызмет көрсетуді жеңілдетеді, себебі оны шұңқырдан оңай
көтеруге болады.
Назар аударыңыз
Орнату процедураларын бастамай тұрып
шұңқырдағы атмосферада жарылыс қаупі жоқ
екеніне көз жеткізіңіз.
Құбырлар қажет емес күш салуды пайдаланбай
орнатылуын қадағалаңыз. Сорапқа құбырлардың
салмағы жүк түсірмеуі керек. Орнату жеңілдету
Сақтан
үшін жəне құбырдан фланецтер мен
бұрандаларға жүк түспеуі үшін бос фланецтерді
пайдалану ұсынылады.
Құбырда резеңке бөлшектерді немесе
сильфондарды пайдалануға болмайды; бұл
Сақтан
бөлшектер құбырларды туралау үшін ешқашан
пайдаланылмауы керек.
Келесі əрекеттерді орындаңыз:
784
жəне
7.3
бөлімдерінде
1. Шұңқырдың ішінде бағыттағыш кронштейн үшін орнату
тесіктерін бұрғылаңыз жəне бағыттағыш кронштейнді
алдын ала екі винтпен бекітіңіз.
2. Автоматты муфтаның төменгі бөлігін шұңқырдың түбіне
орнатыңыз. Дұрыс орналастыру үшін тіктеуішті
пайдаланыңыз. Қатайтатын болттардың көмегімен
автоматты муфтаны бекітіңіз. Егер шұңқыр түбі тегіс
болмаса, автоматты муфтаның төменгі бөлігіне тіреулерді
болттарды тартқанда ол көлденең күйде қалатындай етіп
орнатыңыз.
3. Құбырларда деформация жəне керіліс пайда болмауы
үшін бекітілген белгілі жинау процедураларды қолдана
отырып, қысым құбырын орнатуды орындау керек.
4. Бағыттағыштарды автоматты муфтаға орнатыңыз жəне
олардың ұзындығын шұңқырдың жоғарғы бөлігіндегі
бағыттағыш кронштейн бойынша дұрыстаңыз.
5. Уақытша бекітілген бағыттағыш кронштейнді босатыңыз.
Жоғарғы бағыттағыш кронштейінді бағыттағыштарға
салыңыз. Шұңқырдың ішіне бағыттағыш кронштейнін
бекітіңіз.
Бағыттағыштардың осінде люфті болмауы керек,
Ескерту
əйтпесе сораптың жұмысы кезінде шу пайда
болады.
6. Сорапты шұңқырға түсіру алдында шұңқырдан қоқысты
тазартыңыз.
7. Бағыттағыш ілгегін сорапқа бекітіңіз.
8. Сораптың бағыттағыш тісін бағыттағыштардың арасына
сырғытыңыз, содан кейін сораптың тасымалдайтын
тұтқасына жалғанған шынжырмен оны шұңқырға түсіріңіз.
Сорап автоматты муфтаның төменгі жағына жеткенде
муфтамен автоматты түрде тығыз жалғанады.
9. Шынжырды шұңқыр үстіндегі арнайы ілгекке іліңіз.
Шынжырдың сорап корпусына тимеуін қадағалаңыз.
10. Пайдалану кезінде кабель зақымдалмауы үшін түсіретін
құрылғыға бұрау арқылы қозғалтқышы кабелінің
ұзындығын реттеңіз. Жүктемені түсіру фитингін
шұңқырдың жоғарғы жағындағы қолайлы ілгекке бекітіңіз.
Кабельдің қатты майыспауын немесе қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
11. Қозғалтқыш кабелін жалғаңыз.
Кабельдің бос ұшын суға түсіруге тыйым
Ескерту
салынған, себебі мұндай жағдайда су кабель
арқылы қозғалтқышқа өтіп кетуі мүмкін.
3. сур. Автоматты муфтадағы суға батырылған сорап

Publicidad

loading