Descargar Imprimir esta página

Grundfos SE1 50 Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 791

Ocultar thumbs Ver también para SE1 50:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 173
8.4 Жылу релесі, PT 1000 жəне термистор (РТС)
Барлық SE1 жəне SEV сораптарында статор орамдарына
ендірілген жылу қорғанышы бар.
Датчиксіз сораптар
Датчиксіз сораптарда жылу релесі немесе PTC термисторы
болады.
Сорап контроллерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету тізбегі
арқылы жылу релесі тым жоғары температура (шамамен
150 °C) жағдайында тізбекті ажырату арқылы сорапты
тоқтатады. Салқындағаннан кейін жылу релесі тізбекті
қайтадан тұйықтайды. PTC термисторымен жабдықталған
сораптарда тізбекті 150 °C температурасында ажырату үшін
термисторды PTC релесіне немесе кіріс/шығыс модуліне
жалғаңыз.
Жылу релесінің ең жоғары жұмыс тогы - 0,5 A, 500 В
айнымалы ток жəне сos φ 0,6. Реле электр тізбегіндегі
катушканы ажырата алатын болуы тиіс.
Датчигі бар сораптар
Датчигі бар сораптарда орнату орнына байланысты жылу
релесі жəне Pt1000 датчигі немесе PTC термисторы болады.
Сорап контроллерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету тізбегі
арқылы жылу релесі немесе термистор тым жоғары
температура (шамамен 150 °C) жағдайында тізбекті ажырату
арқылы сорапты тоқтатады. Салқындағаннан кейін жылу
релесі электр тізбегін қайтадан тұйықтайды.
Pt1000 жəне термистор екеуінің де ең жоғары жұмыс тогы
1 мA, 24 В тұрақты токты құрайды.
Жарылыстан қорғалмаған сораптар
Салқындаудан кейін тізбек тұйықталғанда, термосөндіргіш
контроллер арқылы сорапты автоматты түрде қайта іске қоса
алады. Австралияда/Жаңа Зеландияда қуаты 4 кВт жəне одан
жоғары сораптар PTC термисторымен жабдықталады.
Жарылыстан қорғалған сораптар
Назар аударыңыз
Жарылыстан қорғалған сораптарда
термосөндіргіш сорапты автоматты түрде қайта
іске қоспауы керек. Бұл жарылыс қаупі бар
жерлерде тым жоғары температурадан
қорғанышты қамтамасыз етеді. Датчигі бар
сораптарда бұл IO 111 модульдерінде R1жəне R2
клеммаларының арасындағы қысқа тұйықталуды
ажырату арқылы жүзеге асырылады. IO 111
пайдалану жəне орнату нұсқаулығындағы «Электр
туралы деректер» бөлімін қараңыз.
Назар аударыңыз
Бөлек қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргішін/
басқару блогын жарылыс қаупі бар жерлерде
орнатпау керек.
8.5 WIO датчигі
WIO датчигі майдағы су концентрациясын өлшейді жəне
өлшенген мəнді токтың аналогты сигналына түрлендіреді.
Екі датчик өткізгіші қуатпен қамтамасыз етуге, сонымен бірге,
IO 111 модуліне сигналды жеткізуге арналған.
Датчик судың 0-ден 20 %-ға дейінгі концентрациясын
өлшейді. Сондай-ақ, ол су құрамы құалыпты ауқымнан тыс
болса (Ескерту) немесе май камерасында ауа болса (дабыл)
сигнал жібереді. Датчик механикалық жолмен қорғау үшін тот
баспайтын болаттан жасалған қорғаныш құбырдың ішінде
орналасқан.
13. сур. WIO датчигі
8.5.1 WIO датчигін орналастыру
Бұл датчик білік тығыздағышының саңылауларының біреуінің
қасына орнатылуы керек.
13
Датчикке майдың баруын қамтамасыз ету үшін ол
қозғалтқыштың айналу бағытымен еңкейтіп орнатылуы тиіс.
Датчиктің майға батырылғандығына көз жеткізіңіз.
8.5.2 Техникалық деректер
Кіріс Кернеу:
Шығыс Ток:
Қуат Кірісі:
Қоршаған Орта Температурасы:
Сондай-ақ, IO 111 датчигін орнату жəне пайдалану туралы
нұсқауларды www.grundfos.com сайтынан қараңыз.
8.6 Ылғал релесі
Ылғал релесі қозғалтқыштың төменгі бөлігінде орналасады.
Қозғалтқышта ылғал болса, датчик тізбекті үзеді жəне IO 111
модуліне сигнал жібереді.
Ылғал релесі кері емес жəне пайдаланудан кейін оны
ауыстыру керек.
Ылғал релесі біртіндеп термосөндіргішке жəне сигнал
кабеліне қосылады, содан кейін сораптың бөлек басқару
блогының қорғаныш тізбегіне жалғасуы керек.
қосылым
бөлімін қараңыз.
Басқару блогындағы қозғалтқыштың қорғаныш
сөндіргішінің құрамында сораптың қорғағыш
Сақтан
тізбегі ашылған жағдайда қуат көзін автоматты
түрде ажырататын тізбек болуы керек.
суретін қараңыз.
12-24 В, тұрақты ток
3,5 - 22 мА
0,6 Вт
0-70 °C
8. Электр
791

Publicidad

loading