Descargar Imprimir esta página

Grundfos SE1 50 Instrucciones De Instalación Y Funcionamiento página 787

Ocultar thumbs Ver también para SE1 50:

Publicidad

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 173
8. Электр қосылым
Назар аударыңыз
Сорапты түйіспелер бөлінгенде бүкіл полюстердің
ажыратылуын қамтамасыз ететін сыртқы желілік
ажыратқышқа қосыңыз. Бұл мына стандартқа сай:
EN 60204-1, 5.3.2.
Желілік ажыратқышты 0 күйіне ауыстыруға
мүмкіндік болу керек. Шарттар мен түрлер EN
60204-1, 5.3.2. стандартына сəйкес.
Электрге қосуды жергілікті ережелер мен
шарттарды сақтай отырып жасау керек.
Назар аударыңыз
Сораптар басқару блогына IEC қосылу сыныбы 10
немесе 15 қозғалтқыштың қорғаныс релесімен
жалғануы керек.
Назар аударыңыз
Қауіпті орындарға арналған сораптарды басқару
блогына IEC қосылу дəрежесі 10 қозғалтқыштың
қорғау релесімен жалғануы керек.
Назар аударыңыз
Grundfos басқару блоктарын, сорап
контроллерлерін, Ex кедергілерін жəне қуат
кабелінің бос ұшын жарылыс қаупі бар жерлерде
орнатпаңыз.
Орнатым орнының сыныптамасын əр жеке
жағдайда жергілікті өрт сөндіру органы бекітуі
керек.
Жарылыстан қорғалған сораптарда сыртқы жерге
қосу өткізгіші берік кабель қысқышын пайдаланып
сораптағы сыртқы жерге қосу ұяшығына қосу
керек. Сыртқы жерге қослым бетін тазалаңыз
жəне кабель қысқышын орнатыңыз.
Жерге қосу өткізгішінің көлденең қимасы кемінде
2
4 мм
болуы керек, мысалы, H07 V2-K (PVT 90 °)
түрі, сары/жасыл.
Жерге қосылым коррозиядан қорғалғанын
тексеріңіз.
Қорғаныс құрылғысының дұрыс қосылуын
қамтамасыз ету қажет.
Жарылыс қаупі болуы мүмкін жерлерде
қолданылатын қалтқылы сөндіргіштер үшін
сондай жағдайларда пайдалануға рұқсат қажет.
Қауіпсіз тізбекті қамтамасыз ету үшін оларды
Grundfos LC, LCD 108 немесе DС, DCD сорап
контроллеріне LC-Ex4 ұшқын қаупі жоқ электр
схемасы арқылы қосылуы тиіс.
Назар аударыңыз
қуат кабелі зақымдалса, оны өндіруші, оның
сервистік қызметінің агенті немесе сол сияқты
білікті адамдар ауыстыруы керек.
Қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргішін сораптың
номиналды тогының мəніне орнатыңыз.
Сақтан
Номиналды ток сораптың зауыттық
тақтайшасында көрсетілген.
Егер зауыттық тақтайшада Ех таңбасы болса,
Сақтан
сорапты осы кітапшада берілген нұсқауларға
сəйкес орнатыңыз.
Желілік кернеу жəне жиілік мəндері сораптың зауыттық
тақтайшасында көрсетілген. Кернеудің рұқсатты ауытқуы
номиналды кернеудің - 10 %/+ 6 % шегінде болуы керек.
Қозғалтқыш орнату орнында қол жетімді қуат көзіне сəйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Барлық сораптар бос ұшы бар ұзындығы 10 м желілік
кабельмен бірге жеткізіледі,тек қана Австралияға арналған
сораптар 15 м кабельмен жеткізіледі.
Датчигі жоқ сораптарды мына екі контроллер түрінің
біреуіне жалғау керек:
қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргіші бар басқару блогы,
мысалы, Grundfos фирмасының CU 100 басқару блогы
Grundfos LC, LCD 107, LC, LCD 108, LC, LCD 110 немесе
DC, DCD сорап контроллері.
Датчигі бар сораптарды Grundfos IO 111 түрлендіргіш
модуліне жəне мына екі контроллер түрінің біреуіне жалғау
керек:
қозғалтқыштың қорғағыш сөндіргіші бар басқару блогы,
мысалы, Grundfos фирмасының CU 100 басқару блогы
Grundfos сорғысының LC/D 107, LC/D 108, LC,LCD 110
немесе DC,DCD басқару модуліне.
Назар аударыңыз
Сорапты орнатпастан жəне іске қоспастан бұрын
қысқа тұйықталуға жол бермеу үшін кабельді
қарап тексеріп шығыңыз.
WIO датчигі бар сораптар
WIO датчигімен жабдықталған сораптарды қауіпсіз орнату
жəне пайдалану үшін қуат контакторі жəне сорап арасында
RC сүзгісін орнату ұсынылады.
Егер RC сүзгісі орнатудағы кез келген кенет
кернеу өзгерістерінің түрін болдырмау үшін
Сақтан
орнатылса, RC сүзгісін қуат контакторы мен сорап
арасында орнату керек.
Қуатпен қамту жүйесінде кенет кернеу өзгерістері болған
жағдайда келесі нəрселер мəселелер тудыруы мүмкін екенін
ескеріңіз:
Қозғалтқыш қуаты:
– Қозғалтқыш неғұрлым үлкен болса, кенет кернеу
өзгерістері соғұрлым жоғарырақ болады.
Қозғалтқыш кабелінің үзындығы:
– Қуат жəне сигнал өткізгіштері бір біріне жақын,
параллель өтетін жерде, кабель ұзындығына сай қуат
жəне сигнал өткізгіштері арасында кедергі тудыратын
кенет кернеу өзгерістерінің қаупі артады.
Коммутатордың орналасуы:
– Қуат жəне сигнал өткізгіштерін физикалық түрде бір
бірінен мүмкіндігінше алыс орналастыру керек.
Жақын орнату кенет кернеу өзгерістері болғанда кедергі
тудырады.
Қуат желісінің "қаттылығы":
– Егер трансформатор орнату орнына жақын орналасқан
болса, қуат желісі "қатты" болуы мүмкін жəне кенет
кернеу өзгерістерінің деңгейі жоғарырақ болады.
Егер жоғарыдағыларыдң тіркесімі бар болса, кенет кернеу
өзгерістерінен қорғау үшін WIO датчиктері бар сораптар үшін
RC сүзгілерін орнату қажет болуы мүмкін.
Жұмсақ стартерлер пайдаланылса, кенет кернеу өзгерістерін
толығымен жоюға болады. Бірақ бізге жұмсақ стартерлерде
жəне жылдамдығы айнымалы жетектерде ескеру керек басқа
ЭМҮ қатысты мəселелер бар екені белгілі. Қосымша ақпарат
алу үшін
8.9 Жиілік түрлендіргішімен пайдалану режимі
бөлімін қараңыз.
Cымдардың схемалары
7 тармақты кабельдердің сымдар диаграммаларын
қараңыз немесе 10 тармақты кабельдердің сымдар
диаграммаларын
9-11
суреттерінен қараңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін таңдалған басқару блогының
немесе сорап контроллерінің орнату жəне пайдалану
нұсқаулықтарын қараңыз.
8
суреттен
787

Publicidad

loading